І облыстық гуманитарлық олимпиадасының жүлдегерлері
2021 жылғы 12 наурыз күні 8-11 сынып оқушыларына арналған І облыстық гуманитарлық олимпиада онлайн режимінде Goоgle-disk платформасында өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Кожабергенов Думан, 9ә-сынып оқушысы Қайрат Ләйлә І орын, 11-сынып оқушысы Берденбекқызы Әмина, 8-сынып оқушысы Каиржанова Аида ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық "Жыл тәлімгері - 2021" байқауының жеңімпазы
Облыстық "Жыл тәлімгері - 2021" байқауында гимназияның аға тәлімгері Кушова Ақмөлдір Сағынбайқызы "Баға жетпес тәжірибе" номинациясы бойынша 1-орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Гимназия оқушысы "Елбасы медалi" жобасының Қола медаліне ие болды
10-сынып оқушысы Жәнібек Жансая "Елбасы медалi" жобасының Қола медалін иеленді. Мектеп әкімшілігі облыс әкімінің тапсырмасын орындау және дарынды оқушыларды қолдау мақсатында Жансаяға 50 мың теңге сыйақы тағайындады. Болашағыңның жарқын күндерiнiң есiгi сен үшін айқара ашық, мақсатың айқын, әр қадамың нық болсын, Жансая!
Облыстық пән олимпиадасының қорытындысы
2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында онлайн режимде 9-11 сынып оқушыларының арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары 13 жүлделі орынға ие болды. Оқушыларды және оларды дайындаған ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Республикалық кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
VІІІ облыстық математикалық турнирінің жүлдегерлері
2021 жылдың 18 ақпан күні қашықтықтан VІІІ облыстық математикалық турнир өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша 2-сынып окушысы Култаев Шахзат ІІІ орын, 3-сынып окушылары Амангелді Назира ІІ орын, Мукарамов Амир ІІІ орын, 4-сынып окушылары Баисов Санжар, Қибрат Кәрім ІІ-орын жүлдегерлері атанды. Жетекшілері Омарова А.Р., Нахметова А.Н., Амренова А.Б., Аубакирова А.И. Жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз!
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің апталығының қорытындысы
2020-2021 оқу жылының 15-19 ақпан аралығында Бастауыш әдістемемелік бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың алғашқы күні қазақтың ақииық ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналды. Бұл күні «Мұқағали оқулары» деп аталып, әр сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, ақын өлеңдерін жатқа оқу ұйымдастырылды. Әр сыныпта қызықты тәжірибелер, зерттеулер жүргізіліп, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға көңіл бөлінді.
«Өзін-өзі тану: педагогика мен шығармашылық» онкүндігі апталығы
8.02-12.02 аралығында «Өзін-өзі тану: педагогика мен шығармашылық» онкүндігі апталығы өткізілді. Апталық аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
"Өзін-өзі тану: шығармашылық пен махаббат" онкүндігі аясында 1 сынып оқушылары әдептілік, сәлемдесудің сырын өлеңмен ашты. Бастауыш сыныптарда және 5-8 сыныптар арасында "Мейірімділік - асыл қасиет", "Барлығын жүрегіңмен өлше" тақырыбында өзін-өзі тану сабақтары өткізілді.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 2021 жылғы 9-11 ақпан аралығында онлайн режимде өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназиямыздың 8-сынып оқушысы Шайфуллина Анель (биология секциясы) ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Жахав Баян Тумэдханқызы. Құттықтаймыз!
Сыныптан тыс шараларды ұйымдастырудағы түрлі платформалардың тиімділігі
5 акпан күні Май ауданы білім беру бөлімімен ынтымақтастық жоспары негізінде Көктөбе орта мектебі мұғалімдерімен "Сыныптан тыс шараларды ұйымдастырудағы түрлі платформалардың тиімділігі" атты қашықтық вебинар ұйымдастырылды. Гимназияның тәрбие жөніндегі орынбасары Гульбану Бакирбекова мен аға тәлімгер Ақмөлдір Кушова сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру барысында қолданылатын түрлі сайттар мен білім платформаларын таныстырды.
Танымдық сұхбат
5 ақпан күні гимназияның инстаграм парақшасында, AQSU_live жобасының аясында @leyla_qazaq_brand қолөнер мектебінің негізін салушы Лейла Асетилламен кездесу өтті.
География пәні бойынша оқушыларды олимпиада жұмыстарына бейімдеу
29.01 күні ZOOM платформасы арқылы облыстық география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәні бойынша оқушыларды олимпиада жұмыстарына бейімдеу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында республикалық «Үздік педагог-2020» байқауының жүлдегерлері гимназияның география мұғалімі Альдекенова А.Т. мен Абай атындағы гимназияның география мұғалімі Төлегенов С.Б. өз тәжірибелерімен бөлісті.
МИФ апталығы аясында өткізілген іс-шаралар
25.01-29.01 аралығында МИФ апталығы өткізілді. Апталық аясында келесі іс-шаралар өткізілді: 5-7 сынып аралығында "Ең ақылды" интеллектуалдық ойыны; 8-сынып оқушылары арасында "Білгір химик - ХХІ ғасыр" интеллектуалды сайыс сабағы; гимназия түлегі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті зерттеу мен талдаудың физикалық – химиялық орталығы PhD докторы Хаиса Авчукирмен онлайн кездесу өтті.