Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Оқушыларды қабылдау туралы ақпарат
08-04-2019 17:03
Оқушыларды қабылдау туралы ақпарат
«Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» мемлекеттік мекемесі 2019-2020 оқу жылына 1-сыныптарға оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау жұмысының басталуын хабарлайды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі - 2019 жылдың 10 сәуірден 10 мамыр аралығы. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді mektep.smart-pavlodar.kz сайтына жолдауға болады.
Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
08-04-2019 16:24
Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2019 жылғы 4 сәуір күні "Ертіс дарыны" орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға қатысып, білім додасына түскен 10-сынып оқушылары Кунтаева Амина, Рамазанова Аяулым жүлделі ІІІ орынға ие болды. Оқушыларды және жетекшілері Нургалиева Дария Амантайқызын құттықтаймыз!
"Қауіпсіз Интернет" тақырыбында өткізілетін сынып сағаттарына әзірлемелер
08-04-2019 11:50
Компьютер, интернет көмекші бола алады, бір жағынан жасөспірімнің жеке кеңістігіне үлкен қауіп төндіретін ақпараттық қоқыс әкелетін жау болуы да мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – зиянды ақпарат, оның ішінде Интернет желісінде таралатын ақпарат алу арқылы баланың денсаулығына және оның дамуына (физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік) зиян келтіру қаупін жоюды білдіреді.
По вопросам организации питания
04-04-2019 17:41
По вопросам организации питания
С 2014 года по инициативе депутатов и предложениям директоров школ выбор поставщика услуг, товаров по организации школьного питания выведен из системы государственных закупок в связи с имевшим место демпингом цен, влияющих на качество питания, а также отсутствием возможности осуществления непосредственного контроля директорами школ за поставщиками услуги.
Мұз астында қалай аман қалуға болады?
02-04-2019 08:42
Бейнероликке сілтеме
Қалалық Ақсу жастар баскетбол Лигасы
02-04-2019 11:59
Қалалық Ақсу жастар баскетбол Лигасы
2019 жылдың 31 наурыз күні Ақсу қаласының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт кешенінде Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120-жылдығына арналған Ақсу жастар баскетбол Лигасы өтті. Баскетбол Лигасында гимназияның құрама командасы ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«Мұражайға тарту»мектепішілік байқауы
02-04-2019 11:06
І.Мақсаты: Ұлтымыздың салт-дәстүр, тұрмыс мұрасын жинақтау, насихаттау арқылы «Ұлы дала мұрасы» атты мектеп мұражайының қорын толықтыру. ІІ.Міндеті: 1. Байқау туралы ата-аналар жиналысында хабарлау және жәдігерлерді жинақтау бойынша нақты тапсырмалар беру. 2. Әр сыныптың мұражайдың ішкі мазмұнына сәйкес бір немесе бірнеше макет, зат тапсыруы. 3.Тапсырылатын макеттердің түпнұсқаға сәйкес болуын қадағалау.
Облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» жүлдегерлері
30-03-2019 10:46
Облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» жүлдегерлері
2019 жылғы 29 наурызда «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» өтті. Қазылар алқасының шешімі негізінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйрасында 9 сынып оқушысы Баянбатұлы Ерасыл және «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау бойынша 8 сынып оқушысы Жанибек Жансая ІІІ орынға ие болды.
«Ақсу» балалар эко-техноорталыққа эксурсия
28-03-2019 17:02
«Ақсу» балалар эко-техноорталыққа эксурсия
27-28 наурыз күндері гимназияның бастауыш сынып оқушылары «Ақсу» балалар эко-техноорталыққа экскурсия жасады. Экскурсия барысында экоәлем, биология, IT технология және робототехника, шахмат, қолөнер кабинеттерін аралап, үйірме жұмыстарымен танысты. Коворкинг залында қолданбалы өнер туындыларын көріп, жануарлар мүйісіндегі жануарлармен жақын танысты. Экскурсия соңында кинозалда мультфильм тамашалады.
Облыстық «Шаңырақ» жобасының киіз үй көрме-байқауы өтті
23-03-2019 11:33
Облыстық «Шаңырақ» жобасының киіз үй көрме-байқауы өтті
Наурыз мерекесіне орай өткізілген "Шаңырақ" облыстық киіз үй көрме-байқауында гимназиямыз "АЛТЫН ОРДА" бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!! Бұл ұжымның бірлескен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бұл ауқымды жұмысқа басшылық жасап, асқан шеберлік пен шығармашылық таныта білген мұғалімдеріміз Гүлжазира Кабдулкарімқызы мен Ануарбек Құмарұлыны шексіз алғыс білдіреміз. "Шеберлінің қолы ортақ" деп тегін айтылмаған.
Абай атындағы республикалық олимпиадасының жеңімпазы
21-03-2019 07:48
Абай атындағы республикалық олимпиадасының жеңімпазы
2019 жылдың 18-20 наурыз аралығында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат базасында 9-11 сынып оқушылары арасында тұңғыш рет қазақ тілі мен әдебиетінен Абай атындағы республикалық олимпиада өтті. Біздің гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Батай Аружан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Нургалиева Дария Амантаевна.
Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесі
21-03-2019 07:38
Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесі
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында 19, 20 күндері бастауыш сыныптар мен 5-11 сыныптар арасында "Қош келдің Әз-Наурыз" мерекесі өтті. Мерекелік іс-шаралар аясында ұлттық ойындар, "Бұрымды қыз" , "Наурыз бата", "Бауырсақ fest" сайыстары өткізіліп, "Көк отырғызу, ақ бүрку", "Селт еткізу, ұйқы ашар", "Қыз баланың құлағын тесу" , "Қыз бен жігіт айтысы" атты Наурыз дәстүрлері мен салттары көрсетілді.