Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Республикалық «Зерде» конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
02-02-2015 10:35
Республикалық «Зерде» конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2015 жылғы 29 - 30 қаңтарда Щучинск қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» атты іздену жұмысы және ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша біздің гимназияның 5 сынып оқушылары Успанова Аймира мен Жандарбек Акрам ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Кадырбаева Гүлжахан Раиимовна. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!
19-24.01.15 жаратылыстану пәндерінің апталығы өтті
30-01-2015 05:44
19-24.01.15  жаратылыстану  пәндерінің апталығы өтті
2015 жылдың 19-24 қаңтар аралығында гимназияда жаратылыстану пәндерінің апталығы өтті. Апталық кезінде өткізілген іс-шаралар арқылы мұғалімдер оқушылардың осы пәндерден терең білімдерін, ұшқыр ойларын дамыта түсті, оқушылар ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдірді, тапсырмаларға жылдам, дұрыс жауап беріп, жаратылыстану пәндеріне деген көзқарастарын ауқымды білімдерімен көрсете білді.
Облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
20-01-2015 10:25
Облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2015 жылғы қаңтар айының 9-ы мен 11-ы күндері аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті негізінде 15 пән бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Біздің гимназиядан олимпиадаға 31 оқушы қатысып, 13 оқушы жүлделі орынға ие болды. Кабылда Алибек С.Торайғыров атындағы ПМУ университетінің білім грантына ие болды.
"Алтын асық" облыстық интеллектуалдық ойынның нәтижелері
06-01-2015 07:29
2014 жылдың 26 қарашасында 1-4- сынып оқушылары арасында өткізілген «Алтын асық» облыстық интеллектуалдық ойынның нәтижелері шықты. 1- сынып оқушылары Жалешева Айым мен Тоқтамысов Олжас І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Құрметті әріптестер!
03-01-2015 04:21
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2015 Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Жаңа жыл барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, шуақты күндер тілейміз.
18-23 желтоқсан аралығында МИФ апталығы өтті
29-12-2014 06:33
18-23 желтоқсан  аралығында МИФ апталығы өтті
Гимназияда 2014 жылдың 18-23 желтоқсан аралығында математика, физика, информатика пәндерінің апталығы өтті. Апталықта жоспарланған іс-шаралардың барлығы кесте бойынша өткізілді.
«Ең үздік инновациялық жоба» облыстық конкурсы
20-12-2014 09:34
«Ең үздік инновациялық жоба» облыстық конкурсы
2014 жылы 19 желтоқсан күні Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Ең үздік инновациялық жоба» облыстық конкурсын өткізді. Конкурса олбыстың қала және аудан мектептерінен 13 жоба ұсынылды. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназияның информатика пәнінің мұғалімі Абылгазина Эльмира Турагуловна ІІ орынға ие болды. Эльмира Турагуловнаны құттықтаймыз!
VIIІ Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі
20-12-2014 09:23
VIIІ Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі
2014 жылы 11-12 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайы базасында VIIІ Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Республикалық фестивальдің қорытындысы бойынша гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бекбасова Бахтула Шариповна «Өз ісінің шебері» номинациясына ие болды. Бахтула Шариповнаны шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
"Ақбота" Республикалық интеллектуалдық марафонының нәтижелері
20-12-2014 09:21
2014 жылдың 30 қазанында 3-10 сынып оқушылары арасында өткізілген «Ақбота» интеллектуалдық марафонының нәтижелері шықты. Бастауыш сыныптар арасында 3-сынып оқушылары Майданова Адия, Кабдиев Ислам, Бакибаева Айжан, Малибекова Дильназ және 4-сынып оқушысы Булат Айдана ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Оқушылардың қалалық дәстүрлі спартакиадасы
20-12-2014 09:20
Оқушылардың қалалық дәстүрлі спартакиадасы
2014 жылы 18 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ақсу қаласында қалалық мектептер арасында шахмат және дойбы жарысы өткізілді. Жалпы командалық есепте гимназия командасы шахматтан І орын, дойбыдан ІІ жүлделі орынды иеленді. Оқушыларды дайындаған жаттықтырушы Бекбасова Бахтулла Шариповна. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Қазақ тілі пәнінен КИО нәтижелері
20-12-2014 06:02
Қазақ тілі пәнінен КИО нәтижелері
2014 жылы 12 желтоқсан күні қазақ тілі пәнінен КИО өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 8-сынып оқушылары Боранбай Бихан, Амангельдинова Лаура – І орынға (мұғалімі Дүйсембаев Әскербек Құлтайұлы), 9ә-сынып оқушысы Аршабаева Айша, 8-сынып оқушысы Алимова Нұрай – ІІ орынға (мұғалімі Шапауова Әсем Сембіқызы) ие болды. Оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерді құттықтай отырып, жаңа жеңістер тілейміз!
Республикалық «Менің елімнің көшбасшысы» сырттай байқауының жүлдегерін құттықтаймыз!
12-12-2014 08:05
Республикалық «Менің елімнің көшбасшысы» сырттай байқауының жүлдегерін құттықтаймыз!
Республикалық «Менің елімнің көшбасшысы» сырттай байқауында 7 "а" сынып оқушысы Калиева Дильназ «Өз елімнің өркендеуі үшін мен не істер едім?» номинациясы бойынша «Мен – елімнің ертеңімін» атты эссе жұмысы үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дария Амантайқызы Нургалиева. Жеңімпаз бен оның жетекшісін құттықтай отырып, әлі де талай шыңдарды бағындыруларына тілектеспіз!