Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі
16-10-2022 19:08
Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі
2022 жылғы 14 қазан күні республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша Ералиева Ақмаржан 1 орын, Нұрланбек Мади 2 орын, Сабиганова Аружан 3 орынға иеленді. Оқушыларды және олардың жетекшілері Райгуль Токановнаны, Мәриям Сейсеновнаны, Бахыт Жумабаевнаны құттықтаймыз! Республикалық кезеңінде Аидаға сәттілік тілейміз!
Облыстық Әуезов оқуларының жүлдегерлері
15-10-2022 20:21
Облыстық Әуезов оқуларының жүлдегерлері
Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияда облыстық Әуезов оқулар өтті. Оқулардың қорытындысы бойынша "Ұлы даланың заңғар жазушысы" бағытында Каиржанова Аида І орын, "Ұлы даланың ұлы жыршысы" бағытында Ахметова Айдана ІІІ орын, "М.Әуезов - шебер суреткер" бағытында Салих Ақбота ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!
Қожахметова З. Қ. атындағы облыстық география пәні олимпиадасы
15-10-2022 20:00
Қожахметова З. Қ. атындағы  облыстық география пәні олимпиадасы
Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі, Павлодар облысының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, “Парасат” орденінің иегері, облыстық мұсылман әйелдер лигасының төрайымы Қожахметова Зара Қабдешқызы атындағы дәстүрлі облыстық география пәні олимпиадасында гимназиямыздың 8ә сынып оқушысы Асылхан Альтаир жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Ақсу қаласының ең үздік Еріктісі
14-10-2022 19:13
Ақсу қаласының ең үздік Еріктісі
Гимназияның 10-сынып оқушысы Мақсатхан Қымбат Ақсу қаласының ең үздік Еріктісі атанды. Қымбатты марапатымен құттықтаймыз!
«Тіл-Тәуелсіздік тірегі» атты кездесу
13-10-2022 18:21
«Тіл-Тәуелсіздік тірегі» атты кездесу
Республика күні қарсаңында жоғары сынып оқушыларымен «Тіл-Тәуелсіздік тірегі» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге қалалық «Қазақ тілі» қоғамының белсенді мүшелері, ұлт жанашырлары Сейлғазин Қабдрахман Байкенұлы мен Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы қатысты. Кездесу барысында ана тіліміздің мәртебесін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілік пен Отаншылдық туралы сөз қозғалып, жастарды толғандыратын мәселелер талқыланды.
Қазақстан Республикасының президенті Павлодар өңірінде
06-10-2022 22:15
Қазақстан Республикасының президенті Павлодар өңірінде
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Павлодар өңіріне іссапар кезінде ұстаздар қауымымен кездесті. Кездесуге гимназияның ардагер ұстазы Сламбекова Рымкеш Хамитовна қатысты.
"Менің алғашқы ұстазым" эссе жазу байқауының жеңімпазы
06-10-2022 21:00
Ақсу қаласының жастар орталығының ұйымдастыруымен Мұғалімдер күніне орай өткізілген "Менің алғашқы ұстазым" эссе жазу байқауында 11-сыныптың оқушысы Сайыпова Әсем 1-орынды иеленді. Ұстазы Акмарал Еркеновна мен Әсемді жеңістерімен құттықтаймыз. Әсем республикалық Абай оқуларының жүлдегері.
"Мұғалім - мектептің жүрегі" атты қалалық салтанатты жиын
04-10-2022 20:57
Ұстаздар күніне орай өткізілген "Мұғалім - мектептің жүрегі" атты қалалық салтанатты жиында гимназия ұстаздары облыстық білім беру басқармасының, қала әкімінің құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапатталды.
Халықаралық ұстаздар күні
01-10-2022 19:50
Халықаралық ұстаздар күні
Халықаралық ұстаздар күніне орай өткізілген облыстық "Ұлағат-2022" салтанатты жиында гимназия директоры Аскербек Култаевич "Үздік менеджер" номинациясы бойынша марапатталды. Құттықтаймыз!
Өзін өзі басқару күні өтті
01-10-2022 10:15
Өзін өзі басқару күні өтті
Қыркүйек айының 30 күні 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «өзін-өзі басқару» күні өтті.
Мұражайға саяхат
29-09-2022 17:09
Мұражайға саяхат
Балалар жылына және А.Байтұрсынтың 150 жылдығына орай Павлодар облысы мұражайларына тегін бонустық картамен кіру мүмкіндігі берілді. Осындай тамаша мүмкіндіктің арқасында гимназия оқушылары Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану және Бұхар жырау атындағы көркемсурет мұражайында болып қайтты. Мұражайда жиналған жәдігерлермен, туған өлкенің тарихымен сусындаған балалар, тарих пен мәдениетке бір табан жақындары анық.
Мектепшілік танымжорық
26-09-2022 18:30
Мектепшілік танымжорық
Мектепшілік танымжорық - өмірдегі ұмытылмас және ең жарқын сәттердің бірі. Осы танымжорық кезінде біз жаңа нәрсені үйреніп, достарымызбен және мұғалімдермен керемет уақыт өткізіп, туған жеріміздің табиғатын тамашалай аламыз. Біздің мектебімізде жоғары сынып оқушыларымен мектепшілік жорыққа шығу дәстүрі қалыптасқан. Әрине, біздің сыныбымыз бұл дәстүрді қолдай отырып,тату ұжым болып жиналып, танымжорыққа шықты.