Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Қазақстан тарихы пәнінен тестілеу жинағы
24-05-2013 13:46

1бөлім

1.       Дербес мемлекет дәрежесіне көтерілгенге дейін түріктер кімдерге тәуелді болды?

А) Аварларға    В) Қытайларға    С) Арабтарға     D) Қарлұқтарға

2. Түрік қағанатының өмір сүру жылдары

А)542-605 ж.ж.    В) 552-607 ж.ж.   С) 552-603ж.ж.   D) 567-608ж.ж.

3. Бумын қаза болғаннан кейін Түрік қағанатының басшысы болды

А) Қасым     В) Анағұй    С) Қара-Еске    D) Қара-Батыр

4. 552-554 ж.ж. Түрік қағаны

А) Қасым     В) Анағұй    С) Қара-Еске    D) Мұқан

5. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішіндегі басым көпшілігіқай тайпа боды?

А) Оғыз             В) Теле               С) Үйсін             D)Дулу

6. Батыс Түрік қағанатының орталығы Суяб қаласы қай өзеннің бойында орналасты?

А) Шу                В) Ертіс             С) Сырдария       D)Іле

7. Батыс Түрік қағанатының жазғы орталығы

А) Суяб               В) Мыңбұлақ          С) Ілебалық            D) Тараз

8. Қағанаттың шекарасын шығысында Алтайға дейін, ал батысында Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізген Батыс Түрік қағанатының қағаны

А)  Мұқан                В) Дато                  С) Шегу             D)Тон

9. Батыс Түрік қағанатында «селиф» атағына кімдер ие болды?

А) Егіншілер                                             В)Дінбасылар   

С) мемлекеттік іс жүргізушілер              D) Салық жинаушылар

10. 659 жылы Жетісуға басып кірген мемлекет

А) Жужан              В) Моғол                С) Араб               D)Қытай

11. Батыс Түрік қағанатында сот істерін жүргізді

А)Селиф                В) Шад                  С) Тектер             D)Тархандар

12. 704-756 жылдары өмір сүрген мемлекет

А) Түрік қағанаты                               В) Түркеш қағанаты   

С) Батыс Түрік қағанаты                    D)Авар қағанаты

13. Түркеш қағанатының астанасы

А) Суяб             В) Мыңбұлақ           С) Ілебалық           D) Тараз

14. Түркеш қағанаты қай қаған тұсында күшейді?

А) Тұқарсан Құтшар      В)Үшлік      С)Сұлу     D) Күли Шор

15. Қағанның шайқастарға тікелей өзі қатынасуына әрі ылғи да жеңіске жетуіне байланысты арабтар «сүзеген» деп ат қойған қаған

А) Тұқарсан Құтшар      В)Үшлік      С)Сұлу     D) Күли Шор

16. 751 жылы Атлах қаласы маңында түркештер кімдердің көмегімен қытайлықтарға күйрете соққы береді?

А) Аварлар        В) Арабтар     С) Қарлұқтар    D) Қыпшақтар

17. Араб тарихшысы әл-Марвазидің айтуы бойынша қарлұқтар неше тайпадан тұрды?

А) 5    В) 7    С) 9     D) 11

18. Оғыз мемлекетінің орталығы

А) Янгикент            В) Сауран            С)Тараз             D)Мыңбұлақ

19. Оғыздардың жоғарғы билік иесі

А) Жабғу                 В) Қаған                С)Патша           D)Хан

20.965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен кімдерге қарсы одақ құрады?

А)Хазарлар            В) Арабтар             С) Қарлұқтар    D) Аварлар

2 бөлім                                         

1.Түркеш қөағанатының өмір сүрген жылдары

А) 701-785 ж.ж   В) 704-756 ж.ж.  С) 708-745ж.ж.  D)703-765 ж.ж.

2. Түркеш қағанатының Іле өзені бойында орналасқан кіші ордасы

А) Суяб     В)Тараз    С) Мыңбұлақ   D)Күнгіт

3. Сұлу қаған 737 жылы Тоқарстандағы арабтарды жеңу үшін кімдермен бірлеседі?

А) Қарлұқтармен                       В)Аварлармен   

С) Түріктермен                          D) Татарлармен

4. Сұлу қаза болғаннан кейін оның орнын басқан қаған

А) Мұқан    В)Күли – Шор          С) Тұқарсан Құтшар    D) Үшлік

5. Арабтар мен түркештер бірлесе отырып қытай әскерлеріне күйрете соққы берген шайқас болған жер

А) Сауран маңы   В) Шығыс Монғолия  С) Атлах маңы   D) Жетісу

6. 756 жылы Түркеш қағанатының құлауына ықпал еткен халық

А) Аварлар             В) Қарлұқ           С) Қытай            D) Араб

7. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп пікір айтқан ғалым

А) Әл-Марвази     В) Ш.Уалиханов   С) Л. Гумилев   D) В. Бартольд

8. Қарлұқ қағанатының орталығы

А) Суяб                В)Тараз              С) Мыңбұлақ           D)Күнгіт

9. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы

А) Мұқан          В)Күли – Шор          С) Сатұқ Боғра хан    D) Үшлік

10. Оғыздардың Жетісу және Ыстықкөл мен Шу өзенінің аралығында басқа жа түрік тілдес тайпалармен қатар тұрғандығы жөнінде мәлімет қалдырған

        А) Әл-Марвази                          В) Ш.Уалиханов  

        С) Махмуд Қашқари                  D) В. Бартольд

11. Оғыз мемлекетінде әскербасы қалай аталған?

А) Бек                    В) Сюбашы                С)Инал              D) Жабғу

12. VІІ ғ. соңында қимақтар мекендеген жерлер

А) Жетісу мен Сырдария бойы               В) Шығыс Қытай   

С) Батыс Қытай мен Жетісу                    D) Монғолияның солтүстік батысы

13. Қимақ қағанатының орталығы

А)Янгикент                В)Имақия               С)Суяб              D)Күнгіт

14. Қимақ қағанатында шад-түтік деп кімдерді атаған?

А) Жеке тайпа көсемдері                        В) Әскербасы     С)Салықжинаушы                                 D) Қарапайым халық

15. 1041 жылы оғыздар жаулап алған мемлекет

А) Батыс Түрік қағанаты                        В) Қимақ мемлекеті                С) Хорезм                                                 D) Хазария

16. Қарлұқ мемлекеті өмір сүрген жылдар

А) 704 –756 ж.ж    В) 704-765 ж.ж.   С) 756- 927 ж.ж   D)756-940 ж.ж.

17. Қарлұқтар екі ғасырға жуық күрес жүргізген халық

А) Түркештер           В)Арабтар           С) Соғдылар     D) Қытайлар

18. Қарлұқтардың қосалқы шаруашылық түрі

А) отырықшы егінщілік     В) Жартылай мал шаруашылығы  

 С) Балық аулау                   D) Қолөнер

19. Оғыздардың тұрақты қысқы жайылымдары Сырдың орта және төменгі ағысында, Арал теңізі жағалауында болса, жазда оғыздар жайлаған жерлер

А) Каспий теңізінің далалы аймағы      В) Оңтүстік шөлейтті аумақ

С) Балқаш маңы                                      D) Орталық Сарыарқа далалы аумағы

20. Оғыздар Орта Азия, Қытай сияқты елдермен айырбас сауданың шикізат көзі ретінде пайдаланды

А)   Қолөнер бұйымдары    В) Егін өнімі    С) Жібек мата     D)Мал