Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Қазақ-түрік лицейінде тәжірибе алмасу барысында
27-05-2015 07:07
2013 жылы 12 ақпанда физика пәнін ағылшын тілінде оқитын 8-сынып оқушылары мен пән мұғалімі А.С.Кабылбекова тәжірибе алмасу мақсатында дарынды кыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатына барды. Қазақ-түрік лицейдің физика пәнінің мұғалімі Ауелбаева Камила Бахтыбайқызы сабақ және сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Оқушының физика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып үш тілді меңгерудегі тиімді жағдай. Физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова А.С. Республикалық семинар.
27-05-2015 06:49
Елдің өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алу ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әулеті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзегі. Павлодар облысы Ақсу қаласының гимназиясы физика пәнін үш тілде оқыту (қазақша, орысша, ағылшынша) экспериментіне енгізгелі бес жыл өтті.
Гимназия жаңа 2015-2016 оқу жылына оқушыларды қабылдайды
23-05-2015 07:18
Гимназия жаңа 2015-2016 оқу жылына оқушыларды қабылдайды
Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның негізгі мақсаты оқушының өзіне тән интеллектуалдық және шығармашылық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісін дамыту және ғылым негізінде терең және жан-жақты меңгеру негізінде оқушылар дүниетанымының тұрақтылығын қалыптастыру. Осы негізде гимназияда оқушыларды жоғары сыныптарға қабылдау 10-11 маусым, 1-сыныпқа 28-29 мамыр күндері жүргізіледі.
«New Star KZ» Республикалық конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
21-05-2015 05:56
«New Star KZ» Республикалық конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2015 жылдың 16 мамыр күні Павлодар қаласында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында «ARUZHAN- Production» вокал студиясының ұйымдастыруымен «New Star KZ» эстрадалық вокал және хореография Республикалық конкурсы өтті. Гимназияның «Айгөлек» би тобы конкурсқа қатысып, «Әлем халықтарының биі» номинациясы бойынша жүлделі І орынға ие болды. Оқушыларды және олардың жетекшісі Динара Ниғматуллақызын құттықтаймыз!
«Бастауышым – балбұлағым»
20-05-2015 07:26
«Бастауышым – балбұлағым»
16 мамыр күні 4-сынып оқушыларының бастауыш сыныппен қоштасуға арналған «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгілігі өтті. Оқушылар білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын білдіре отырып, өз өнерлерін ортаға салды. 5-сыныпта жетекшілік ететін сынып жетекшілерімен таныстырылды. Ата-аналар тарапынан ұстаздарына алғыстар айтылды.
«Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш
19-05-2015 06:13
«Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш
2015 жылдың 15 мамыр күні гимназияда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл кеште облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жоба және олимпиадаларда жетістікке жеткен оқушылар марапатталды. Осындай білім шыңына жетуге тырысқан 35 оқушы марапатқа ие болды, сондай-ақ «Жыл оқушысы» анықталды. Ол 11-сынып оқушысы, "Алтын белгіге" үміткер Успанова Айгерім.
Орта және жоғары буын оқушыларының ата-аналарына нұсқау.
16-05-2015 10:16
Баланың оқуын жеңілдететін жағдайларды жасауға тырысыңыз: Тұрмыстық: жақсы тамақтану, қолайлы күн тәртібі, толыққанды ұйқы, үйдегі жайлы атмосфера, сабақ қарайтын орынының жайлы, ыңғыйлы болуын қамтамасыз ету.
Адамды тәрбиелеу үшін қажет
16-05-2015 10:13
Адамды тәрбиелеу үшін қажет: Бала кез-келген жағдайда сіздің оған деген махаббатыңыз өзгермейтіндігіне сенімді болуы үшін балаңызды қандай болса, сондай қылып қабылдау қажет.
5-сынып жетекшісіне арналған жадынама
16-05-2015 10:11
5-сынып жетекшісіне арналған жадынама
“Менің болашақ мамандығымның таңдауы”. Кәсіптік бағдар беруге арналған бейіндік тренинг
16-05-2015 10:07
Мақсаты: Кәсіптік бағдар беруде 9-сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету. Тренинг міндеттері: - Мамандық әлемі және олаордың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту; - Оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау; - Мамандық таңдау мәселесін, жалпы өзіндік таңдау жасауға дайындықты белсенділендіру; Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, жаттығулар, диагностика, ойын;
«Оқуды қайда жалғастыруға болады» сабақ жоспары
16-05-2015 09:52
Мақсаты: Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Гимназияның 5-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту шаралары:
16-05-2015 09:45
Мектептегі оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы мектепішілік жылдық жоспарға сәйкес бастауыш сыныптарда тәрбие сағаттары, рольдік ойындар, орта буында мамандықтар туралы тәрбие сағаттары, қызығушылығы мен қабілетін айқындайтын диагностикалық жұмыстар ұйымдастырылады.