«Әбіш оқулары» облыстық байқауының жүлдегерлері
2021 жылғы 20-26 қаңтар аралығында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Әбіш оқулары» облыстық байқауын онлайн форматта өткізді. Байқаудың қорытындысы бойынша: «Иллюстрациялық сурет» бағытында 9 сынып оқушысы Муханова Дильназ 2 орын, 11 сынып оқушысы Хаманай Асхат 3 орынға ие болды. Жетекшілерін және оқушыларды жүлделерімен құттықтаймыз!
МИФ әдістемелік бірлестігінің апталық жоспары
2020-2021 оқу жылының 25-29 қаңтар аралығында өтетін МИФ әдістемелік бірлестігінің апталық жоспары
«Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсынының жүлдегері
Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсының қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Бейсебаева Дана ІІІ орын иеленді. Дана мен мұғалімін құттықтаймыз!
Гимназия түлегімен кездесу
23 қантар күні гимназиямыздың түлегі, қазіргі кезде Мәскеудің ұлттық зерттеу университетінің "Экономика жоғары мектебі" студенті Боранбай Биханмен онлайн кездесу ұйымдастырылды.
"Тайм менеджмент - уақытты басқару технологиясы" тақырыбында педагогикалық кеңес
15 қаңтар күні "Тайм менеджмент - уақытты басқару технологиясы" тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Қашықтықтан өткізілген педагогикалық кеңес барысында мақсатқа жету бағытында әрекеттерді дұрыс жоспарлау, мақсатты айқындау, талдау және ынталандыру, басым бағыттарды ескере білудің маңыздылығы терең талданды. Тайм менеджменттің білім саласында қолдануға тиімді технологиялары таныстырылды.
Облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлері
2021 жылғы 13-15 қаңтарда 7-8 сынып оқушыларына арналған облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша математика пәнінен Амангелді А., Кабдулла Д., Амангелді Е. 2 орын, биология пәнінен Нургалиева М. 3 орын, физика және химия пәнінен Сәду Д. 3 орын, география пәнінен Толеуханова С. 2 орын, Асанбай Ж., Каирбаева М. 3 орынға ие болды. Олимпиаданың жүлдегерлерін және олардың мұғалімдерін құттықтаймыз!
"Мен туған күн - азат күн" онлайн байқауы
ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген "Мен туған күн - азат күн" онлайн байқауының нәтижесі белгілі болды. Тәуелсіздік күні дүниеге келген 5-сынып оқушысы Нургалиев Аңсар жүлделі ІІ рынды иеленді. Аңсар облыстық кітапхана атынан дипломмен және сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!
Super World Talent 2020
Наши новые достижения на международном онлайн фестиваль конкурсе “Super World Talent 2020” под организацией международного открытого проекта «Конкурс - Премия - Книга» Великобритания (Лондон). Судейская коллегия состояла из профессионалов с разных стран (Болгария, Великобритания, Украины, Молдавия), которые дали высокие баллы 100/100. С победой Динара Нигматуллаевна!
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық онлайн олимпиадада 6-сынып оқушылары Атакан Дінмұхамед және Саду Ислам ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы
2020 жылғы 22 желтоқсанда 9-11 сынып оқушыларына арналған экологиядан «Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға гимназиямыздың оқушылары қатысып, жүлдегер атанды. Олар 10-сынып оқушылары: Тоқтасин Алмаз, Касенова Ажар – ІІ орын, Жамбыл Ақмарал, Айгожина Адина ІІІ орын. Олимпиада жүлдегерін және география пәнінің мұғалімі Анар Толыбаевна Альдекенованы құттыктаймыз!
Көктебе ауылы мектебінің психологтарымен вебинар
2020 жылдың 22 желтоқсанында Май ауданы Көктебе ауылы мектебінің психологтарымен вебинар өтті. Қарастырылған тақырыптар: «Мұғалімнің психологиялық саулығы», «Кәмелетке толмаған балалармен болатын зорлық-зомбылық мәселесі және оны анықтау». Вебинарды ұйымдастырған гимназия психологы Шаймарданова Назигуль Тусуповна
Облыстық үшсайыстан онлайн турнирінің жүлдегерлері
Тәуелсіздік күніне орай аймақтық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған облыстық үшсайыстан онлайн турнирінде 5-сынып оқушылары Маратұлы Ибрагим І орынды, Жанатбекқызы Махаббат І орынды, Мырзагумарова Жібек ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарымызды және жетекшілерін құттықтаймыз!