Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жолдары
19-01-2023 19:23
АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жолдары

13 қаңтар күні гимназияда «АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жолдары» тақырыбында коучинг өтті. Коучинг мақсаты: педагогикалық іс-әрекетте ақпараттық-комуникациялық технологияның қолдану тәжірибесін көрсету, АКТ қолдануда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жағдай жасау. Коучингта гимназия ұстаздары өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп,  АКТ құралдарын тиімді қолдану жолдарын ұсынды. Коучинг барысында ағылшын тілі мұғалімі Сыздыкова Мадина Канапьяновна Wordwall.net сервисінің көмегімен интерактивті тапсырмаларды әзірлеу, орыс тілі мұғалімі Тулеубаева Кульжайнат Бекежановна Google Disk-тің көмегімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен, информатика мұғалімі Абылгазина Эльмира Турагуловна TurboSite қосымшасының көмегімен электрондық оқулықты әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Коучинг барысында гимназия мұғалімдері ұсынған АКТ құралдарын практика жүзінде қолданды. Коучинг соңында Padlet виртуалды тақтасының көмегімен кері байланыс жасалды, коучингқа қатысқан мұғалімдер қажетті құнды мәліметтер алғаның білдірді.