Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
Ата-аналар арасында өткен сайыс
04-03-2023 19:45
Ата-аналар арасында өткен сайыс
Облыстық дарынды балаларға арналған мектептердің ата-аналары арасында өткен волейболдан гимназия командасы 2-орынды иеленді. Команда мүшелері мен гимназия ата-аналарын жүлделерімен құттықтаймыз. Әрдайым қолдау көрсетіп , гимназия намысын қорғап, Ақсудың атын шығарып келген ата-аналарға алғысымыз шексіз. Команда мүшелері ұтып алған жүлделеріне оқушыларға спорттық киім сатып әперді.
"Дарындылар додасы" атты психологиялық марафон
01-03-2023 21:22
6 а, 6 ә, 6б сыныптары арасында "Дарындылар додасы" атты психологиялық марафон өтті. Марафон барысындағы сайыстар логикалық ойлауды,шығармашылық қиялды, есте сақтау мен зейінді жаттықтыруға, құрбыларымен қарым-қатынасты дамытып, ынтымақтастықты арттыруға бағытталды. Сонымен қатар көшбасшылар, идея ұсынушылар анықталды. Балалармен "Логика әлемінде", "Бәйге", "Кім байқағыш", "Қиялшылдар", "Капитандар сайысы", "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" атты сайыстар ұйымдастырылды.
"Әбіш оқулары" облыстық байқауының жүлдегерлері
01-03-2023 21:09
2023 жылғы 28 ақпанда “Ертіс дарынды” өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы “Әбіш оқулары” байқауының облыстық кезеңін өткізді. Байқау қорытындысы бойынша “Иллюстрациялық сурет” бағыты бойынша Салих Ақбота Құрмет грамотасымен марапатталып, “Шығармашылық жұмыс“ бағыты бойынша Қайырғалым Жансұлу ІІІ орынды иеленді. Жетекшілері Солтан Гүлжазира Кабдылкаримовна мен Нургалиева Дария Амантаевна. Құттықтаймыз!
Ақсу қаласы мектептері арасында "Ертегілер әлемінде" квест ойыны
26-02-2023 19:20
Ақсу қаласы мектептері арасында
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Ақсу қаласы мектептері арасында “Ертегілер әлемінде" квест ойыны өтті. Абай атындағы және Ы.Алтынсарин мектебі, гимназия оқушылары оқыған ертегілері туралы түрлі сұрақтарға жауап беріп, ертегі кейіпкерлерін сипаттау, шатасқан ертегілерді мазмұнына қарай реттеу, түйінді ойды табу, мақал-мәтелдерді ертегі мазмұнына сәйкестендіру сияқты тапсырмалар орындады.
"Жайдарлы Жас Ұлан" облыстық интеллектуалдық сайысының жүлдегерлері
26-02-2023 19:09
24 ақпан Оқушылар сарайында "Жайдарлы Жас Ұлан" облыстық интеллектуалдық сайысында 11 команда бақ сынасты. Гимназиямыздың "Сәтбаев балалары" КТК командасы 2 жүлделі орынды иеленді. Ал команданың белсенді ойыншысы Абдрахманова Аделия "Үздік ойыншы" атанды. Команда құрамы: Махсатқан Қымбат, Бакраденова Индира, Базар Бауыржан, Ашен Бейбарыс, Канатов Алихан, Абдрахманова Аделия, Омарханова Алуа.
Бастауыш сынып апталығының қорытындысы
26-02-2023 17:04
Бастауыш сынып апталығының қорытындысы
Бастауыш сынып апталығының соңғы күні түрлі сайыстар мен олимпиадаларға, іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталды. "Көркем жазу" байқауына 10 оқушы қатысты: I орын 1, II орын 4, III орын 5 Қазақ тілі пәні бойынша 4- сыныптар арасындағы олимпиада қорытындысы: I орын 1, II орын 2. III орын 2. Математикалық" Алтын сақа " олимпиадасының жеңімпаздары: I орын 2, II орын 4, III орын 4.
Ата-аналар арасындағы волейбол жарысы
25-02-2023 16:17
Ата-аналар арасындағы волейбол жарысы
Гимназияда ата-аналар арасындағы волейбол жарысы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Биылғы жарысты өткізуге 6”а” сынып ата-аналары бастамашыл болды. Жарысқа 3, 4, 5, 6 сынып ата аналары командалары қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде: ЖЕҢІМПАЗ - 6”А” сынып командасы; 1-орын - 4”Ә” сынып командасы; 2-орын - 5”А” сынып командасы; 3-орын - 3 сынып командасы.
Облыстық Тоғызқұмалақ жарысының жүлдегерлері
24-02-2023 18:05
Облыстық Тоғызқұмалақ жарысының жүлдегерлері
Дарынды мектептер арасында ұйымдастырылған облыстық Тоғызқұмалақ жарысында оқушыларымыз биік жетістіктер көрсетті: 1 орын Каркен Айя,4а сынып оқушысы; 2 орын Төлеу Алихан,10 сынып оқушысы; 2 орын Шахмет Арнұр,8ә сынып оқушысы; 3 орын Асанбай Жадыра, 9а сынып оқушысы. Оқушыларымызды және жетекшілері Хавал Нұртай мен Ермек Маратұлын құттықтаймыз!
Кіші дебат топтарының арасында пікірсайыс
24-02-2023 16:51
Кіші дебат топтарының арасында пікірсайыс
Психология апталығының аясында кіші дебат топтарының арасында пікірсайыс болып өтті. Пікірсайыстың мақсаты жас жеткіншектердің шешендік өнерін дамыту, еркін сөйлеп көзқарастарын дәлелдеуге үйрету. Пікірсайыс БПФ форматында болып өтті. Ойынның қарары: "Бұл палата балаларының төмен бағалары үшін ата-аналарына айыппұл салады". Пікірсайыстың жеңімпаздары 5а-сынып оқушылары Амангелді Назира, Жаналхан Айсұлтан.
Бастауыш сынып апталығы
23-02-2023 16:05
Бастауыш сынып апталығы
Бастауыш сынып апталығы барысында "Таңғажайып табиғат", "Алтын асық", "Сөзмерген" танымдық-зияткерлік ойындары өткізілді.
Бастауыш сыныптар апталығы
22-02-2023 16:15
Бастауыш сыныптар апталығы
Бастауыш сыныптар апталығы аясында 3-4-сынып оқушылары М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың 130 жылдығы, Төле бидің 360 жылдығына орай өмірбаяны мен шығармашылығы туралы таныстырылым әзірлеп, сыныптастарына таныстырды. Сонымен қатар 4-сыныптар арасында қазақ тілінен олимпиада ұйымдастырылды.
Психология апталығы
21-02-2023 19:29
Психология апталығы
Психология апталығында оқушылармен қозғалмалы әрі қызықты ойындар өткізілді. 3-5 сынып оқушылары ойындар арқылы бірігіп әрекет етуге,шешім қабылдауға және қолдау көрсетуге үйренді.