Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
КИО «Күз-Қыс 2018» маусымының жүлдегері
13-02-2019 23:22
КИО «Күз-Қыс 2018» маусымының жүлдегері
«Күз-Қыс 2018» КИО олимпиадаларының маусымы аяқталды. Маусымның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар тізімі жарияланды. Жеңімпаздар маусым бойы 4 олимпиада әр топтың ішінде ең көп ұпайлар сомасы бойынша анықталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің гимназиямыздың 5а сынып оқушысы Бейсенбай Мерей 3 дәрежелі дипломмен марапатталып, бағалы сыйылық USB flash-ға ие болды. Құттықтаймыз!
Үш тілде білім беру - заман талабы
02-02-2019 15:38
Үш тілде білім беру - заман талабы
31 қантар күні шет тілдер апталығының жоспарына сәйкес биология және информатика пәнінен кіріктірілген сабақтар өткізілді. Биология - сабақтың тақырыбы «Movement», өткізген биология мұғалімі Муханова У.К., орыс тілі мұғалімі Ибрайкина К.М., ағылшын мұғалімі Нургалиева С.Е. Информатика - сабақтың тақырыбы «Formulas in Google Sheets», өткізген информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т., ағылшын мұғалімі Сыздыкова М.К., орыс тілі мұғалімі Тулеубаева К.Б.
Шет тілдер апталығы жалғасуда
31-01-2019 22:46
Шет тілдер апталығы жалғасуда
30 қаңтар күні химия мұғалімі Абраева Д.Е, ағылшын тілі мұғалімі Нургалиева С.Е. және орыс тілі мұғалімі Ибрайкина Қ.М. "The periodic table of D.I.Mendeleev" тақырыбы бойынша 8-сыныпта кіріктірілген сабақ өткізді. Үзілістерде 7 сыныптарға арналған "4D animals pictures" көрмесі, 4-сыныптар арасында "Bang-bang" battle және "Инфобілгіштер" сайысы өткізілді. Екінші күн TEDx форматындағы конференциямен тәмамдалды.
Шет тілдер апталығына орай кіріктірілген сабақ өткізілді
31-01-2019 22:29
Шет тілдер апталығына орай кіріктірілген сабақ өткізілді
29 қантар күні шет тілдер апталығының жоспары бойынша физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова А.С., орыс тілі пәнінің мұғалімі Тулеубаева К.Б. және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сыздыкова М.К «Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы» тақырыбы бойынша 7-сыныпта кіріктірілген сабақ өткізді. Сонымен қатар, үзілістерде информатика, физика, химия және биология пәндерінің мұғалімдері оқушылармен 5-7 сыныптар арасында ойындар өткізді.
Шет тілдер апталығының салтанатты ашылуы
29-01-2019 18:07
Шет тілдер апталығының салтанатты ашылуы
28.01-1.02 ақпан күндері гимназияда шет тілдер әдістемелік бірлестігінің апталығы өтеді. 29 қантар күні мектебімізде "Үштілділік-жарқын болашақ" тақырыбында апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың жоспары бойынша кіріктірілген сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі.
МИФ апталығының қорытындысы
27-01-2019 11:01
МИФ апталығының қорытындысы
"STEM -ғылыми техникалық білімнің негізі" тақырыбындағы "XXІ ғасыр білімінің іргетасы - ғылым мен қазіргі замаңғы технологиялар интеграциясы" ұранымен өткен МИФ апталығы жоспарланған шаралардың барлығын өткізіп, көңілді тапқырлар клубының ойынымен қорытындылады. Сондай-ақ апталық барысында білімімен, іскерлігімен ерекшеленген оқушылар диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Биология пәнінен VIІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
26-01-2019 10:19
Биология пәнінен VIІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
24 қаңтар күні «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларына арналған биология пәнінен жасөспірімдер облыстық олимпиадасы өткізілді. Гимназиямыздың 7ә сынып оқушысы Айдасов Мадияр білімімен ерекшеленіп, "Құрмет грамотасына" ие болды. Мадиярды және ұстазы Муханова Үміт Кабиденовнаны құттықтаймыз!
STEM жәрмеңкесі
23-01-2019 17:46
STEM жәрмеңкесі
"XXІ ғасыр білімінің іргетасы-ғылым мен қазіргі замаңғы технологиялар интеграциясы" ұранымен МИФ апталығының жоспарының екінші күнінің шарасы STEM жәрмеңкесі өтті. Мұнда әр сыныптың оқушылары робототехниканы нақты пәндермен кіріктіру үлгілерін көрсету үшін жобалар жасады. Әр қоңырау уақытында жиналған оқушыларға STEM бағыттары туралы мағлұмат беріліп, болашақ жобаларға ой тасталды.
МИФ апталығының салтанатты ашылуы өтті
23-01-2019 17:39
МИФ апталығының салтанатты ашылуы өтті
21 қаңтар күні гимназияның жылдық жоспарына сәйкес МИФ (математика, информатика, физика) апталығының салтанатты ашылуы болды. "STEM - ғылыми техникалық білімнің негізі" тақырыбындағы өтетін бұл шарада аталған пәндер бойынша STEM жәрмеңке, ашық сабақтар мен қызықты сайыстар өтіп, оқушылардың білім-біліктері, шығармашылығы ортаға салынады.
"Ақберен" облыстық байқауының жүлдегерлері
18-01-2019 14:24
2019 жылғы 15 қаңтарда дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша гимназиямыздың оқушылары Хаманай Асхат "Шешендік өнер" бағытында және Дарғанбеков Жомарт "Көркемсөз шебері " бағытында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Оқушыларымызды және оларды дайындаған ұстаздар Асем Сембиевна мен Ақмарал Еркеновнаны құттықтаймыз!
Гимназияда түлектермен кездесу өтті
16-01-2019 18:25
Гимназияда түлектермен кездесу өтті
11 қаңтар күні гимназияда дәстүрлі түрде болатын түлектермен кездесу өткізілді. Бұл шараға 2014-2018 жылғы түлектер келіп, сағынып жеткен гимназиясымен қауышып, сыныптас достарымен кездесіп, мектеп кезіндегі қызықты сәттерін еске түсіріп, түрлі сайыстарда өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетті. Кеш соңында гимназия ұстаздарына өз алғыстарын білдіріп, биылғы жыл түлектеріне ұсыныстарын айтты.
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері
16-01-2019 17:49
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері
2019 жылғы қаңтар айының 4-і мен 5-і аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында 57 облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша Кабышева Д., Карибаева М. (11-сынып), Кунтаева А. (10-сынып), Сейсембаева А. (9-сынып) ІІ орынға, Куатов А. (10-сынып), Омирзакова А.(11-сынып), Жандарбек А. (9-сынып) және Шакбекова Д. (8-сынып) ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!