Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Тақырыбы: Су. Дүниетану пәні, 2-сынып.
28-05-2013 13:42

Мақсаты:   Оқушылар  мәтіннің   мағынасын  талдай  отырып, су  жайлы   білімін  толықтыратын   болады.

Міндеттері:

1.      Мәтінді    толық   талдай   отырып   су   жайлы  білімін    жалпы   білімін    өз  жұмысында   қолдана   алатын  болады.

2.     Сын  тұрғысынан   ойлауды  дамыту .   Мәтінді   зерттеп   талқылап,  су  жайлы  алған   білімін  өз  білімімен    салыстырып   талдау   жасай  алатын   болады.

3.     Топтық     жұмыс  кезінде     бір- бірімен   пікірлесе     отырып    әр  топ  білімдерін   бекітеді.

Сабақтың  барысы:

1.     Қызығушылықты  ояту.

*Ьалалар   стол   үстінде  не   көріп  отырсыңдар?

*Үш  стакан,  бірінші  стаканда   мұз,  екінші  стаканда   ыстық  су,үшінші  стаканда  суық су.

*Ендеше  бүгінгі  жаңа   тақырыбымыз  «Су»

*Сонымен     бүгінгі  су  тақырыбына  байланысты  не  білуіміз  керек?

Сабақтың  мақсатын  оқушылармен  бірігіп  шығару.

*Оқимыз,үйренеміз,бұрынғы  білгенімізді     еске  түсіреміз.т.б.

*Жарты  шарлар  картасын   көрсету.

Балалар  жер  шарында  ең  көп  сұйық  зат  су.    Оның  көбі  құрлықтан  үш  есе  көп.

*Осы  су  жайлы   не  білесіңдер?Білгім  келеді  деп  ойлайсыңдар.  Сол  жайлы көршіңмен  бөліс,  шағын    топтарда  талдап,  топтарға  сөз беріледі.

2. Мағынаны  тану.

ББҮ-  стратегиясы.

Білемін

Білгім  келеді?

Үйрендім

Түссіз,сұйық,  ішеміз, мұз

Су  қайдан    шығады?

Буға  қалай   айналады?

Су  қалай  қатады?

Көл, өзен, мұхит

Ыстықтан  буға  айналады.

Қатты  суықтан  мұз  болып  қатады.

*Білем, білгім  келеді кестесін  толтыру.

Балалар бір-бірін   қайталамай  айтып шығады.

Ой  ашар:  Кім  жылдам ?

Балалар   «Табиғаттағы су»     көрінісін  суреттейді.

Әр  топ  не  суреттегенін  қорғайды.

Енді оқулығымыздың  25  бетін  ашып  «Су»  тақырыбын  оқуға  дайындаламыз.

«INSERT -  стратегиясы»   бойынша   жұмыс  жасау, мәтінді  оқу  барысында  қарындашпен   белгі  қоюларын  ескерту.

Енді  « Үйрендім»   кестесін  топта  пікірлесе  отырып  толтыру .

Интерактивті   тақтадағы  жазуды   бір  оқушыға  оқыту.

«Су  бізге  дос  қана  емес, ол  тілсіз жау».

Балалар  дос  деген  жағымды,  қас  дегенім  жағымсыз.

Олай  болса   жағымды, жағымсыз    кестесін  толтырыңдар.

               Жағымды

      Жағымсыз

Бау-бақша суаруға   пайдаланамыз,ішеміз,жуынамыз.

Адам  терең  суға    батып  кетуі, суда  адам   жейтін    балықтар  болады.

3. Ой  толғаныс..

Көрнекілік   стратегиясы:

Балалар   біздің  Батыс  Қазақстандағы  Жайық   өзенінің  табиғи  байлығын  қорғау, жөнінде  жоба  жасалып Ұлттық. Экология . Қоғамының Батыс  Қазақстан  бойынша   бөлімше    төрағасы   Ғазиз  Хамидуллин  ағамыз   да  үлкен     жұмыстар  жүргізуде.

Суды   қорғауға      сендер  де    атсалысыңдар.

Әр  топ   пікірлесіп    қағаз  бетіне  бейнелеп  түсіріңдер.

1 топ.

Заводтардан,  фабрикадан   шыққан  қоқыстан   суды  қалай  қорғар  едіңдер?

2 топ.

Шағын   ауылдан   шыққан   «шипалы   суды»  қалай   Қазақстан  мемлекетінің  бүкіл   қаласына   жеткізер  едің ?

3 топ.

Ластанған    судағы   тіршілік   жойылмас  үшін   не  істеу  керек ?

4 топ.

Біздің  су  қоймаларын  қорғау   туралы    арнаулы    Заң  қабылданған.  Ал  осы    заңға    тағы   сендер   өздерің  қандай   Заң  шығарып  қосар  едің.

Сабақты   қорытындылау.

Бүгінгі  сабақта  қандай  жаңа  білім  алдың ?

Үйге  тапсырма.  Су тақырыбына   ребус құрастыру,  эссе  жазу.

Бағалау.

Аты -жөні

Білемін

Білгім  келеді

Үйрендім

Жағымды,

жағымсыз

Көрнекілік

баға

Садыбеков

Серикова

+

+

+

-

+

+

+

+

+

+

5

4