Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Мәтін түрлері». Қазақ тілі, 4 сынып
28-05-2013 08:38

Мұғалімі Аманжолова С. Г., 4 сынып

Мақсаты:

Мәтін туралы берілген түсініктерді кеңейте түсу. Мәтін түрлерін ажырату  дағдыларын жетілдіре түсу. Жоспар құру арқылы мәтін құрастыру қабілеттерін арттыру.

Дамытушылығы:

Оқушылардың шығармашылық қиялын жүйелеу. Олардың танымдылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көркем, ұқыпты, сауатты жаза білуге дағдырландыру.

Тәрбиелігі:

Халық қағидаларын үйрете отырып мейірімділікке, табиғатты қорғауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:        Дамытушылық сабақ.

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі, дүниетану, салауаттану, қазақ тілі, бейнелеу.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ-жауап,   топтастыру,   шығармашылық,   әңгімелесу.    Сын   тұрғысынан   ойлау кезеңдері: қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой толғаныс.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, тірек сызбалар, сюжетті суреттер, оқушылар суреттері, Венн диаграмасы, мақалдар, тыйым сөздер, жұмбақтар, топ аттары, бағалау алқалары, үн таспа үлестірмелі карточка.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

А) 3 топқа болу: I- топ «Тұлпар » тобы

П-топ «Ұландар» тобы

Ш-топ «Ғарышкерлер» тобы

Ә) Сабақтың мақсатын анықтау, міндеттерін түсіндіру, тілек тілеу. Б) Үлестірмелі карточкадағы тапсырмаларды тарату.

II. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді пысықтау.

1)   «Сурет галлереясына» оқушылар суретін таңдап ілу.

2)   Сурет бойынша құрастырған әңгімелерін оқыту (4-5 оқушы)

3)   Сұрақ-жауап:

Мәтін дегеніміз не? Мәтін қандай бөліктерден құралады? Мәтіндердің қандай түрлерін білесіндер? Оларды қалай ажыратамыз?

III. Қызығушылықты ояту.

1)   Жұмбақ шешу:

Дала сары киінді,                                  Қырмандарға үйілді,

Самал соқты салқындау.                        Алтын астық- алтын тау.

Балалар, бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған. (-Күз)

Ендеше бәріміз мына суреттерге көңіл аударайық.

2)   Интерактивті тақтаға «Күз» тақырыбына бірнеше сурет салынған.

-    Осы суреттер бойынша «Күз» тақырыбына әңгіме құру үшін жоспар құрайық. Интерактивті тақтаға жазу:

Күз. Жоспар:

1.   Күзгі даланың көрінісі.

2.   Жыл құстарының қайтуы.

3.   Күзгі еңбек.

IV. Мағынаны ашу.

1. Әр топқа тапсырма тарату:

І-топ   - сипаттау мәтіні «Күзгі даланың көрінісі»

П-топ - әңгімелесу мәтіні «Жыл құстарының қайтуы»

Ш-топ - пайымдау мәтіні «Күзгі еңбек»

1)   Жеке жұмыс: әр оқушы дәптеріне 5 мин эссе жазады.

2)   Өз жұбында ақылдасады

3)   Топпен жұмыс жасайды, тірек сызба құрайды

4)   Топ лидері қорғайды, қалған топ мүшелері толықтырады.

2. Оқулықпен жұмыс

127 жаттығуды оқыту.

- Мәтінге ат қою.

- Мәтіндегі жолбарыс сөзін алмастырып тұрған қай сөздер?

- Сол 4 сөйлемді дәптерге көшіріп жазыңдар.

V. Ой толғаныс.                                              

1. -Балалар, бәріміз интерактивті тақтадағы суреттерге қараймыз Жолбарыс суреті                                                     Мысық суреті

Жануарлардың дыбысын үндету.

«Венн диаграммасына»-олардың ұқсастығын, айырмашылығын топ жұмысында қағазға түсіру.

Жолбарыс    ортақ      Мысық

2. Шығармашылық тапсырма.

Тірек сызбамен жұмыс.

Жұмбақ шешу.

Далада жүр шапқылап,                    Тек есектен басқада

Керемет тым саққұлақ.                    Оған үқсас жоқ құлақ.

-Дұрыс шешуі: қоян

Ал қазір қоянға сипаттама жасай қойыңдар:

3.Тапсырма:

- Бәріміз интерактивті тақтадағы тапсырманы оқиық. «Сөз атасы - мақал»

-«Күз» тақырыбына байланысты мақалдар ойлайды.

4. «Білгенге маржан» тақырыпқа байланысты тыйым сөздер ойлайды.

VI. Қорытынды.

-Балалар, сендер ойлаған мақалдарың мен тыйым сөздерің өте дұрыс. Көп рахмет! Ал осы асыл сөздерді өмірде дұрыс пайдаланып, есте сақтайық! Бұл бізге тәрбие беретін алтын сөздер.

УІІ.Бағалау:                                                                                  

1)   Әр топтың лидері өз тобындағы әр балаға баға қояды.                        

2)   Әр топта таңдау: «Ең тапқыр бала»-3 оқушы, «Ең алғыр бала»-3 оқушы, барлық баланың мойнына, алқа тағу.

VIII. Үй тапсырмасы.

а)128-жаттығу

ә) Шығармашылық тапсырма: «Күз келді» *5 жол өлең жаз, «Күз»-сурет салу.