Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
“Үштілділік” оқыту
Үш тілде оқыту бойынша атқарылатын іс- шаралар.
16-09-2016 12:12
2016-2017 оқу жылы
Үш тілде оқыту бағытында жүргізіліп жатқан іс- шаралар.
16-06-2016 12:08
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.04.2004ж «7-9 сыныптарға Үш тілде оқыту» экспериментін енгізу жөніндегі № 228 бұйрығы негізінде гимназияға 2005-2006 оқу жылынан бастап «Үш тілде» оқыту эксперименті енгізілді. Бұл бастама ары қарай да жалғасуда. 2015-2016 оқу жылы физика пәні ағылшын тілінде 7а,7ә,8,9 сыныптарда оқытылады. Оқушылар саны 70
Үш тілде оқыту , эксперимент бойынша атқарылатын іс- шаралар.
16-10-2015 11:45
2015-2016 оқу жылы
Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияда көптілде оқыту барысында өткізіліп жатқан іс-шаралар.
27-05-2015 08:14
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 19.03. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінде Үш тілді оқытуды енгізу бойынша эксперимент жүргізу туралы» №228 бұйрығына сәйкес гимназияда 1 қыркүйек 2005 – 2006 оқу жылынан бастап «Үш тілде оқыту» эксперименті 7 сыныпқа енгізілді.
«Көптілде оқыту-заман талабы» педагогикалық кеңес. Аккентаева К.М.- директордың ғылым жөніндегі орынбасары.
27-05-2015 07:49
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея.
«Көптілділік білім беру - зияткер ұлтты қалыптастыруға жетелейтін жол» атты облыстық семинар
27-05-2015 07:30
2014 жылы 9 желтоқсан күні гимназияда «Көптілділік білім беру - зияткер ұлтты қалыптастыруға жетелейтін жол» атты облыстық семинар өтті. Семинарға облыс мектептерінен 20 ұстаз қатысты. Физика пәнінен 7 «А» және 9 «Ә» сыныптарында физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова А.С., жаратылыстану пәнінен 5 «А», биология пәнінен 6 «А» сыныптарында биология пәнінің мұғалімі А.Т.Турғанбекова, ағылшын тілі пәнінен мұғалімі Р.С. Сыздыкбаева кіріктілінген сабақтар өткізді.
«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және функционалды сауаттылықты дамыту шеңберінде ағылшын тілін оқытуды кіріктіру» атты халықаралық конференциясы
27-05-2015 07:19
2014 жылдың 15 мамыр күні ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қолдауымен «Study INN» Cambridge University Press (CUP) білім беру компаниясы Астана қаласында «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және функционалды сауаттылықты дамыту шеңберінде ағылшын тілін оқытуды кіріктіру» атты халықаралық конференциясын өткізді. Конференцияға физика мұғалімі Кабылбекова Алмагүл Серикбаевна және ағылшын тілі мұғалімі Уажанова Ботагоз Болатовна қатысып келді.
Қазақ-түрік лицейінде тәжірибе алмасу барысында
27-05-2015 07:07
2013 жылы 12 ақпанда физика пәнін ағылшын тілінде оқитын 8-сынып оқушылары мен пән мұғалімі А.С.Кабылбекова тәжірибе алмасу мақсатында дарынды кыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатына барды. Қазақ-түрік лицейдің физика пәнінің мұғалімі Ауелбаева Камила Бахтыбайқызы сабақ және сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Оқушының физика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып үш тілді меңгерудегі тиімді жағдай. Физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова А.С. Республикалық семинар.
27-05-2015 06:49
Елдің өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алу ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әулеті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзегі. Павлодар облысы Ақсу қаласының гимназиясы физика пәнін үш тілде оқыту (қазақша, орысша, ағылшынша) экспериментіне енгізгелі бес жыл өтті.
Көптілділік – білім беру ісінің жаңа сатысы.
06-06-2013 11:52
Бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әулеті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзекті мәселесі. Мектептің білім мазмұнын қамтамасыз етудегі мүмкіншілігіне, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, педагог кадрлардың сапалық құрамына және материалдық-техникалық базасына талдау жасай отырып, педагогикалық ұжым өз мақсаты мен эксперимент мақсатының сәйкес келгенін анықтады 2005-2006 оқу жылынан бастап гимназия облыстық деңгейде
Ақсу қаласындағы гимназияда "Үш тілде оқыту" экспериментінің іс-әрекет бағдарламасы
14-02-2013 08:26
Эксперименттің тақырыбы:Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде үш тілде оқыту. Негізі: Көп тілде оқыту қазіргі тұлғаны қалыптастыру негізі. Бүгінгі күні қалың жұртшылық назарына ұсынылған «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» осындай заман талабынан объективті себептерден туындаған дүние.