«Тілдер айлығы» аясында өткізілген бастауыш сыныптар арасындағы іс-шаралар
Қыркүйек айы бойы гимназияда «Тілдер айлығы» өтуде. Осы айлыққа бастауыш сынып оқушылары да белсене қатысты. Атап айтсақ, 1- 4 сыныптар арасында «Тілім менің-тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы, 2 сыныптар арасында «Зерде», 3-4 сыныптар арасында «Елім менің» танымдық сайысы өтті. Барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Зерде» атты интеллектуалдық сайыс
21 қыркүйек күні тілдер күні мерекесіне орай 2 сыныптар арасында «Зерде» интеллектуалды сайысы өтті. Бағдарламаға 5 оқушыдан құралған 2 топ «Ойшылдар» және «Тапқырлар» қатысты. Топ басшылары қатысушыларды таныстырып, ұрандарын айтты.
Қалалық дойбы жарысының жұлдегері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай өткен қалалық оқушылар спартакиадасында гимназияның 9-сынып оқушысы Болатбай Әділ дойбы жарысынан І орынды иеленді. Жетекшісі Бекбасова Бахтула Шариповна. Құттықтайиыз!
Үздік авторлық бағдарлама - 2015
2015 жылғы 4 қыркүйекте Облыс білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ІІ орынды иеленді. Анар Толыбаевнаны құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
Денсаулық апталығы - 2015
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық Денсаулық апталығы осы оқу жылы да жалғасын тапты. Биыл апталық «Менің байлығым - менің денсаулығым» ұранымен өтуде. Гимназияда 2-7 қыркүйек аралығында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында түрлі шаралар жоспарланды. 2 қыркүйек апталық салтанатты түрде ашылып, оқушыларды гимназия директоры М.Касенова құттықтап, бірлескен қызықты сайыстар өткізілді.
1 қыркүйек – Білім күні
Бірінші қыркүйек – Білім күні! Бұл күн оқушылар мен ата-аналардың, өз мектебін сүйетін және ұмытпаған барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттаған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн! Сонымен қатар Тәуелсіз еліміздің Ата-заңы - ҚР Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекелерін де атап өтуде.
1 қыркүйек - Білім күні
2015 жылғы 1 қыркүйек күні Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» мерекесі және Бірыңғай Білім Сабағы өткізіледі.
Мектепке жинал да, өзгеге көмектес
Жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акция өткізіледі.
Ағымдағы жылы бұл акция «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізіліп отыр.
Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету болып табылады.
Республикалық сырттай конкурстары
Облыс білім беру басқармасы ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы сырттай нысанда балаларға арналған «Жазғы қиял» және «Менің үздік селфиім» республикалық конкурстар өткізілетінін хабарлайды.
Республикалық сырттай конкурстарына жалпы орта қосымша білім беру ұйымдары және колледждердің педагогтары, сондай-ақ білім алушылар қатыса алады.
Хабарландыру
«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институтқа 50 жыл толуына орай 2015 жылдың 26-27 қараша аралығында «Педагогтардың біліктілігін арттыру және кәсіби дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Педагогикалық идеялар фестивалін және информатика мұғалімдері үшін V Республикалық «Алтын диск» байқауын өткізеді.
«Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық байқау өткізіледі
Халықаралық Экология және Инженерия Ғылым Академиясы «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық байқауын өткізеді. Мақсаты: Республикамыздың білім жүйесіне үлкен үлес қосқан мұғалімдерді анықтау. Байқау 25.08.2015 жылы өткізіледі. Байқауға қатысу үшін мекеме басшысының ұсынымы, портфолио, сұраныс және панорамалық сабақ электронды түрде еcology_academy@mail.ru поштасына жіберіледі.
"Ғасырдың ғажайып азаматы" атты қалалық мәнерлеп оқу сайысы
7 шілде күні Ақсу қалалық мұражайында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың туған күнінің 75 жылдығына орай "Ғасырдың ғажайып азаматы" атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Аталған сайысқа 6ә-сынып оқушысы Күнтаева Амина қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпазды және жетекшісі Дария Амантаевна Нургалиеваны құттықтаймызІ