Сапта жүріп ән айту байқауы
Отан қорғаушылар күніне орай қалалық сапта жүріп ән айту байқауы
Ә.Марғұлан ат. Павлодар педагогикалық университетінің ректор гранты
11-сынып оқушысы, АБ үміткері Каиржанова Аида Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті өткізген Х пәндік олимпиадасына қатысып, ректор грантын ұтып алды. Акмарал Еркеновна мен Аиданы жеңістерімен құттықтаймыз! Аидаға республикалық Бітібаева атындағы олимпиадада сәттілік тілейміз!
Алматы UIB Халықаралық Бизнес Университетінің ректор грантының иегері
11-сынып оқушысы, АБ үміткері Махсатхан Қымбат Алматы қаласында өткен Алматы UIB Халықаралық Бизнес Университетінің олимпиадасына қатысып, ректор грантына ие болды. Гимназия ұжымы мен Қымбатты шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық олимпиадасында Құрмет грамотасының иегерлері
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадада 5а-сынып оқушысы Салих Аружан жаратылыстану пәнінен және 6а-сынып оқушысы Мырзалиев Сұлтан ағылшын тілі пәнінен Құрмет грамотасына ие болды. Жетекшілері Гүлден Нұрмахамбетовна және Салтанат Еркиновна. Құттықтаймыз!
Республикалық “ProEko” конкурсының жүлдегері
Республикалық “ProEko” конкурсында 8-сынып оқушысы Нуриденов Мансур 3-орынға ие болды. Жетекшісі Гүлден Нұрмахамбетовнаға алғыс білдіреміз. Мансурды жеңісімен құттықтаймыз!
Республикалық пән олимпиадасының жүлдегері
11-сынып оқушысы Амангелді Нұрәділ республикалық пән олимпиадасында 3-орынға ие болды. Бірнеше жылдар бойы дайындаған ағылшын тілінің мұғалімі Нургалиева Салтанат Еркиновнаға алғыс білдіреміз. Дарынды және талантты оқушы Нұрәділді шын жүректен құттықтаймыз! Еске сала кетсек, Нұрәділ SAT, IELTS халықаралық емтиханын сәтті тапсырды. Сонымен қатар 2022-2023 оқу жылының республикалық пән олимпиадасында және республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлдегер атанған.
Қалалық Туристік слет
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай және Эстеттер апталығы жоспарына сәйкес қалалық Туристік слет өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша Лицей-мектебі 1-орынға, Үштерек орта мектебі 2-орынға және гимназия 3-орынға ие болды.
Арт-терапиялық жаттығулар
Гимназияда 4 сынып оқушыларымен стрестік жағдайлардың алдын алуға арналған тренинг ұйымдастырылды. Балалармен “Дәстүрден тыс сәлемдесу”, “Кім шапшаң және тапқыр”, “Мен қалайтын әлем” атты арт-терапиялық жаттығулар өткізілді. Балалар тернингке белсенді, әрі қызығушылықпен қатысты. Тренингті өткізген гимназия психологы Шаймарданова Н.Т.
Эстеттер апталығы
Эстеттер апталығы жалғасуда. Таңертеңгі көңіл-күй
“Сәтбаев әлемінде” тақырыбында мектепаралық квест ойыны
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған “Сәтбаев әлемінде” тақырыбында мектепаралық квест ойыны өткізілді.
Ойынға Айнакөл ОМ және “Ю. Гагарин” атындағы ОМ оқушылары қатысты.
Балалар ұлы ғалымның өмірі мен қызметі туралы тапсырмаларды орындап жақсы білім көрсете білді. Ойын соңында тұңғыш академик туралы фильм тамашалап, дипломдармен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды.
Эстетикалық пәндер апталығының ашылуы
22 сәуір эстетикалық пәндер апталығы таңертеңгі қозғалмалы ойындардан басталды. Оқушылар мен мұғалімдер түрлі ойындарға қатысып, күндерін көтеріңкі көңіл- күймен бастады.
Облыстық “Мәшһүр Жүсіп оқулары” конкурсының жүлдегері
Облыстық “Мәшһүр Жүсіп оқулары” конкурсының “Білімді, зерек адам болам!” -десең ...бағыты бойынша 10а-сынып оқушысы Партияқызы Арайлым жүлделі ІІ орынға ие болды. Арайлымыды және жетекшісі Райгүл Токановнаны құттықтаймыз!