Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Ұлы ғалымның есімі берілді
20-12-2022 16:13
Ұлы ғалымның есімі берілді

Тәуелсіздік күні қарсаныңда гимназиямызға көрнекті ғалым, геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы, жерлес академик, өз елі үшін жұлдыз болып жанған Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімінің берілуіне орай 12-15 желтоқсан аясында «Ғасыр данасы» тақырыбында апталық өтті.

«Ғасыр данасы» апталығы аясында  5-6 сынып оқушылары арасында  Кіші Сәтбаев» олимпиадасы өткізілді. Олипиадаға 118 оқушы қатысып, 35 оқушы жүлдегер атанды. 10 сынып оқушыларымен «Әлем тізгіні білімділер қолында» атты Tarsia әдісімен танымдық ойын өткізілді. Қағаз қиындыларындағы академиктің өмірбаяны, еңбектері туралы сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып фигуралар құрастырды. Оқушылар  Академиктің еңбегі мен өмірбаянынан қызықты ақпараттар тауып, білімдерін толықтырды.  3-4 сынып оқушылары «Дара тұлға»  мульфильм көріп, әрбір сыныпта «Өшпес есім» тақырыбында  сынып сағаттары өтті.

Апталықты қорытындылау барысында   әлемге әйгілі Қаныш ағамызға арналған «Даланың дана ұлы» атты конференция өтті. Конференциянының мақсаты оқушыларға Қ.И.Сәтбаев туралы мәліметтер беру, еңбектерін зерттеулеріне қызығушылықтарын арттыру, даланың дана ұлының есімің ұлықтау. Конференцияға қатысқан қонақтар Қаныш ағамыздың елімізде ғылымның қалыптасуындағы сара жолын, елі үшін сіңірген еңбек жолымен бөлісті.

Олар Ақсу қаласының әкімінің орынбасары Н. Байбакиров, ардагер ұстаздарымыз Р.Х. Сламбекова , Б.Ш. Ибраева, Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы М.Ғ. Сүлейменова, облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Б.Т. Аушахманова, Жазушылар одағының мүшесі, жерлес ақын ағамыз Сапаров Ғ.К., Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалықуниверситетінің аға оқытушысы, география магистрі М.Г. Омаров , Торайғыров университетінің PhD докторы, тарих кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.И. Рахимов, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Ж. Марданов  атындағы қоғамдық бірлестік мүшесі, өлкетанушы Б.Х. Ескендиров , қалалық БАҚ өкілдері.                                                        

Конференция қорытындысы бойынша Қ. Сәтбаев атындағы ғылыми-зерттеу  орталығын ашу, ғалымның атындағы түрлі дәстүрлі шаралар ұйымдастыру ұсынылды.

Гимназиямызға тұңғыш академик Қ.И. Сәтбаевтың есімінің берілуі дарынды оқушыларды үлкен үмітке жетелейді.  Қ. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі жас ұрпаққа үлкен үлгі.