Латын графикасын негізінде жалпықазақстандық ашық диктант акциясы
Елімізде латын графикасын негізінде жалпықазақстандық ашық диктант акциясы өтті. Республика көлемінде өткен маңызды іс-шараға біздің гимназияның 10-11 сынып оқушылары да белсене қатысты.
Облыстық спорттық бағдарлаудан жүлделі орын
22 қыркүйек күні Павлодар қаласында өткен Облыстық спорттық бағдарлаудан 11 сынып оқушысы Багауова Дильназ жүлделі ІІ орынды иеленіп, гимназия атын тағы бір асқақтатты. Жарайсың Дильназ! Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мухитова Айсулу Бокенбаевна.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық олимпиадасының жүлдегерлері
"Риясыз қызмет ете отырып бақытқа бөлену" тақырыбында 13 қыркүйек күні Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында өткен "Өзін-өзі тану" пәні бойынша облыстық олимпиадада гимназиямыздың командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда құрамында Жомарт Айдын (9-сынып) , Сайпова Асем (8-сынып) , Шайфуллина Анель (7-сынып). Жетекшілері Назигуль Тусуповна Шаймарданова мен Ақмөлдір Сагинбаевна Кушова.
«Тілдер айлығы» шеңберінде өткізілген іс-шара
Гимназияда өтіп жатқан «Тілдер айлығы» шеңберінде 12 қыркүйекте бастауыш сынып оқушыларына қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер көрсету ұйымдастырылды. Балалардың жастайынан ұлттық құндылықтарға бай, қазақ тіліндегі мультфильмдерді көріп өсуінің маңызы зор. Бұл жолы балалар теңдессіз қара күштің иесі атанған Қажымұқан палуанға арналған «Қажымұқан» мультфильмін қызығушылықпен тамашалады.
Гимназиядағы тілдер айлығы
Тіл - қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мерекені тойлау біздің гимназияда да басталды. Мерейлі мерекенің қызықты өтуіне гимназия болып ат салысайық. 2019 жылғы 2 - 30 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» шеңберінде өткізілетін іс-шаралар жоспарланды.
ХХ Республикалық Абай оқуларының жүлдегері
26-29 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы "Абай және Шәкәрім" мұражай-кешенінде мектеп оқушылары арасында өткен ХХ Республикалық Абай оқуларында гимназиямыздың 10 сынып оқушысы Баянбат Ерасыл "Абайдың қара сөздері" бағыты бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Есенгожина Ақмарал Еркінқызы. Құттықтаймыз!
«Bilim ja'ne G'ylym» атты тамыз кеңесі
26 тамыз күні Ақсу қаласында «Bilim ja'ne G'ylym» атты тамыз конференциясы өткізілді. Тамыз кеңесінде гимназиямыздың жоғары нәтижеге қол жеткізген мұғалімдері марапатқа ие болды: Атик Бибигуль Васильевна, Абылгазина Эльмира Турагуловна, Нургалиева Дария Амантаевна БжҒМ құрмет грамотасымен, Аубакирова Ақмарал Имантахуовна мен Омарова Алмагүл Райымбековна білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды. Құтықтаймыз!
1 қыркүйек Білім күні
1 қыркүйек Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» азаматтық және патриоттық Сабағын өткізуге арналған материалдар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаевтың тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Bіlіm jáne Ǵylym!" атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
"АЙГӨЛЕК" би тобы Болгария елінен ГРАН-ПРИмен оралды
Талай жылдар бойғы қажырлы еңбек пен шығармашылықтың нәтижесінде елімізге белгілі болған "АЙГӨЛЕК" үлгілі би тобы Болгария елінде "РОЗЫ ОБЗОРА" халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, ГРАН-ПРИді жеңіп алды. Бишілерімізді және олардың жетекшісі Динара Нигматуловнаны шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық өнердің биік шыңынан көріне беріңіздер!
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Жыл сайын "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" акциясын өткізу дәстүрге айналды. Биыл акция 1-шілде мен 31-қыркүйек аралығында өтуде. Мақсаты: көпбалалы, азқамтылған отбасы және жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, олардың кедергісіз білім алуына, мектепке дайындалуына қол ұшын беру. Барлық ата-аналарды, түлектерімізді қамқорлық акциясынан шет қалмай белсенді қатысуға шақырамыз. Байланыс телефоны: 50280, 64294
Гимназияның түлегі Кабулдинова Меруерт ҰБТ-ден облыс бойынша ең жоғары ұпайға ие болды
Гимназиямыздың 2019 жылдың түлегі Кабулдинова Меруерт ҰБТ-ден 140 ұпайдың 136-на ие болды. Меруерт Алтын белгі иегері және AlmaU грантын ұтып алды. ҰБТ-ден облыс бойынша ең жоғары ұпайға ие болған Меруертті және 11 жыл білім мен тәрбие берген мұғалімдерін құттықтаймыз! Меруерт біз сені мақтан тұтамыз. Тағы бір түлегіміз Алтын белгі иегері Өмірзақова Аяжан 128 ұпайға қол жеткізіп, 2019 жылғы түлектеріміз жоғары білімін дәлелдей білді.