Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Тілдер айлығының қорытындысы
01-10-2015 10:10
Тілдер айлығының қорытындысы

2015 жылғы 7 қыркүйектен  3 қазан аралығында «Тілдер айлығы» өтті. Барлық сыныптар ұйымдастырылып жатқан интеллектуалдық, зияткерлік ойындарға, шығарма, мәнерлеп оқу сайыстарына белсене  қатысып, жеңіске жетті.  

Атап айтсақ,  5 сыныпта «Полиглот» зияткерлік ойынында  «STAR»  тобы,  6-сыныптарда үш тілде мақал-мәтелдер сайысында «Қайсар» тобы (6а),   7-сыныптар аралығындағы  «Тіл білгірі» сайысында «Жүйріктер» тобы (7ә), 8-сыныптағы «Лингвист» интеллектуалдық ойынында «Вундеркинд»  тобы, 9,10,11- сыныптар «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынында Байгалиев Ә. (11)  жеңіс шыңдарынан көрінді.

«Тілім менің –тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы  5-7 сыныптар аралығында өтті. Сайыс жеңімпаздары  Кунтаева А.(1 орын), Жумабаева Д. мен Жомарт А. (2 орын), Берденбекқызы А., Баяманова А, (3 орын).

9-11сыныптар «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты шығарма жазды.  Есимханова А. (11 сынып), Галиева К., Мажинова Э., Жакенова Д. (10 сынып)., Алимова Н., Қарабек А. , Нахметова О.  (9 сынып) үздік деп танылды.

«Тілдер айлығының» қорытындысы ретінде «Тілдер үштұғырлығы» шеңберінде   М.Шахановқа  арналған  «Өлеңім - өмірімнің айнасы» атты әдеби  кеш өтті.    

Ақын М.Шаханов өзі көріп куәсі болған халқымыздың өміріндегі оқиғалардың бәрінің қасында, басында болғысы келген жаратылыс бітімі өзгеше азамат. Оның өлеңдері желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын айқындап берген жалынды поэзия болды. Ұлт рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Адам  рухына қатысты сөз айтушы, ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде лапылдап жанып тіл мәртебесін көздеп жүрген азамат та, ақын да – М.Шаханов. Сондықтан да әдеби кеш осы белгілі тұлғаға арналған еді.

Әдеби кеште ақынның өлеңдері үш тілде  оқылып, әндері шырқалды. «Отырар»  поэмасынан көрініс қойылды.  Көріністе  9-сынып оқушылары өз өнерлерімен  көрерменді  тәнті етті. Ақынның  өміріне байланысты  түрлі бейнефильмдер көрсетілді. Осы барлық шараның  қызықты әрі мазмұнды өтуіне   тіл мұғалімдерінің қосқан үлесі  зор.