Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Озықты таңдаған озады
21-04-2016 13:14
Озықты таңдаған озады
Қазақстан мектептерінде 5 күндік оқыту стандарттары енгізіледі деген білім министрінің шешімі жайында жұртшылықтың бүгінгі күнгі әр түрлі пікір - ойлары «бауыр еті баласына» қалай әсер ететініне алаңдауынан туындап отырғаны анық. Оқу бағдарламаларының қазіргі жағдайы бәрімізге мәлім: пәндер саны жыл сайын артуда, оқу жүктемесі көлемді, ол білімдерін ОЖСБ және ҰБТ-да көрсетуі қажет, сол себептен балалар 5 күндік оқыту жүйесіндегі ауыртпалықты ...
Мектепішілік Кіші Сәтбаев олимпиадасы
14-04-2016 14:20
Мектепішілік Кіші Сәтбаев олимпиадасы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған «Ғасыр данасы» атты онкүндіктің жоспары негізінде 11 сәуір күні 5-7 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Кіші Сәтбаев олимпиадасы» өткізілді. Олимпиадаға негізгі 9 пән бойынша 5-7 сыныптардан 95 оқушы қатысып, 53 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Ал 6 «А» сынып оқушылары «ҮЗДІК ОЛИМПИАДА КОМАНДАСЫ» атанды.
"Тәжірибе - жаңалықтың алғашқы бастауы"
14-04-2016 14:12
Гимназиямызда Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 117 жыл толуына арналған «Ғасыр данасы» атты онкүндік аясында 7 сәуір күні 5, 6 сыныптармен "Тәжірибе-жаңалықтың алғашқы бастауы" атты танымдық іс-шара өтті. Ізденіске, шығармашылық және ғылыми жұмыстарға жұмылдыра білген химия пәннің мұғалімі Ерхасова Қ. Б. және физика пәнінің мұғалімі Атик Б.В. аталмыш шарада оқушылармен бірге көптеген қызықты тәжірибе жасады.
ГИМНАЗИЯ ЖАҢА 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
13-04-2016 01:17
ГИМНАЗИЯ ЖАҢА 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Гимназияның негізгі мақсаты оқушының білім-ғылым негіздерін терең және жан-жақты меңгеру, интеллектуалдық және шығармашылық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісін дамыту және оқушылар дүниетанымының тұрақтылығын қалыптастыру. Осы негізде гимназия 1-сыныпқа 27 мамырда сағат 10.00-да; 5, 7-9 сыныптарға 27 мамыр сағат 15.00-те қабылдау емтиханын жүргізеді.
Гимназияда «Ғасыр данасы» атты онкүндігі өтуде
07-04-2016 11:13
Гимназияда «Ғасыр данасы» атты онкүндігі өтуде
4-14 сәуір аралығында гимназияда Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 117 жыл толуына арналған «Ғасыр данасы» атты онкүндік өтуде. 6 сәуір күні 3-тілде "Әлем таныған ерен тұлға" атты танымдық кеш өтті. Өзінің халқын өзінен биік қоя білген Қаныш ағамыздың асыл қасиеттері мен еліне деген сүйіспеншілігін көрсете білген оқушыларымыздың өнеріне «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан келген қонақтар да қатысып, дән риза болды.
ІІ Республикалық Педагогикалық оқуларының облыстық кезеңі
04-04-2016 10:30
ІІ Республикалық Педагогикалық оқуларының облыстық кезеңі
2016 жылы 31 наурызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» II Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңі өткізілді. Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна І дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
Экономикадан республикалық турнир
03-04-2016 11:32
Экономикадан республикалық турнир
2016 жылы наурыздың 28-30 күндері аралығында Алматы қаласының Қазақ-Британ техникалық университетінде "Дарын" РҒПО «Джуниор Эчивмент Қазақстан» әлеуметтік қорымен бірлесіп экономикадан республикалық турнирін өткізді. Біздің гимназиямыздың 11 сынып оқушысы Асқарбек Әділ жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, кубокпен экономика және Статистика Академиясының оқу грантына ие болды. Жетекшісі Сыздыков Азамат Жанайдарович.
Республикалық пән олимпиадасының жұлдегері
31-03-2016 14:20
Республикалық пән олимпиадасының жұлдегері
2016 жылғы наурыз айының 15-28 аралығында Көкшетау, Петропавл қалаларында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша құқық негіздері пәнінен 11-сынып оқушысы Турапекова Айым ІІІ орынға ие болды және ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен 10 сынып оқушысы Жанкушуков Аманат марапатталды. Мұғалімі Сыздыков Азамат Жанайдарович. Құттықтаймыз!
Биік шыңнан көрінген «Айгөлек» бишілері
31-03-2016 13:33
Биік шыңнан көрінген «Айгөлек» бишілері
Көктемгі демалыс уақытында Астана қаласында өткен Х Халықаралық «Ақкөгершін» фестиваль байқауына «Айгөлек» би ансамблінің кіші тобы қатысып ГРАН ПРИ иеленді. Сондай-ақ Астана қаласында өткен «Грация» халықаралық байқауында І жүлделі орынды иеленді. Ансамбльге көп жыл жетекшілік етіп келе жатқан шығармашыл, әрі өз ісінің шебері хореограф Зембаева Динара Нигматуловна «Үздік педагог» номинациясы бойынша марапатталды. Құттықтаймыз!
Жұлдызға қадам
30-03-2016 10:11
Жұлдызға қадам
25 наурыз күні Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында «Жұлдыздар бізге жарқырайды» атты облыстық жас астрономдарының слеті өтті. Аталмыш слетке гимназиямыздың 10 сынып оқушысы Галиева Камила қатысып ІІІ жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі Атик Бибигуль Васильевна. Жүлдеге қол жеткізген оқушымыз бен ұстазымызды құттықтаймыз!
«Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» Х республикалық олимпиадасының жеңімпазы
28-03-2016 05:41
«Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» Х республикалық олимпиадасының жеңімпазы
25-26 наурыз аралығында «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Астана қаласында өзге ұлт оқушылары арасында «НұрОрда» мектеп-лицейінің базасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты республикалық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің гимназияның 5-сынып оқушысы Фелькер Аделя І дәрежелі димломмен марапатталды. Мұғалімі Есенгожина Акмарал Еркеновна. Құттықтаймыз!
Наурыз мерекесі қарсаңында
20-03-2016 07:19
Наурыз мерекесі қарсаңында
Наурыз мерекесі қарсаңында 18 наурыз күні гимназияда түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. 5-11 сынып оқушылары «Қош келдің Әз-Наурыз» мерекесінде әрбір сынып бір ауыл болып, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ұлттық тағам бағыттары бойынша сайысып, өнерлерін ортаға салды. Оқушылардың халқымыздың тамаша дәстүрлерінен көріністер көрсетіп, салтымызды дәріптеуі, болашақ ұрпақты ұлтжанды болуға тәрбиелері анық.