Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің "Ең үздік әлеуметтік жоба" облыстық байқауы
Өрлеу ҰБАИ ұйымдастыруымен өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің "Ең үздік әлеуметтік жоба" облыстық байқауы өткізілді. Байқауға гимназиямыздың ұстаздары қатысып, Шаймарданова Назигуль Тусуповна "Шапағат мектебі" және Бакирбекова Гульбану Абусыздыковна "Ізгілік бастау" номинацияларына ие болды. Әріптестерімізді құттықтаймыз!
"Бала құқығы адам құқығы" атты онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар
19-30 қараша аралығында өтіп жатқан "Бала құқығы адам құқығы" атты онкүндік аясында сыныптарда тәрбие сағаттары, танымдық сабақтар, зияткерлік ойындар өткізілуде. Онкүндік мақсаты оқушылардың құқытық сауаттылығын арттыру арқылы, құқықбұзушылықтың алдын алу, мектепішілік ережелердің сақталуын қадағалау болып табылады.
«Қүқық әлеміне саяхат» атты танымдық ойыны
19-30 қараша аралығында өтіп жатқан "Бала құқығы адам құқығы" атты онкүндік аясында бастауыш сыныптарда «Қүқық әлеміне саяхат» атты танымдық ойыны өткізілді. Онкүндік мақсаты оқушылардың құқытық сауаттылығын арттыру арқылы, құқықбұзушылықтың алдын алу, мектепішілік ережелердің сақталуын қадағалау болып табылады.
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" акциясы өтуде
12-23 қараша аралығында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" акциясы өтуде. Акция барысында 1-4 сыныптар арасында отбасының бала тәрбиесіндегі маңызын арттыруда "Бақытты балалық шақ" суреттер байқауы; 7-10 сыныптарда "Әлемді зорлық-зомбылықтан тек жақсылық құтқарады", "Қоғамға риясыз қызмет ету" атты эссе байқауы; ата-аналар отырыстарында отбасындағы бала тәрбиесі мәселесі қозғалып, ақпараттық кітапшалар таратылды
"Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты" атты мектепішілік байқау
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруда болашақтың САНАЛЫ АЗАМАТЫН тәрбиелеу мақсатында гимназиямызда "Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты" атты байқау өткізілді. Байқауға 7-10 сынып оқушылары топтары қатыса отырып, "Өз еліме қосар үлесім" тақырыбында бейнероликтер, "Елімнің тарихы - менің тарихым" сұрақ жауап, "Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі" атты жоба қорғау сияқты кезеңдерде өз білім-біліктерін көрсете білді.
Жас акробаттарымыз Ресейде өткен байқаудан жүлдемен оралды
17-18 қараша күндері Ресейдің Новосибирск қаласында акробатикадан Халықаралық ашық біріншілік өтті. Осы жарысқа Ақсу қаласынан (БШҮ) бірнеше команда қатысты. Олардың ішінде гимназия оқушылары Даутбеков Асылхан 1-орын, Кайргали Дария 1-орын, Ермек Назерке мен Ермек Жанерке 3-орынды иемденіп қайтты. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Энергия үнемдеу балалар көзімен» атты Республикалық конкурсының жеңімпазы
«Энергия үнемдеу күні» халықаралық мейрамының 10-шы мерейтойының қарсаңында Астана қаласында алғаш рет «Энергия үнемдеу балалар көзімен» атты Республикалық конкурсы өтті. Осы конкурсқа гимназияның 4-сынып оқушысы Борамбай Джамиля қатысып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, ақшалай сертификатқа ие болды. Жетекшісі Омарова Алмагуль Раимбековна. Құттықтаймыз!
Бастауыш сынып оқушылары VІ облыстық математикалық турнирінің жүлдегерлері
8-қараша күні «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген бастауыш сынып оқушыларының VI облыстық математикалық турниріне гимназиядан 2 команда қатысып, командалық турда екі команда да жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеке тур бойынша 4а-сынып оқушысы Сабабаев Жансар ІІІ орынды иеленді. Жетекшілері А.Р.Омарова, М.С.Елубаева, А.И.Аубакирова, М.Ж.Жаксыбекова. Құттықтаймыз!
«Зерде» ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері
2 қараша күні 1-7-сынып оқушылары арасында облыстық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша математика бағытында Жалешова А. - ІІ орын (5-сынып), қазақ тілі мен әдебиеті - Сабыржан Д., Қаршыға Б. (3 сынып), ағылшын тілі - Айдасов М. (7 сынып), информатика - Мубаракова Д., Теміртас Д. (7 сынып), математика - Мухамматова А., Нахметова Д. (5 сынып), экология - Баисов С., Мақсатұлы Ғ. (2 сынып) ІІІ орынға ие болды.
«Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиадасының жеңімпаздары
31 қазан мен 1 қараша күндері Алматы қаласында Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Республикалық өзін-өзі тану олимпиадасы өтті. Облыс намысын қорғаған гимназиямыздың оқушылары Садыбекова Арайлым, Шакбекова Даяна, Баянбат Ерасыл жүлделі І орынды иеленді. Оқушыларымыздың жетістігі құтты болсын! Жетекшілері Назигүл Түсіпқызы мен Гүлбану Абусыздыққызы.
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қорытындысы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 24-25 қазан күндері Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізді. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназияның информатика мұғалімі Абылгазина Эльмира Турагуловна «Өз ісінің шебері» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық көптілдік олимпиадасының жүлдегерлері
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2018 жылғы 26 қазанда 10-11 сынып оқушыларының арасында облыстық көптілдік олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гиммназияның 10 сынып оқушысы Баяманова Аида және 11 сынып оқушысы Карибаева Малика ІІІ орынға ие болды. Дайындаған мұғалімдері Дюсембаев А.К., Тулеубаева Г.Б., Нургалиева С.Е., Нургалиева Д.А., Сыздыкова М.К. Құттықтаймыз!