Үздік педагог - 2014
2-ші қазан күні Астана қаласында Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіповтың қатысуымен Мұғалімдер Күніне орай өткен салтанатты рәсімде «Үздік педагог» атағына ие болған ұстаздардың есімдері аталды. Павлодар облысынан «Үздік педагог» атағына ие болған ұстаздарының бірі гимназияның физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна. Алмагуль Серикбаевнаны құттықтаймыз!
Ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Асылы, ұстаз алдын көрмеген, оқушы болмаған тұлға кемде-кем шығар. Ал осынау мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген жандарға деген құрмет шексіз!
Құрметті ұстаздар! Сіздерге сыр бермес денсаулық, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Республикалық «Жылдың үздік психологі» конкурсының облыстық кезеңі
2014 жылғы 1 қазан күні Павлодар қаласы № 2 жалпы орта білім беру мектебенде «Жылдың үздік психологі» облыстық конкурс өтті. Конкурсқа Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінен 37 психолог қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен гимназия психологі Шаймарданова Назигуль Тусупқызы марапатталды. Назигуль Тусупқызын құттықтаймыз! Еңбегіңізге шығармашылық табыс тілейміз.
«Сұрақтар қарым-қатынастың негізгі нысаны» тақырыбында коучинг өткізілді
29.09.2014 жылы мұғалімдердің 3 айлық кәсіби біліктілігін арттыру курсының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының тәжірибелік кезеңін өтіп жатқан менторлар Тулеубаева К.Б. және Муханова У.К. «Сұрақтар қарым-қатынастың негізгі нысаны» тақырыбы бойынша коучинг сессиясын өткізді. Мақсаты: оқыту мен оқудағы жеті модуль аясында сұрақтарды дұрыс қоя білудің зерттеушілік әңгіме арқылы диалогқа түсудегі маңызын анықтау болды.
«Тілім – тірлігімнің айғағы» фестивалі
25.09 күні гимназияда тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті және шет тілдер мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілім – тірлігімнің айғағы» атты фестиваль өтті. Фестиваль барысында оқушылар мәнерлеп оқу сайысына қатысып, мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсете білді. Жүлдегер атанған оқушылар марапатталды.
Мәнерлеп оқу сайысы өткізілді
17.09 күні Тілдер мерекесі қарсаңында 3-10 сыныптар аралығында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қытай тілінде мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа барлығы 24 оқушы қатысты. Сайыскерлер 10 балдық жүйемен бағаланды. Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы.
Республикалық «Үздік педагог - 2014» байқауының жеңімпазын құттықтаймыз!
Біздің гимназиямыздың физика пәнінің мұғалімі Қабылбекова Алмагуль Серикбаевна Республикалық «Үздік педагог- 2014» байқауына қатысып, жеңімпаз болып атанды. Алмагуль Серикбаевнаны құттықтаймыз! Еңбегіңіз әрқашан жемісті болсын!
Мектеп оқушылары арасында Республикалық шығармалар байқауы өткізіледі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы, ЮНЕСКО орталығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында Республикалық шығармалар байқауын өткізеді. Байқау 1 қыркүйек 31 желтоқсан 2014 ж. аралығында өтеді.
«1000 мақал, 101 жұмбақ» атты ойын-сайысы
17.09 күні тілдер айлығына орай оқушылардың тілге деген құрметін арттырып, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 3а және 3ә сыныптары арасында «1000 мақал, 101 жұмбақ» атты ойын-сайыс өткізілді.
«Тіл білгірі» зияткерлік сайысы
16.09.14 тілдер айлығы барысында гимназияда 9-сыныптар аралығында «Тіл білгірі» зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан жас шәкірттерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру.
«Отбасы – бақыт мекені» атты акциясы өткізілді
Гимназияда 8-13 қыркүйек аралығында отбасылар күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты акция өткізілді. Акцияға мектеп оқушылары мен ата-аналар белсене қатысты. 2-3-сынып оқушылары «Менің отбасым – менің тірегім» атты тақырыпқа асфальтта суреттер салса, 4-сыныптар арасында «Бірге біз бақыттымыз» атты эмблемалар сайысы, 1-сыныптар арасында «Ынтымақты отбасы» спорттық сайысы өткізілді.
«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту» тақырыбында коучинг өткізілді
12-қыркүйек күні мұғалімдердің 3 айлық кәсіби біліктілігін арттыру курсының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының тәжірибелік кезеңін өтіп жатқан менторлар Тулеубаева К.Б. және Муханова У.К. жоспарына сәйкес «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту» тақырыбында Баядилова А.Қ. және Атик Б.В коучтері коучинг сессиясын өткізді. Коучинг сергіту сәтімен басталып, мұғалімдер «Диалог» сөзіндегі әріптерге сәйкес топтасты.