Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
"Ғасыр данасы" атты Қ.Сәтбаев апталығының ашылуы
16-12-2022 20:14
12-15 желтоқсан "Ғасыр данасы" атты Қ.Сәтбаев апталығы бастау алды. Бастауыш сынып оқушыларына гимназиямыздағы Сәтбаев бұрышы таныстырылып, танымдық шаралар өтті.
Терроризм туралы жалған ақпарат тарату туралы
15-12-2022 19:19
Терроризм туралы жалған ақпарат тарату туралы
Терроризм туралы жалған ақпарат тарату, сол әрекеті үшін жауапкершілікке тартылу туралы Ақсу қаласы полиция бөлімінің жедел уәкілі Э.Б.Сарсенбаева оқушылармен дәріс барысында түсіндіріп өтті. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін жаза ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында көзделген. Қылмыс үшін 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 15,9 миллион теңгеге дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар.
"Желтоқсан батырлары" атты танымдық шара
15-12-2022 18:53
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай гимназия кітапханасында "Желтоқсан батырлары" атты танымдық шара өтіп, деректі фильмдер көрсетілді.
Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларындағы жеңіс
13-12-2022 19:10
Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларындағы жеңіс
2022 жылғы 12 желтоқсанда 7-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «М. Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында Махсатхан Қымбат 2 орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Есенгожина Акмарал Еркеновна.
Университет олимпиадасындағы жеңіс
07-12-2022 20:39
Университет олимпиадасындағы жеңіс
Торайғыров университеті ұйымдастырған олимпиадада 11-сынып оқушысы, Алтын белгіге үміткер Баисова Әдемау биология пәнінен 1-орынды иеленіп, Ректор грантын жеңіп алды. Мұғалімі Оразова Гүлден Нурмахамбетовна мен Әдемауды шын жүректен құттықтаймыз! Сейтбаттал Данель орыс тілі пәнінен 2-орынды иеленіп, 50% жеңілдік беретін сертификатқа ие болды. Кульжайнат Бекежановна мен Данельді құттықтаймыз! Толағай табыстар тілейміз.
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
06-12-2022 21:05
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
2022 жылғы 30 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық зерттеу жобалар конкурсы өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлдегер атанды. Олар: Жалешева Айым, Нургалиева Медина, Амангелді Нұрәділ, Айткенов Адиль, Ақылжан Ерәлі, Лашимова Аяулым, Бериков Даниял, Советова Меруерт, Сайыпова Асем, Амангельды Ералхан, Кайыргалым Жансұлу, Мубаракова Данэля, Хасенов Аспандияр және Алимова Томирис.
Тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу маңыздылығы
03-12-2022 20:10
Тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу маңыздылығы
Республикалық акция аясында ата-аналармен “Тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу маңыздылығы” атты семинар-тренингі ұйымдастырылды. Кездесу барысында балаларға қатысты отбасылық зорлық-зомбылықтың себебі мен салдары, мәселені шешу жолдары сөз болды. Тәрбие жөніндегі директор орынбасары Г.Бакирбекова отбасындағы өзекті мәселелерге тоқсалса, Аксу полиция лейтенанты Р.Нурмакина осы мәселенің өңірдегі жағдайына құқықтық-нормативтік тұсын түсіндіріп өтті.
"Кітап жетістікке жетелейді" кіші жобасы
02-12-2022 18:13
"Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясында гимназиямызда "Кітап жетістікке жетелейді" кіші жобасы жүзеге асырылуда. Кезекті қонағымыз жас ақын Мұхаммедқали Зарықұлы. Кездесу барысында өзінің өлеңдерімен, олардың шығу тарихымен бөлісіп, оқушыларға кітап оқу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, атамекенді сүю жайлы ой салардай ақыл-кеңесін берді.
Облыстық жасөспірімдер олимпиадасындағы жеңіс
26-11-2022 20:04
Облыстық жасөспірімдер олимпиадасындағы жеңіс
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында биология пәнінен XІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша 8а-сынып оқушысы Атакан Дінмұхамед Құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшісі Гүлден Нурмахамбетовна мен Дінмұхамедті құттықтаймыз. Шығар шыңдарыңыз көп болсын!
"Алтын тұғыр" олимпиадасының өңірлік кезеңіндегі жеңіс
26-11-2022 19:52
2022 жылғы 25 қараша күні Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш сынып мұғалімдерінің «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңін Торайғыров университеті базасында өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиадада мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Елубаева Мариям Сейсенқызы 3-орынға ие болды.
Облыстық жасөспірімдер олимпиадасындағы жеңіс
26-11-2022 18:14
Облыстық жасөспірімдер олимпиадасындағы жеңіс
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 25 қарашада жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен XІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша 8ә-сынып оқушысы Асылхан Альтаир 3-орынға ие болды. Жетекшісі Алтын Сериковна мен Альтаирды құттықтаймыз.
Математикалық турнирден жүлде
24-11-2022 20:10
Математикалық турнирден жүлде
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының Х облыстық математикалық турнирі 2022 жылғы 24 қарашада Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінде өткізілді. Шараның мақсаты: оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік сайыстарға тиімді дайындау. Турнир қорытындысы бойынша Ерсинов Али - 2 орынға ие болды. Жетекшісі Мариям Сейсенқызы мен Алиді шын жүректен құттықтаймыз!