Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
Жаңа жыл 2020 қош келдің!
30-12-2019 15:38
Жаңа жыл 2020 қош келдің!
25-26 желтоқсан аралығында гимназиямызда баршаға сиқырлы әлем сыйлайтын жаңа жылдық кештері өтті. Бастауыш сыныптарымыз "Ақсу" балалар эко-техноорталығының шыршасын тамашаласа, орта және жоғары буын мектеп қабырғасында қызықты өткізді, сондай-ақ 30 желтоқсан күні қызметкерлердің балаларына да жаңажылдық шырша өткізілді.
Облыстық кешенді олимпиадасының жүлдегерлері
30-12-2019 15:05
Облыстық кешенді олимпиадасының жүлдегерлері
Жаңа жыл қарсаңында жаңа табысқа ие болған гимназиямыздың 4 оқушысы облыстық кешенді олимпиадаға қатысып, 100% нәтижеге жетті. 6а-сынып оқушысы Амангелді Ералхан ІІ орын, 6а-сынып оқушысы Амангелді Айжан, 5-сынып оқушылары Сабабаев Жансар және Борамбай Жамиля ІІІ орын жүлдегері атанды. Жетекшілері биология пәнінің мұғалімі Жахав Баян мен математика пәнінің мұғалімі Талғат Ғылымгүл.
М.Ж.Байғалова атындағы облыстық қазақ тілі мен әдебиетінен пән олимпиадасы
16-12-2019 09:16
М.Ж.Байғалова атындағы облыстық қазақ тілі мен әдебиетінен пән олимпиадасы
13 желтоқсан күні М.Ж. Байғалова атындағы облыстық қазақ тілі мен әдебиетінен өткізілген пән олимпиадасында гимназиямыздың 8ә-сынып оқушысы Сайыпова Асем және 7-сынып оқушысы Каиржанова Аида жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңіске жеткен оқушылар мен дайындаған ұстаздары Есенгожина Ақмарал Еркінқызың және Дюсембаев Әскербек Култайұлың құттықтаймыз!
Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным
15-12-2019 10:22
Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным
13 желтоқсан күні гимназиямызда Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным" атты салтанатты шара өтті. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып, осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында тағзым еткен шарада мектеп директорының міндетін атқарушы Дюсембаев Ә.К. барша ұстаздар, ата-аналар, оқушыларды құттықтап, қалалық олимпиада жүлдегерлерін марапаттады.
Халықаралық «Компьютерлік ғылым аптасы»
15-12-2019 10:06
Халықаралық «Компьютерлік ғылым аптасы»
3-9 желтоқсан аралығында халықаралық «Компьютерлік ғылым аптасы» шеңберінде Қазақстандағы код сағаты акциясына қосылу мақсатында гимназиямызда Кодтау сабақтары өткізілді. Код сағатының міндеті - қатысушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстыру, сондай-ақ нақты ғылымдарға қызығушылық қалыптастыру болды. Әр оқушы 2019 Кодинг сағатына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Қалалық кіші спартакиадада тоғызқұмалақтан жүлделі орын иегерлері
12-12-2019 17:20
Қалалық кіші спартакиадада тоғызқұмалақтан жүлделі орын иегерлері
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген қалалық кіші спартакиадада гимназиямыздың оқушылары тоғызқұмалақтан жүлделі ІІ орынды иеленді. Команда құрамында 7-сынып оқушысы Төлеу Алихан, 5а-сынып оқушысы Кобжанова Аружан, 5ә-сынып оқушысы Шахмет Арнұр. Жетекшісі Жекебай Мақсатхан. Құттықтаймыз!
Республикалық "Айналайын" конкурсында Гран-при иегерлері
12-12-2019 17:05
Республикалық
Гимназиямыздың "Айгөлек" үлгілі би ансамблі Ақтөбе қаласында өткен Республикалық "Айналайын" конкурсында Гран-при және 100000 тенге сертификатына ие болды. Сонымен қоса әрдайым осы би ұжымын дайындап, биік шыңдарға жетелеп жүрген жетекшісі Зембаева Динара Нигматулловна Ақсу қаласының Құрмет тақтасында орын алды. Әрдайым жұмысыңыз жемісті болып, абыройыныз арта берсің, Динара Нигматулловна!
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
27-11-2019 11:10
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Оқушыларға дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастыру мақсатында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" атты 2а және 2ә сынып оқушылары арасында сайыс сабағы өткізілді. 6-кезеңнен тұратын сайыста қызықты сұрақтар қойылып, жұмбақ жасырылды, танымдық тапсырмалар орындалды. Сайыс соңында екі топ та мақтау қағазымен марапатталды.
"Розы Казахстана" халықаралық хореографиялық өнер фестиваль-байқауы
26-11-2019 16:22
Гимназиямыздың "Айгөлек" үлгілі би ансамблі Қазақстан, Болгария, Ресей бастамасымен өткізілетін "Розы Казахстана" халықаралық хореографиялық өнер фестиваль-байқауында жүлделі І орынға және ұжым Қазақстан мен Болгария елшілігінің кубогы мен дипломына ие болды. Ұжымды және әрдайым жеңіс тұғырына жетелеп жүрген жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловнаны құттықтаймыз!
Облыстық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері
26-11-2019 15:21
Облыстық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері
22 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша Успанова А. (10-сынып) – І орын, Жумабаева А. (11-сынып), Курмашева Д., Рысымбетова Д., Баяманова А., Кабдулла Д. (10-сынып), Шакбекова Д (9-сынып) – ІІ орын, Негманова Д., Омурбаева А., Қинаят Ж., Баянбатұлы Е., Хаманай А. (10-сынып), Әбілхақ С., Олимпиада Р. (9-сынып), Мубаракова Д., Лашимова А. (8-сынып) ІІІ орынға ие болды.
"Көптілділік-полимәдени тұлға қалыптастырудың негізі" атты семинар
22-11-2019 15:52
15 қараша күні гимназиямызда педагогикалық ұжымдардың өзара әрекеттестік және қолдау негізінде Май ауданы мұғалімдеріне "Көптілділік-полимәдени тұлға қалыптастырудың негізі" атты семинар өткізілді. Семинар аясында ағылшын тілінде физика, биология, химия және информатика пәндерінен ашық сабақтар, "АКТ-ның көмегімен оқытудағы жаңа әдістерді қолдану" атты коучинг және "Абай поэзиясы - әлем тілдерінде" атты әдеби кеш өткізілді.
Қалалық шахмат жарысының жүлдегерлері
22-11-2019 15:46
Қалалық шахмат жарысының жүлдегерлері
Қалалық шахмат жарысына қатысқан оқушыларымыз командалық есепте жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Жеке есепте 2а сынып оқушысы Қайролла Нұрбол мен 5а сынып оқушысы Сабабаев Жансар жүлделі І орындарға ие болды. Ал 5а сынып оқушылары Иглымхан Жанерке мен Кобжанова Аружан алғыс хатпен марапатталды. "Шахмат" үйірмесінің жетекшісі Жекебай Мақсатхан. Облыстық кезеңге өткен ұлдарымызға сәттілік тілейміз!