Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
“Кітап жетістікке жетелейді” жобасы
22-11-2022 19:17
“Кітап жетістікке жетелейді” жобасы
“Оқуға құштар мектеп” республикалық жобасы аясында гимназиямызда “Кітап жетістікке жетелейді” жобасы жүзеге асырылуда. Мақсаты: белгілі, танымал тұлғалардың жетістікке жетіп, парасаттылық шыңына жетуге ықпал еткен туындылармен бөлісуі. Алғашқы қонағымыз гимназияның тұңғыш директоры Сламбекова Рымкеш Хамитовна. Бұндай кездесулер балалардың оқуға құштарлығын арттырады деп сенеміз.
“Бала құқығы-адам құқығы” онкүндігі
21-11-2022 19:40
“Бала құқығы-адам құқығы” онкүндігі
“Бала құқығы-адам құқығы” онкүндігі жоспарына сәйкес жоғары сыныптарда “ҚҰҚЫҒЫМ БАР” танымдық-құқықтық ойыны өткізілді. Ұйымдастырған құқық пәні мұғалімі І.Н.Идрисова. “Бала құқығы-адам құқығы” науқаны кезіндегі “Құқығым бар” танымдық ойыны 9 сыныптармен ұйымдастырылды.
Шет тілдер апталығы өтті
20-11-2022 19:17
Шет тілдер апталығы өтті
14-18 қараша аралығында Шет тілдер апталығы өтті. Апталық аясында түрлі қызықты шаралар, радиохабарлар, сайыстар, пікірталас жоспарланып, өткізілді. 5 сыныптар арасында “Ертегілер жолымен «QUEST» ойыны ұйымдастырылды. 6-сыныптар арасында орыс тілінде "По следам литературных героев" атты quest өтті. Оқушылар түрлі орталықтарға маршрут қағазымен жүре отырып, түрлі тапсырмалар орындап, жасырылған сыйларды іздеді.
“Family Day” жобасы
19-11-2022 20:24
“Family Day” жобасы
Отбасылық құндылықтар мен сабақтастықты нығайту мақсатында гимназияда “Family Day” жобасы ұйымдастырылды. Жобаға 5 сынып оқушылары аналарымен қатысып, отбасылық дәстүрлі тағамдар әзірлеу мәзірімен бөлісті. Сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен ұлттық тағамдар жайында түрлі сұрақтарға жауап беріп, ой жарыстырды. Қатысушылар дипломмен және шағын сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысқан ата-аналарға, сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз.
«Жыл оқушысы» облыстық сайысы
19-11-2022 18:10
«Жыл оқушысы» облыстық сайысы
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығы 2022 жылғы 16-18 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында ұйымдастырған «Жыл оқушысы» республикалық сайысының облыстық кезеңін өткізді. Қорытындысы бойынша: Каиржанова Аида -2 орын (10-сынып); Ермекова Жулдыз - 2 орын (6-сынып). Ұстаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз.
Көптілділік олимпиадасындағы жеңіс!
18-11-2022 20:33
Көптілділік олимпиадасындағы жеңіс!
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров Университетімен бірлесе отырып 2022 жылғы 18 қарашада 9-11 сынып оқушылар арасында облыстық көптілділік олимпиадасын өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша: 10-сынып оқушысы Амангелді Нұрәділ - 3 орын; 11-сынып үшін қатысқан Саду Дария - 3орын. Жетекшілер мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні
16-11-2022 18:14
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Осы атаулы күнге орай 6 сынып оқушыларымен “Қант диабеті және балалар” тақырыбында танымдық-ақпараттық шара ұйымдастырылды. Балаларға қант диабеті дерті туралы, оның белгілері мен алдын алу жолдары, сондай-ақ дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайлы ақпарат айтылды. Оқушылар топтық жұмыста пайдалы әрі зиянды тағамдарды топтап, тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді.
Тұмаудың алдын алу
15-11-2022 15:05
Тұмаудың алдын алу
Оқушылардың СӨС-ке дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында Ақсу қалалық емханасы, жастар денсаулығы орталығы мамандары жоғары сынып оқушыларымен дәріс сабағын өткізді. Кездесу барысында “Тұмаудың алдын алу” “ ұлдар мен қыздар достығы”тақырыбында дәріс оқылып, бейне көрсетілді, орталықтың мақсат міндеттерімен таныстырып,психолог маман тренингтер пен танымдық ойындар өткізді. Жасөспірімдерді толғандыратын сауалдарға жауап беріп, жадынамалар таратылды.
Облыстық лингвистикалық олимпиадасының жүлдегерлері
11-11-2022 18:53
Облыстық лингвистикалық олимпиадасының жүлдегерлері
Облыстық лингвистикалық олимпиадасында гимназия оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, Амангелді Нұрәділ - 2 орын, жетекшісі Нургалиева Салтанат Еркиновна; Алимова Томирис - 3 орын, жетекшісі Сыздыкова Мадина Канапьяновна. Ұстаздар мен оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз!
Үш тілде білім беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыты
08-11-2022 18:13
Үш тілде білім беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыты
7 қараша күні гимназияда «Үш тілде білім беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыты» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Пед. кеңесте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Джамалбаева С.С. «ЖМБ цикл пәндерді ағылшын тілінде оқыту - заман талабы» тақырыбында баяндама жасады. Физика пәні мұғалімдері Қабылбекова А.С. мен Атик Б.В, информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т. іс-тәжірибелерімен бөлісті.
V "Менің Кіші Отаным" Республикалық зияткерлік конкурсының жүлдегерлері
07-11-2022 19:00
V
Тараз қаласында өткен V "Менің Кіші Отаным" Республикалық зияткерлік конкурсында гимназиямыздың оқушылары Каиржанова Аида 2 орын, Жиенхан Сая 3 орын иегері атанып, Алимова Томирис "Дарын" орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшілері Гүлжазира Қабдылкәрімқызы, Мұтан Мұратбек, Іңкәр Нышановнаны және жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!
Ақмаржан республикалық балалар оқуларында Алғыс хатпен марапатталды!
06-11-2022 18:11
Ақмаржан республикалық балалар оқуларында Алғыс хатпен марапатталды!
2022 жылдың 2-3 қараша күндері «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ- ның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Астана қаласы Әл- Фараби атындағы оқушылар сарайында Республикалық балалар оқулары өтті. Балалар оқуларының республикалық кезеңіне Ералиева Ақмаржан қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Райгуль Токановнаны және Ақмаржанды құттықтаймыз!