Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
2-4 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік «Жас өркен» олимпиадасы
08-04-2021 14:36
2-4 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік «Жас өркен»  олимпиадасы
7 сәуірде 2-4 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Жас өркен» олимпиадасы өткізілді. Олимпиада тапсырмалары функционалды сауаттылыққа негізделіп, К.И.Сәтпаевтың еңбектері бойынша құрастырылды.
«Оқушыларды ғылыми жоба жұмысына бейімдеу» тақырыбында семинар
07-04-2021 14:08
«Оқушыларды ғылыми жоба жұмысына бейімдеу» тақырыбында семинар
6 күні Сәтбаев апталығының аясында өзара әрекеттестік және қолдау жоспары негізінде Май ауданының гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерімен «Оқушыларды ғылыми жоба жұмысына бейімдеу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында жоғары оқу орындарының ғалымдары ФҒК Амренов А.Д., ФҒК Ашимбетова Р.Д. және жаратылыстану жоғары мектебінің аға ұстазы Омаров М.Г ғылыми жұмысқа қойылатын талаптар туралы айтты
"Балалар кітабы" апталығы
06-04-2021 19:05
"Балалар кітабы" апталығына аясында "Ұтқыр да, тапқыр" сайысы өткізілді. Сайысқа 3 сыныптардан құралған "Ұтқырлар" және "Тапқырлар" тобы қатысты. Сайыскерлер "Сөз тапқанға", "Қызықты ұйқастыр", "Кім жылдам", "Бәйге", "Кітапқа жарнама" атты кезеңдерде оқыған кітаптары туралы сұрақтарға жауап беру, қызықты ұйқастар құрастыру, кітапты жарнамалаудан сүрінбей өтті. Әр оқушының білімі мен тапқырлығы арқасында топтaр жақсы нәтиже көрсете білді.
STEAM жаттықтырушыларын оқытуға арналған бағдарламаланың иегері
06-04-2021 18:15
STEAM жаттықтырушыларын оқытуға арналған бағдарламаланың иегері
«Caravan of Knowledge» жобасы аясында гимназиямыздың физика және информатика пәнінің мұғалімі Атик Бибигуль Васильевна халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеудің барлық 3 кезеңінен сәтті өтті, сонымен қатар жыл бойы (2021 жылдың сәуір мен желтоқсан айы аралығында) Тайланд, АҚШ және Ұлыбритания жоба серіктестерінің бағдарламалары бойынша мамандандырылған оқытудан өтеді.
«Ғасыр данасы» апталық жоспары
05-04-2021 17:19
«Ғасыр данасы» апталық жоспары
Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 122 жыл толуына байланысты өткізілетін «Ғасыр данасы» апталық жоспары.
"Заңды білу - еркін жүру" танымдық шара
04-04-2021 14:18
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру - бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру қағидасының бірі. Осы мақсатта 2-сәуір күні 9 сынып оқушыларымен ҚР заңдарын түсіндіру және өз құқықтарын қорғау мен міндеттерін айқындауда "Заңды білу - еркін жүру" танымдық шарасы өткізілді.
«Педагогикалық шеберлік - 2021» облыстық байқауының жүлдегері
03-04-2021 12:10
«Педагогикалық шеберлік - 2021» облыстық байқауының жүлдегері
30.03-31.03 күндері «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының бастамасымен «Педагогикалық шеберлік - 2021» облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша гимназиямыздың география пәнінің мұғалімі Альдекенова Аанр Толыбаевна ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2021" байқауының жүлдегері
26-03-2021 14:18
Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық мектептер арасындағы "Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2021" байқауында гимназиямыздың дене шынықтыру мұғалімі Хавал Нұртай 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас ұрпақ» жас мамандарға арналған семинар-тренинг
20-03-2021 16:23
«Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас ұрпақ» жас мамандарға арналған семинар-тренинг
2021 жылдың 12 наурыз күні гимназияда «Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас ұрпақ» атты жас мамандарға арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке жас мамандар және олардың тәлімгерлері қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты мен міндеттері: жас мамандарға көмек көрсету кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру, жағымды атмосфера құру, ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру.
VIII Аймақтық жас математиктер турнирінің жүлдегері
19-03-2021 14:13
VIII Аймақтық жас математиктер турнирінің жүлдегері
Павлодар қаласында ZOOM платформасында 2021 жылғы 15 наурыз айында VІІІ Аймақтық жас математиктер турнирі өткізілді. Гимназияның 8-сынып оқушысы Павлодар облысының «Функция» құрама командасының құрамында Қабдулла Даниял 3 орынға ие болды.
І облыстық гуманитарлық олимпиадасының жүлдегерлері
13-03-2021 18:21
І облыстық гуманитарлық олимпиадасының жүлдегерлері
2021 жылғы 12 наурыз күні 8-11 сынып оқушыларына арналған І облыстық гуманитарлық олимпиада онлайн режимінде Goоgle-disk платформасында өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Кожабергенов Думан, 9ә-сынып оқушысы Қайрат Ләйлә І орын, 11-сынып оқушысы Берденбекқызы Әмина, 8-сынып оқушысы Каиржанова Аида ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық "Жыл тәлімгері - 2021" байқауының жеңімпазы
05-03-2021 17:03
Облыстық
Облыстық "Жыл тәлімгері - 2021" байқауында гимназияның аға тәлімгері Кушова Ақмөлдір Сағынбайқызы "Баға жетпес тәжірибе" номинациясы бойынша 1-орынға ие болды. Құттықтаймыз!