Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Денің сау болған керемет» атты денсаулық күні
12-11-2014 09:58
«Денің сау болған керемет» атты денсаулық күні

4-11 қараша күзгі каникулда оқушыларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында 6 қарашада  «Денің сау болған керемет» атты денсаулық күні өтті. Осы күнге арнайы жоспар құрылып, 1-11 сыныптың оқушыларын көбірек қамтуға тырыстық. Денсаулық күні сап түзеуден басталды. Сыныптар арасында әр түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап кетсек, 8-11сыныптар арасында баскетбол, 5-11 сыныптар арасында тоғызқұмалақ, үстел теннисі 5-7 сыныптарда, 1-2 сыныптарда «Дәрумендер сыр шертеді» сынып сағаттары өтті. 5-6 сыныптар арасында волейбол элементтерімен пионербол ойыны ұйымдастырылды. 11-сынып және мектеп ұстаздары арасында достық кездесуі өтті. 2-4 сыныптарға арналған туристік көпсайыс  ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты  мектеп оқушылары арасында туризм спорт түрін кеңінен дамыту. Жарыс 6 кезеңнен тұрды:

1.     Маятник

2.     Төмпешік

3.     Шатасқан арқан

4.     Мозайка

5.     Суреттер құрау

6.     Сөре

Жарыстың қорытындысы бойынша 4 мин 35 сек нәтижесімен І орынды 3 «А»- сыныбы, 5 мин 44 сек нәтижесімен ІІ орынды  3 «Ә»-сыныбы, 3-ші орынды 6 мин 10 сек нәтижесімен 4 «А»-сыныбы  иеленді. Сайыс  оқушыларға өте ұнады.

Баскетбол жарысының қортындысы бойынша 10-сынып  Іорын, 9 «Ә»сыныбы  ІІ орын  және  ІІІ орын 9 «А»сыныбына бұйырды.Тоғызқұмалақ жарысының жүлдегерлері»  І орын Жомарт Ақтоты 6 «А» сынып,  ІІорын Жумабаева Дильнара 6 «Ә»сынып, ІІІ орын  Рамазан Аяулым 6 «Ә» сынып оқушысы.

Үстел теннисініңқортындысы: І орын Мұқышев Жанболат - 6 «А» сынып, ІІорын Қайса Арсен 6 «А», ІІІ орын Зейнуллаев Мадияр  -  6 «А» иеленді.

5-6сыныптар арасында  Волейбол элементтерімен өткен Пионербол жарысында І орын 5 «А»сыныбы,  ІІорын 6 «А», ІІІ орын 6 «Ә» сыныптары  ие болды.

Шахматтан қыздар арасында 3 «Ә»сынып оқушылары өздерін белсенді көрсетті. Атап айтқанда  Хуатбек Айсәуле –І орын, Кабиденова Томирис-ІІ орын, Касымова Дария –ІІІ орындарды иеленді. Ұлдар арасында 4 «А» сынып ұлдары жүлделі орындаға ие болды.Олар: Куандыков Әділ - Іорын,  Бұғыбай  Аділет- ІІорын, Бейсембаев Айдын – ІІІ орындарды иеленді.