Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудегі Ұлы тұлғалар өнегесі
29-11-2021 19:14
Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудегі Ұлы тұлғалар өнегесі
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жоғары сынып оқушылары "Қағандық" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанғазы Еркеғали ағамен кездесті. Кездесу "Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудегі Ұлы тұлғалар өнегесі" тақырыбында ұйымдастырылды. Жанғазы Еркеғали аға болашақ ұрпақтың қоғамдық санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтардың маңызы, ер балалардың намысы мен жауапкершілігі туралы құнды пікірлерімен бөлісті.
«Жасөспірімдік шақ және ізгілік педагогикасы» атты семинар
26-11-2021 18:15
«Жасөспірімдік шақ және ізгілік педагогикасы» атты семинар
18 қараша күні мектеп психологы және тәрбие жөніндегі директор орынбасарының ұйымдастыруымен 7 сынып ата-аналарына «Жасөспірімдік шақ және ізгілік педагогикасы» атты семинар өткізілді. Семинарда жасөспірімдік шақтағы баланың психологиялық, физиологиялық дамуындағы өзгерістер, осы жастағы баламен қарым-қатынас ерекшеліктері туралы ақпараттар берілді. Кездесу соңында ата-аналар психолог маманға сауалдар қойды.
Шет тілдер апталығы аясынды өткізілген іс-шаралар
25-11-2021 18:25
Шет тілдер апталығы аясынды өткізілген іс-шаралар
Шет тілдер апталығы аясында орыс тілі пәнінен Тулеубаева Кульжанат Бекежановна 9 сыныпта "Система образов в произведении А.С Пушкина "Капитанская дочка" және Ибрайкина Карлыгаш Мухтаровна 6 сыныпта «Ф.И. Тютчев "Есть в осени первоначальной..." тақырыбы бойынша ашық сабақтар өткізді. Ұстаздар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сабақтарын мазмұнды да қызықты өткізді.
Облыстық лингвистикалық олимпиадасының жүлдегері
22-11-2021 21:21
Облыстық лингвистикалық олимпиадасының жүлдегері
2021 жылғы 11 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гимназияның 9-сынып оқушысы Амангелді Нұрәділ ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Кульжайнат Бекежановна және Ермек Маратұлы. Құттықтаймыз!
ІХ облыстық математикалық турнирінің жүлдегерлері
22-11-2021 19:19
ІХ облыстық математикалық турнирінің жүлдегерлері
2021 жылғы 20 қарашада өткізілген бастауыш сынып оқушыларының ІХ облыстық математикалық турнирінде гимназияның 3-сынып оқушысы Култаев Шахзат және 2-сынып оқушысы Айболатұлы Алмаз ІІІ орын иеленді. Турнирге дайындаған жетекшілері Алмагуль Раимбековна мен Меруерт Жеңісқызын және оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймын!
Облыстық "Зерде" конкурсының жүлдегерлері
15-11-2021 20:06
Облыстық
2-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары "Зерде" конкурсының облыстық кезеңінде ІІІ орынға ие болған оқушылар: Аблаева Наргиз, Қасқырбай Аружан, Ермекова Жулдыз, Ақылжан Дария /5-сынып/, Сабыржан Дильназ /6-сынып/, Берикова Даяна /2-сынып/, Мұрат Айлана, Токтамысов Санжар /3-сынып/, Ермек Сабина, Шахмет Мансур /4-сынып/, Мустаханов Расул, Ермек Назерке /7-сынып/. Құттықтаймыз!
Тоғызқұмалақ бойынша облыстық чемпионатының жеңімпаздары
14-11-2021 21:11
Тоғызқұмалақ бойынша облыстық чемпионатының жеңімпаздары
Тоғызқұмалақ бойынша 9,11,13,15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Павлодар облысының чемпионатында 3а-сынып оқушылары Аблай Нұрсұлтан мен Каркен Айя, 5а-сынып оқушысы Аблаева Наргиз І орынды иеленді. Тренері Гүлжан Мухаметкалиевна мен жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!
"Ардагерлерді ардайық" онлайн акциясының жеңімпазы
13-11-2021 19:19
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "НұрОтан" партиясы "Ардагерлерді ардайық" онлайн акциясын ұйымдастырды. Акция нәтижесі бойынша жеңіске жеткен қаламыздың құрметті азаматы, ардагер ұстаз Рымкеш Хамитовна Сламбекованы құттықтаймыз! Рымкеш Хамитовна қаламыздағы қазақ мектебінің негізін қалаушы, дарынды балалардың білім алуына зор үлес қосқан азаматша.
Онлайн сауалнама
10-11-2021 11:18
Онлайн сауалнама
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында "Ашық диалог" алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
"Кел, балалар, оқылық..." атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы
03-11-2021 18:03
Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 2-4 сынып оқушылар арасында "Кел, балалар, оқылық..." атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жазушының мазмұны мәнді, тәрбиелік мәні бар өлеңдерін жаттап үлкен дайындықпен келген оқушылардың өнерін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері бағалап жеңімпаздарды анықтады. Барлық қатысушыларға алғыс хат табысталды.
"KazRoboProject - 2021" Республикалық байқауының номинанттары
02-11-2021 20:25
"KazRoboProject - 2021" Республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Жалешова Айым және Жалешова Аяна "SMART-City" қосымша номинациясы бойынша марапатталды. Жоба жетекшісі Атик Бибигуль Васильевна. Құттықтаймыз!
Май ауданының ұстаздарымен практикалық семинар өтті
01-11-2021 19:21
Май ауданының ұстаздарымен практикалық семинар өтті
Гимназияның 2021-2022 оқу жылына арналған өзара әлеуметтік және қолдау жоспары негізінде 25.10 күні "MindMap, Mindom және Mindmeister бағдарламаларының көмегімен ақыл-ой карталарын жасау жолдары" тақырыбы бойынша практикалық семинарын информатика мұғалімі Жеңісхан Нұргүл Zoom платформасы арқылы өткізді. Семинарға 57 мұғалім қатысты. MindMap, Mindom және Mindmeister бағдарламаларында тіркеуден бастап, ақыл-ой карталарын жасау жолдары бойынша практикалық көрсетілімдер жасады. Сондай-ақ бағдарлама