Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаевтың тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
22-08-2019 09:24
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаевтың тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Bіlіm jáne Ǵylym!" атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
"АЙГӨЛЕК" би тобы Болгария елінен ГРАН-ПРИмен оралды
22-08-2019 09:10
Талай жылдар бойғы қажырлы еңбек пен шығармашылықтың нәтижесінде елімізге белгілі болған "АЙГӨЛЕК" үлгілі би тобы Болгария елінде "РОЗЫ ОБЗОРА" халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, ГРАН-ПРИді жеңіп алды. Бишілерімізді және олардың жетекшісі Динара Нигматуловнаны шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық өнердің биік шыңынан көріне беріңіздер!
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
13-08-2019 09:52
Жыл сайын "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" акциясын өткізу дәстүрге айналды. Биыл акция 1-шілде мен 31-қыркүйек аралығында өтуде. Мақсаты: көпбалалы, азқамтылған отбасы және жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, олардың кедергісіз білім алуына, мектепке дайындалуына қол ұшын беру. Барлық ата-аналарды, түлектерімізді қамқорлық акциясынан шет қалмай белсенді қатысуға шақырамыз. Байланыс телефоны: 50280, 64294
Гимназияның түлегі Кабулдинова Меруерт ҰБТ-ден облыс бойынша ең жоғары ұпайға ие болды
23-06-2019 14:02
Гимназияның түлегі Кабулдинова Меруерт ҰБТ-ден облыс бойынша ең жоғары ұпайға ие болды
Гимназиямыздың 2019 жылдың түлегі Кабулдинова Меруерт ҰБТ-ден 140 ұпайдың 136-на ие болды. Меруерт Алтын белгі иегері және AlmaU грантын ұтып алды. ҰБТ-ден облыс бойынша ең жоғары ұпайға ие болған Меруертті және 11 жыл білім мен тәрбие берген мұғалімдерін құттықтаймыз! Меруерт біз сені мақтан тұтамыз. Тағы бір түлегіміз Алтын белгі иегері Өмірзақова Аяжан 128 ұпайға қол жеткізіп, 2019 жылғы түлектеріміз жоғары білімін дәлелдей білді.
ЖАС ТҮЛЕК - 2019
13-06-2019 21:28
ЖАС ТҮЛЕК - 2019
2019 жылғы 12 маусымда облыстың барлық мектептерінде мектепті бітіру кеші өтті. Гимназия қабырғасынан 20 түлегіміз болашаққа жолдама алды. Ақсу қаласы және Ақсу ауданының мектептерінің түлектеріне арналған салтанатты кеш Мемлекеттік рәміздер алаңында өтті. Ақсу қаласының әкімі Балғабай Жұмағұлұлы Ыбыраев барлық түлектерді салтанатты түрде құттықтап, түлектерге «Алтын белгі» төс белгісін және үздік аттестаты табыс етті.
2019-2020 оқу жылына 10-сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеу
03-06-2019 10:40
2019-2020 оқу жылына 10-сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеу
2019-2020 оқу жылына 10-сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау жұмысының басталуын хабарлаймыз. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылдың 13 маусымына дейін. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді http://specschool.smartaksu.kz сайтына жолдауға болады.
Қорытынды әдістемелік кеңес
03-06-2019 12:24
Қорытынды әдістемелік кеңес
Оқу жылының қорытындысы бойынша гимназияда өткізілген қорытынды әдістемелік кеңесте үздік мұғалімдер марапатталып, қошемет көрсетілді. «Үздік жыл мұғалімі» номинациясына қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нургалиева Дария Амантаевна, «Үздік сынып жетекшісі» номинациясына Абылгазина Эльмира Турагуловна ие болды. Мұғалімдер түрлі номинацияларға ие болды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Интерактивті викторина
03-06-2019 16:13
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Интерактивті викторина
Қалалық мектептердегі жасөспірімдер арасындағы баскетбол жарысы
28-05-2019 09:05
Қалалық мектептердегі жасөспірімдер арасындағы баскетбол жарысы
Ақсу қаласының № 2-ші орта мектебінде өткен қалалық мектептердегі жасөспірімдер арасындағы баскетбол жарысында гимназия командасы ІІ орынды иеленді. Команда құрамында 10-сынып оқушылары Әбілхақ Мұхаммед, Қайса Арсен, 8-сынып оқушылары Абраимов Алихан, Амангелді Абдуллаһ, Алимжанов Алишер, Жомартұлы Айдын және Әбілхақ Солтан. Жетекшісі дене шынықтыру мұғалімі Хавал Нұртай. Құттықтаймыз!
«Бастауыш сыныппен қоштасу» кеші
24-05-2019 11:10
«Бастауыш сыныппен қоштасу» кеші
18-маусым күні 4-сыныптарта «Бастауыш сыныппен қоштасу» кеші өткізілді. 4-сыныпты 48 оқушы аяқтады. Оқушылар білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын білдіре отырып, өз өнерлерін ортаға салды. Ата-аналар тарапынан ұстаздарына алғыстар айтылды.
Павлодар облысы әкімінің жас зияткерлермен салтанатты кездесуі
23-05-2019 16:31
Павлодар облысы әкімінің жас зияткерлермен салтанатты кездесуі
«Дарынды бала - ұлттық құндылық» демекші, 22 мамыр Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бакауов облыстың дарынды оқушыларын марапаттау мақсатында кездесу өткізді. Осы марапатқа лайық деп танылған гимназиямыздың 10-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиетінен өткен Абай атындағы І Республикалық олимпиаданың І орын жүлдегері Батай Аружан кездесуге қатысты. Аружан облыс әкімінің Алғыс хатына және 100 мың теңгенің сертификатына ие болды.
Республикалық '' BILGE'' олимпиадасындағы жеңіс!
23-05-2019 15:58
Республикалық '' BILGE'' олимпиадасындағы жеңіс!
Республикалық '' BILGE'' олимпиадасындағы жеңіс! Математика пәнінен Бас жүлдеге 10-сынып оқушысы Қуатов Алихан, 1-орынға Зияда Дильнара, Калиакбарова Гүлназ, Муратбаева Дана, Багау Дильназ, 3-орынға 4-сынып оқушысы Жанатқызы Медина ие болды. Ағылшын тілі бойынша 1-орын 9-сынып оқушысы Рысымбетова Даяна, 2-орынды 6-сынып оқушылары Ундерме Аяжан, Алимова Томирис иеленді. Бас жүлде иесіне 200 мың шәкіртақы тағайындалды.