Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінің облыстық конкурсы
08-05-2014 11:01
Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінің облыстық конкурсы
2014 жылдың 5 мамыр күні Павлодар облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен "Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінің стандартына сай жабдықталуы" бойынша облыстық конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді. Гимназияның қазақ тілі мен әдебиет кабинетінің меңгерушісі Ғазиз Еңлік Ғазизқызы ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы
08-05-2014 10:28
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы
2014 жылғы 3-5 мамыр аралығында Щучинск қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша гимназия мұғалімі Сыздыков Азамат Жанайдарұлы ІІІ орынға ие болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.
Инновациялық Еуразиялық университетінде VІІ облыстық көптілдік олимпиадасы
02-05-2014 11:28
Инновациялық Еуразиялық университетінде VІІ облыстық көптілдік олимпиадасы
2014 жылдың 30-сәуір күні ИНеУ-де 10-11 сынып оқушыларының арасында VІІ облыстық көптілдік олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Қабылда Әлібек ІІІ орынға ие болды. Әлібекті және жетекшісі Нургалиева Салтанат Еркиновнаны құттықтаймыз! Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрғалиева С.Е., қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шапауова Ә.С. және орыс тілі пәнінің мұғалімі Тулеубаева К.Б. нәтижелі жұмыстарына алғыс білдіреміз.
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанаты
02-05-2014 10:30
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанаты
29-сәуір күні гимназияда «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанаты болып өтті. «Жас Ұлан» ұйымынының қатарына 20 оқушы қабылданды. «Жас Ұлан» республикалық ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау рәсімін өткізу қадірлі қонақтарымызға және осы ұйымның белсенді мүшелеріне берілді.
«Ғасыр данасы» атты апталығының қорытындысы
19-04-2014 06:00
«Ғасыр данасы» атты апталығының қорытындысы
16 сәуір күні гимназияның мәжіліс залында Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ғасыр данасы» атты апталығының жабылу салтанаты өткізілді. Салтанатты жиында республикалық, облыстық ғылыми жобалар сайысына қатысқан оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар мектепішілік кіші Сәтбаев пән олимпиадасында жүлделі орын алған оқушылар мадақтамалармен марапатталды.
«Кішкентай Мисс және Мистер - 2014»
16-04-2014 12:42
«Кішкентай Мисс және Мистер - 2014»
14 сәуір күні қалалық Балалар шығармашылық үйінде «Кішкентай Мисс және Мистер - 2014» сайысы өтті. Сайысқа біздің оқушылар қатысып, өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Сайыстың қорытындысы бойынша Олжабаева Аяла «Гран-при» жүлдесіне ие болып, «Ақсудың кішкентай ханшайымы» атанды, ал Алимжанов Әлібек «Мистер талант» номинациясымен марапатталды.
«ХІV Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясы
15-04-2014 12:13
«ХІV Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясы
2014 жылы 11-сәуір күні Павлодар қ. Торайғыров атындағы ПМУ-де «ХІV Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға гимназияның оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар 10-сынып оқушысы Успанова Айгерім – ІІ орын (жетекшісі Кыдралин К. Т.), 9-сынып оқушылары Ибрайкина Айсара (жетекшісі Муханова Ү. К.) және Турапекова Айым (жетекшісі Сыздыков А. Ж.) – ІІІ орын. Құттықтаймыз!
«Ғасыр данасы» апталығы аясында өткізілген мектепішілік кіші олимпиадасы
14-04-2014 12:13
«Ғасыр данасы» апталығы аясында өткізілген мектепішілік кіші олимпиадасы
Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толуына байланысты «Ғасыр данасы» атты апталығы барысында 11-сәуір күні 5-7-сынып оқушылар арасында кіші олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға 98 оқушы қатысып, 52 оқушы жүлделі орынға ие болды. "Ең үздік кіші олимпиадалық сынып" номинациясына 7ә-сынып ие болды. 6a-сынып оқушысы Калиева Дильназ "Абсолютты жеңімпаз" болып атанды.
Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл
14-04-2014 06:16
Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл
2014 жылы 12 сәуір күні Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толуына орай дәстүрлі түрде оқушылар Қ.И.Сәтбаев мүсініне гүл шоқтарын қойды. Оқушылар Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы өлең жолдарын оқыды. Сонымен қатар 1-сынып оқушылары «Гимназист» қатарына қабылданды. 11-сынып оқушылары салтанатты түрде 1-сынып оқушыларына «Гимназист» төсбелгісін тақты.
"Инновациялық Павлодар - 2014" атты инновациялық жобалар сайысының жеңімпазы
12-04-2014 09:24
Павлодар қаласындағы ИнЕУ-де ақпан-наурыз айлары аралығында 9-11-сыныптар оқушылары арасында «Инновациялық Павлодар - 2014» атты инновациялық жобалар сайысы өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша гимназияның 11-сынып оқушысы Тлеумов Даниял жеңімпаз болып атанды және Инновациялық Еуразия университетінде оқу грантын иеленді. Даниялды және оның жетекшісі Абылгазина Эльмира Турагуловнаны жеңістерімен құттықтаймыз!
Кәсіби біліктілікке - жаңаша көзқарас
12-04-2014 07:29
Кәсіби біліктілікке  -  жаңаша көзқарас
Мұғалімдердің 3 айлық кәсіби біліктілігін арттыру курсының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының тәжірибелік кезеңің өтіп жатқан ұстаздарымыз Джамалбаева С.С., Аккентаева К.М., Дүйсембаев Ә.Қ. 11-сәуір күні «СТО - сынау емес, шыңдалған ойлау» тақырыбында коучинг сессия өткізді.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
12-04-2014 06:11
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2014 жылғы 10 сәуір күні «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» облыстық педагогикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың негізгі шарты дарынды балалармен жұмыс, педагогикалық идеялар, жобалар, шығармашылық нәтижелермен алмасу болды. «Гуманитарлық ғылымдар» бағытында гимназияның экономика және құқық негіздері пәнінің мұғалімі Сыздыков Азамат Жанайдарұлы І орынға ие болды. Азамат Жанайдарұлын құттықтаймыз! Еңбегіңіз әрқашан жемісті болсын!