Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
5-сынып жетекшісіне арналған жадынама
16-05-2015 10:11

1. Сынып ұжымының мінездемесімен және тізімдік құрамымен алдын ала танысып алыңыз.

2. 5-сыныптағы оқу бастала салысымен (бірінші күндерінен бастап) сынып белсенділерінің жұмысын ұйымдастырыңыз.

3. Балаларды ұжымдастыратын, олардың шығармашылығын дамытатын ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ойластырыңыз, тәрбие жұмысының жоспарын бастауыш сыныптағы бағыттарды ескере отырып құрастырыңыз.

4. Ата-аналармен жұмыс жоспарыңыздағы оқушылардың бейімделу мәселесін мақсатты түрде қарастырып, жүзеге асырыңыз.

5. Пән мұғалімдерімен, бастауыш сынып мұғалімімен тығыз қарым-қатынаста болыңыз, әрбір оқушыға дер кезінде, нәтижелі көмек көрсетіңіз, мектептің психологиялық қызмет жұмысымен байланыс жасаңыз.

6. Әрбір балаға қиындықтарды жеңуде сенімділік ұялатыңыз, баланың және отбасының әлеуметтік статусын көтеруге ат салысыңыз, сынып ұжымында жағымды эмоционалдық-психологиялық ахуал орнатыңыз.