Е. Бекмаханов атындағы облыстық турнирінің жүлдегерлері
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылғы 26 сәуірде дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында Е. Бекмаханов атындағы турнирін өткізді. Турнирдің қорытындысы бойынша гимназиямыздың командасы ІІІ орынға ие болды. Команда құрамында 7ә-сынып оқушылары: Саипова Асем, Садыбекова Арайлым және Қазтай Айшат. Жетекшілері Ибраева Бахыт Шаймарданова және Альдекенова Анар Толыбаевна. Құттықтаймыз!
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2019 жылдың 24 сәуір күні дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектеп негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беру бес пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша биология пәнінен 7ә сынып оқушысы Айдасов Мадияр "Құрмет грамотасына" ие болды. Мадиярды және ұстазы Муханова Үміт Кабиденовнаны құттықтаймыз!
«Айгөлек» би ансамблі облыстық хореографиялық конкурсының Бас жүлде иегері
19 сәуір күні Павлодар қаласында өткен «Ақ шағала» «MegaDance – 2019» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңінде бірнеше жылдар қатарынан облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген «Айгөлек» үлгілі би ансамблі Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловнаны және оқушыларымызды құттықтай отырып, алдағы республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз!
"Book Taste" сайысы
"Мейірім шашқан кітаптар әлемі" апталығы аясында 8-9 сыныптар арасында "Book Taste" сайысы өткізілді. Сайыс барысында балалар өздеріне таратылған кітаптарды мазмұнына, атауына т.б ерекшеліктеріне қарай тағамдарға теңеп, жарнама жасады. "Болашақ кітапханасы" атты шағын жоба қорғап, ұсыныстарын ортаға салды. Белсенді қатысып, тың идеяларымен ерекшеленген оқушылар дипломдармен марапатталды.
1-сынып оқушыларын Гимназистер қатарына қабылдау
15 сәуір күні жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша 1-сынып оқушыларын Гимназистер қатарына қабылдау салтанаты өткізілді. Оқушылар гимназия шәкірттеріне тән қылықтар мен жақсы әдеттер туралы өлеңмен жеткізіп, өнерлерін ортаға салды. Ал бүлдіршіндерді гимназистер қатарына қабылдау рәсімі түрлі білім додаларында топ жарған дарынды оқушыларға берілді. Салтанатты жиыннан кейін оқушылар мен ата-аналар Қ.Сәтбаев мүсініне гүл шоқтарын қойды.
"Кереку өңірінің аңызға айналған тұлғалары" атты апталығының қорытындысы
8-12 сәуір күндері өткізілген "Кереку өңірінің аңызға айналған тұлғалары" атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы 5-7 сыныптар арасындағы "Туған өлке тұлғаларын танимын" атты зияткерлік ойынмен және әдеби кешпен қорытындыланды. Кеш соңында апта бойы өткізілген шаралардың, әлеуметтік желідегі және түрлі облыстық білім додаларында жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды. Бірлестік мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.
Облыстық жаппай диктант жазу байқауының жүлдегері
2019 жылдың 13 наурыз күні Назарбаев зияткерлік мектебінде жаңа әліпбиді насихаттау мақсатында және академик Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына орай өткен облыстық жаппай диктант жазу байқауында гимназиямыздың 9 сынып оқушысы Жандарбек Акрам жүлделі ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Жетекшісі Нургалиева Дария Амантаевна.
Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған "Қаныш және Қазақстан" конференциясы
11 сәуір күні гимназиямызда Қ. Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған "Қаныш және Қазақстан" конференциясы өтті. Конференцияда Жандарбек Акрам академиктің зор еңбегі мен артына қалдырған мол мұрасына тоқталса, Мұқышев Жанболат жерлес ғалым Шапық Шөкиннің зор еңбегін, ал Калиякбарова Гүлназ Әлкей Марғұланның ғылым жолындағы мол мұрасын таныстырып өтті. Ұйымдастырушы қазақ тілі мұғалімі Нургалиева Дария Амантаевна.
Мектепішілік "Кіші Сәтбаев олимпиадасы"
10 сәуір күні гимназиямызда академик Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына орай "Жаратылыстану-математикалық бағыт" бойынша 5-7 сыныптар арасында мектепішілік "Кіші Сәтбаев олимпиадасы" өткізілді. Жалпы олимпиадаға 70 оқушы қатысып, 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орын - 7 оқушы, ІІ орын - 9 оқушы, ІІІ орын - 17 оқушы. Барлық жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
"Кереку - киелі мекенім"
"Ертіс-Кереку өңірінің аңызға айналған тұлғалары" атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна "Кереку - киелі мекенім" ауызша журнал шарасын өткізді
"Ертіс-Кереку өңірінің аңызға айналған тұлғалары" атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы өтуде
8-12 сәуір "Ертіс-Кереку өңірінің аңызға айналған тұлғалары" атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы өтуде. Апталық "Поэзия менімен егіз бе едің?" өлең жинақтарын тарату, әр сабақта өлең оқу науқанымен басталды. Қоңырауларда "Өнер керек ұрпаққа өлең керек" атты түрлі сайыс жеңімпаздарының мәнерлеп өлең оқу таныстырылымы өткізілді. Ұлы тұлғаларға арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясы
2019 жылғы 4 – 17 сәуір аралығында өтетін «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының аясында гимназияда түрлі іс-шаралар өткізілуде. Аталмыш кампания жалпы сап түзеуден басталды. Шара барысында 1-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары өтті, «Қауіпсіз интернет» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Бұл палата ғаламтор желісінің оқушыларға берер пайдасы мол деп есептейді» тақырыбындағы пікір сайыс өтті.