Бастауыш сынып оқушылары арасындағы ІV облыстық математикалық турнир
2016 жылғы 2 қарашада Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беретін мектебінде 2-4 сынып оқушылар арасында ІV облыстық математикалық турнир өткізілді.
Гимназияның командасы командалық кезеңде бірінші лиганың І дәрежелі дипломымен марапатталды. Команда құрамында Боранбай Жамиля, Амангельді Айжан және Алимова Томирис. Құттықтаймыз!
«Тәуелсіз - тұғырым» атты көркемсурет байқауы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай "Қазақстан патриоты" республикалық әскери-патриоттық журналымен ұйымдастырылған оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған «Тәуелсіз - тұғырым» атты көркемсурет байқауында 6-сынып оқушысы Булат Айдана Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Солтан Гүлжазира Қабдылкәрімқызы.
«Экспо 2017» - баламалы энергия көзі
«Болашақ қуаты» тақырыбына арналған «Экспо 2017» көрмесі елордамызда өтетін атаулы шаралардың бірі. Осы көрме туралы оқушылардың танымын кеңейту мақсатында гимназияда 27 қазан күні «Экспо 2017» тақырыбында 7-11 сынып оқушылармен танымдық кездесу өткізілді.
Кездесу соңында 7-9 сынып оқушылары арасында шағын сайыс өткізіп, қоршаған ортаны қорғаудың үздік ұсынысы бойынша «Үздік идея» иелерін марапаттады.
Жаңа формат - жаңа мүмкіндіктер
Гимназияда әдістемелік ұйымының ұйымдастыруымен 03.10-29.10 аралығында «Жаңа формат - жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында мұғалімдерге арналған айлық өткізілді.
Айлық аясында деңгейлік сертификатталған Альдекенова А.Т., Шаймарданова Н.Т., Нургалиева С.Е., Кабылбекова А.С., Атик Б.В., Тулеубаева К.Б. және ол мұғалімдерден тәлім алушылар Сыздыкова М.К., Абраева Д.Е., Шапауова Ә.С. ашық сабақтар берді.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық олимпиадасы
2016 жылғы 14 қазан күні Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Конкурс қорытындысы бойынша гимназияның 8 сынып оқушысы Жомарт Ақтоты ІІ дәрежелі дипломмен және 9 сынып оқушысы Кабулдинова Меруерт ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
ХІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсының облыстық кезеңі
2016 жылдың 12 қазанында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде ХІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсының облыстық кезеңі өтті. Біздің гимназиямыздан 7-сынып оқушысы Құрмашева Дильназ қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Дильназды және қазақ тілі мұғалімі Аскербек Құлтайұлын құттықтаймыз!
«Менің Әуезовім» атты шығармашылық конкурсы
2016 жылдың 28 қыркүйегінде Мұқтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 9-11-сынып оқушыларына арналған дәстүрлі «Менің Әуезовім» атты дарынды оқушылардың шығармашылық конкурсын өткізді. Осы конкурсқа гимназиясынан 10-сынып оқушысы Хуатбекқызы Айша қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
«Мектептің жүрегі – мұғалім» атты облыстық мереке
2016 жылғы 1 қазанда Естай атындағы ҚМС-да Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың қатысуымен ұстаздар күніне арналған «Мектептің жүрегі – мұғалім» атты облыстық мереке өтті. Осы мерекеде гимназияның физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісімен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.
«Жыл мұғалімі – 2016» облыстық конкурсының номинанты
2016 жылғы 21-22 қыркүйекте Павлодар облысы білім беру басқармасы, Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы «Жыл мұғалімі – 2016» облыстық конкурсының өткізді. Гимназияның орыс тілі мұғалімі Тулеубаева Кульжайнат Бекежановна конкурсқа қатысып, "Шабыт "номинациясына ие болды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
Гимназияда "Ұстаз мектептің жүрегі" атты мерекелік концерт өтті
30 қазан мектебімізде "Ұстаз мектептің жүрегі" атты мерекелік концерт өтті. Осы мерекелік шараға ардагер ұстаздарымыз шақырылып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Кеш барысында бишілеріміз тамаша өнерлерін арнаса, әншілеріміз мұғалімдеріне "Ұстазым", "Ардақты ұстазым" әндерін шырқады. Ардагер ұстаздарға кәсіподақ ұйымы атынан шағын сыйлықтар табыс етілді.
Тілдер айлығынының қорытындысы
Тілдер мерекесіне орай мектепте тілдер айлығы өткізілді. Айлықтың ашылуында әр қабатта оқушылар топпен мақал-мәтел, нақыл сөздер, өлеңдер айтты. Айлық барысында «1001 мақал, 101 жұмбақ», «Дарабоз» интеллектуалдық ойындары, «Дуалы ауызды Дулат ақын» тақырыбында конференция, мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді. «Тіл – достықтың құралы» атты қорытынды фестивальда әр сынып түрлі ұлттардың тілінде сәлемдесу, ән, би дайындады.
Биология пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2016 жылғы 29 қыркүйек күні дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында биология пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гимназияның 7а сынып оқушысы Амирова Айкен ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Муханова Умут Кабиденовна. Құттықтаймыз!