Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
Астана қаласындағы сайыстан гимназия оқушылары жеңіспен оралды
24-12-2022 18:22
Астана қаласындағы сайыстан гимназия оқушылары жеңіспен оралды
USTEM Robotics ұйымдастыруымен 2022 жылы 24 желтоқсан күні Quantum STEM мектебінде өткен First LEGO League Challengeнің аймақтық кезеңіне қатысқан гимназиямыздың "Самғау" командасы жүлделі І орынға ие болды. Қаңтар айында Алматы қаласында өтетін ұлттық чемпионатында да биік белестен көрінуге бұйырсын. Самғау командасын және жетекшісін Атик Бибигуль Васильевнаны құттықтаймыз!
Қалалық волейбол сайысының жүлдегерлері
24-12-2022 18:05
Қалалық волейбол сайысының жүлдегерлері
Қалалық волейбол сайысында гимназияның қыздар командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Жетекшісі Зупар Жанибек пен команда мүшелері қыздарды құттықтаймыз.
Мектепте шахматтан жарыс өтті
23-12-2022 19:13
Мектепте шахматтан жарыс өтті
Балалар жылының аясында мектепте шахматтан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. 3-4 сынып ұлдар: 1 орын Нұрланбек Мәди 4a сынып, 2 орын Упеков Ибрагим 3 сынып. 3 орын Сайрамбек Ансар 4ә сынып. 3-4 сынып қыздар: 1 орын Ермек Аруана 4ә сынып, 2 орын Жеңіс Шахназ 3 сынып, 3 орын Салих Аружан 4а сынып.
Ұлы ғалымның есімі берілді
20-12-2022 16:13
Ұлы ғалымның есімі берілді
Тәуелсіздік күні қарсаныңда гимназиямызға Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімінің берілуіне орай 12-15 желтоқсан аясында «Ғасыр данасы» тақырыбында апталық өтті. Апталықты қорытындылау барысында Қаныш ағамызға арналған «Даланың дана ұлы» атты конференция өтті. Конференция қонақтары: Ақсу қ. әкімінің орынбасары Н. Байбакиров, облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Б.Т. Аушахманова және т.б. қонақтар.
Үлгілі "Айгөлек" би ансамблінің жеңісі
19-12-2022 14:50
Үлгілі
Астанада қаласында өткен республикалық «Думанды елім» байқауында "Халықтық би" номинациясы бойынша Бас жүлде. "Эстрадалық би" номинациясында Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, 8 наурызда өтетін телевизиялық салтанатты шараға шақыру алды. Қос бірдей жеңісті сыйлаған жетекші Зембаева Динара Нигматуллақызына және тәрбиеленушілеріне алғыс білдіреміз. Құтты болсын!
"Ақсу толқыны" аймақтық фестиваль-конкурсының жеңімпазы
18-12-2022 17:01
Тәуелсіздік күні қарсаңында 7 сынып оқушысы Жукенова Жания Балалар шығармашылығының "Ақсу толқыны" аймақтық фестиваль-конкурсының Аспаптық жанр номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз!
ХХІІ халықаралық "Новогодний переполох" конкурс-фестивалінің жеңімпазы
18-12-2022 16:24
ХХІІ халықаралық
ХХІІ халықаралық "Новогодний переполох" конкурс-фестивалінде 200 қатысушының арасынан Бас жүлдені гимназиямыздың 6ә сынып оқушысы Марк Нұртас жеңіп алды. Жетекшісі мен Нұртасты жеңісімен құттықтаймыз. Алар асуың, шығар биігің асқаралы болсын!
Облыстық үстел теннисі сайысының жүлдегері
18-12-2022 16:09
Облыстық үстел теннисі сайысының жүлдегері
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен облыстық үстел теннисі сайысында 4а сынып оқушысы Жалешева Аяна жүлделі ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Павлодар облысының ашық чемпионатының жүлдегерлері
17-12-2022 19:12
Павлодар облысының ашық чемпионатының жүлдегерлері
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген туристік көпсайыстан Павлодар облысының ашық чемпионатында гимназияның "Экстрим" командас 1, 2, 3-орындарға ие болды. Айсулу Бөкенбаевна мен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз. Жарайсыздар!
Кіші Сәтбаев олимпиадасының қорытындысы
17-12-2022 18:35
Кіші Сәтбаев олимпиадасының қорытындысы
«Ғасыр данасы» апталығы аясында 5-6-сынып оқушылары арасында Кіші Сәтбаев олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 118 оқушы қатысып, 35 оқушы жүлдегер атанды. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, жаратылыстану, математика пәндерінен өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.
Қ.Сәтбаев апталығы аясында ата-аналар арасында волейбол
17-12-2022 18:27
 Қ.Сәтбаев апталығы аясында ата-аналар арасында волейбол
Тәуелсіздік күні және Қ.Сәтбаев апталығы аясында ата-аналар арасында волейбол, теннис, нысанаға оқ атудан сайыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1 орын 5”А” сынып командасында; 2 орын 6”Ә” сыныбы командасында; 3 орын 3 сынып командасында.
"Әлем тізгіні білімділер қолында" атты іс-шара
16-12-2022 20:35
Қ. Сәтбаевқа арналған "Ғасыр данасы" апталығы жоспары бойынша 10 сынып оқушыларымен "Әлем тізгіні білімділер қолында" атты Tarsia әдісімен танымдық ойыны өткізілді. Қағаз қиындыларындағы академиктің өмірбаяны, еңбектері туралы сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып фигура құрастыру қажет. Оқушылар Академиктің еңбегі мен өмірбаянынан қызықты ақпараттар тауып, білімдерін толықтырды.