“Мектеп - мейірім мекені” атты сынып сағаты
Жаңа оқу жылы барлық сыныптарда “Мектеп - мейірім мекені” атты сынып сағатынан басталды. Жаңа оқу жылы табысты болсын!
1 қыркүйек Білім күні
1 қыркүйек Білім күніне орай “Мектебім- мейірім мекені” атты салтанатты саптүзеу өтті.
5,9,11 сынып оқушылары қатысқан салтанатты саптүзеуде гимназия директоры Аскербек Құлтайұлы мен ардагер ұстаз Бақыт Шаймарданқызы құттықтау сөз сөйлеп, барша оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі.
Барлық сыныпта сынып сағаттары өтті.
Қалалық тамыз кеңесі
Жаңа оқу жылының басталуына орай өткен қалалық тамыз кеңесінде гимназия ұстаздары келесі марапаттарға ие болды:
•Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алепарова Райгүл Токановна- қала әкімінің Құрмет грамотасы;
•Ағылшын тілі пәні мұғалімі Конакбаев Ермек Маратұлы- қала әкімі Алғыс хаты;
•Тарих пәні мұғалімі Мұтан Мұратбек- Білім басқармасының Алғыс хаты.
Құрметті әріптестер марапаттарыңыз құтты болсын!
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған республикалық тамыз кеңесі
“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 7-9 тамыз аралығында Сүлейман Демирель атындағы университеті базасында өткен «Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңаша көзқарас және қажеттілік» республикалық тамыз кеңесі өз мәресіне жетті. Тамыз кеңесінің пленарлық бөлімінде гимназия директоры Дюсембаев Аскербек Култаевич Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аскербек Құлтайұлын шын жүректен құттықтаймыз!
«Мектепке жол» акциясы
Жаңа 2024-2025 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 2024 жылғы 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында республикада «Мектепке жол» акциясы жарияланды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға балаларды мектепке дайындау және киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары және т.б. жетіспеуіне байланысты балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау көрсету.
Ата-аналар мен оқушылардың назарына!
Ата-аналар мен оқушылардың назарына!
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЖЕКЕЛЕЙ ЧЕМПИОНАТЫ
20-30.06.2024 аралығында Талдықорған қаласында Тоғызқұмалақтан 9,11,13 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында классика, блиц рапид бойынша ҚР жекелей чемпионаты аяқталды. Жарыс нәтижесі блиц түрі бойынша 11 жас қыздар арасында 5а сынып оқушысы Каркен Айя 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Көшпелі туристік-өлкетану практикумы
6-7 маусым күндері “Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары» көшпелі туристік –өлкетану практикумы ұйымдастырылды. «ECO#TERRITORY» жазғы жобасы “pro-сканерле, оқы, әрекеттен» білім беру-жобалық интенсиві шеңберінде «Қалмаққырылған таулары» көшпелі туристік-өлкетану практикумына гимназиямыздың “Экстрим” туризм командасының мүшелері қатысып қайтты.
Гимназия ұстазы мен оқушысын Павлодар облысының әкімі марапаттады
Гимназия ұстазы мен оқушысын Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байханов марапаттады. Оқу жылының қорытындысы бойынша зияткер жастарды қолдау дәстүрге айналған.
Өңір басшысы зияткерлік сайыстарда өзін таныта білген Амангелді Нұрәділге 100 мың теңге ақшалай сертификат және Алғыс хат табыстады.
Жазғы бағдарлы лагерь - 2024
Жазғы бағдарлы лагерь. Жаратылыстану. Олимпиадаға дайындық
Жазғы бағдарлы лагерьдегі тренингтік жаттығулар
Жазғы бағдарлы лагерьдегі тренингтік жаттығулар. Ұйымдастырған мектеп психологы Шаймарданова Назигуль Тусуповна
Балаларды қорғау күніне орай қала әкімінің құттықтау
Балаларды қорғау күніне орай гимназия оқушылары Сабиганова Аружан мен Олимпиадаұлы Мұстафа оқудағы жетістіктері үшін қала әкімінің құттықтау хатымен марапатталды.