Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
"Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" атты би-шешендердің нақыл сөздері
28-09-2020 13:41
Тілдер мерекесіне орай, оқушылардың би-шешендердің нақыл сөздерінен тәлім алу мақсатында "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" атты би-шешендердің нақыл сөздерін 10 сынып оқушысы Жәнібек Жансая жатқа оқыды.
"Үш тұғырлы тіл - болашақтың бастауы" атты мақал-мәтелдер онлайн-сайысы
28-09-2020 13:36
Тілдер айлығы аясында 7-сыныптар арасында "Үш тұғырлы тіл - болашақтың бастауы" атты мақал-мәтелдер онлайн-сайысы ұйымдастырылды. Ойын нәтижесі бойынша: 1-орынды Қайырғалым Жансұлу мен Даутбеков Ерхан, 2-орынды Жалешева Айым мен Олжас Қайрат, 3-орынды Калмахан Жасмина мен Амангельды Ералхан иеленді.
1-сынып ата-аналарымен онлайн семинар өткізілді
28-09-2020 13:30
1-сынып ата-аналарымен онлайн семинар өткізілді
Мектепке алғаш келген балалар көптеген қиындықтар мен қобалжуларға тап болуы мүмкін. Ата-аналардың баланың қарым-қатынас пен жас ерекшеліктерін жете білуі көптеген мәселені шешуде көмегін тигізері анық. Осы мақсатта мектеп психологы Назигуль Тусуповна 1-сынып ата-аналарымен онлайн семинар ұйымдастырып, баланың күнін дұрыс ұйымдастыру бойынша кеңес берді.
"Қауіпсіздік техникасы және жарақаттануды алдын-алу" тақырыбында семинар
28-09-2020 13:04
24 қыркүйек күні гимназиямызда "Бірыңғай жарақаттануды алдын-алу" күніне орай "Қауіпсіздік техникасы және жарақаттануды алдын-алу" тақырыбында семинар өткізілді. Техникалық инспектор Атик Б. В. жиналған техперсоналды еңбек қауіпсіздігінің талаптарын сақтануға және жарақаттануды алдын-алуға шақырды. Әсіресе карантин кезінде бұл шаралардың маңыздылығы түсіндірілді. Соңында қауіпсіздік техникасымен таныстырылып, журналда белгі қойды.
Палацск университетінің доктарантура студентімен онлайн кездесу өтті
28-09-2020 13:00
Палацск университетінің доктарантура студентімен онлайн кездесу өтті
"Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" деп ұлы Абай ойшылымыз айтқандай, жастарымыз үшін мамандық таңдау, өмірде өз жолын айқындап, белгілі бір белеске жету мәселесі өте өзекті. 23 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушыларымен экология бағытында Чехияның Оломоуц қаласында Палацск университетінің доктарантура студенті жас ғалым Рахманов Дауренмен онлайн кездесу өтті.
Қамқоршылық кеңесінің кезекті кездесуі
18-09-2020 16:27
Қамқоршылық кеңесінің кезекті кездесуі
17 қыркүйек гимназияның қамқоршылық кеңесінің кезекті кездесуі ұйымдастырылды. Гимназия директоры А. Дюсембаев кеңес мүшелерін кезекші сыныптағы білім беруді ұйымдастыру, санитарлық нормалардың орындалуы, қашықтықтан оқытуда қолданылатын білім ресурстарымен жұмыс барысымен толық таныстырды.
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
18-09-2020 11:51
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
17 қыркүйек күні "Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?" атты жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында: оқыту платформасында жұмыс жасау; "Онлайн-мектеп" ресурсын қолдану; оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау; балаларға берілетін тапсырмалар көлемі сияқты мәселелер бойынша нақты ақпарат түсіндіріліп, сауалдарға жауап берілді.
1-қыркүйек Білім күні
01-09-2020 15:19
1-қыркүйек Білім күні
Бүгін 1-қыркүйек Білім күніне орай 1 сынып оқушыларына салтанатты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Барлық санитарлық талаптарды сақталды: дене қызуын өлшеу, қолды өңдеу, антисептикалық кілемшелер мен дәліздер қолдану, кабинетті кварцтау. Балалар 2 топқа бөлініп, салтанатты шараға қатысты.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
31-08-2020 16:45
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Білім күніне арналған салтанатты жиын онлайн форматта Microsoft Teams платформасы арқылы ұйымдастырылады. Басталуы: 1 қыркүйек, сағат 10.00.
Облыстық "ҮЗДІК ПЕДАГОГ 2020" байқауының жеңімпазы
31-08-2020 16:07
Облыстық
Гимназияның тарих және география пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна "ҮЗДІК ПЕДАГОГ 2020" байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. Әріптесімізді құттықтай отырып, республикалың кезеңінде сәттілік тілейміз!
""Olympic Summer School" жазғы мектебінің диплом иегері
31-08-2020 15:30
"Дарын" реапубликалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жазғы мектебіне математика-жаратылыстану пәндері бойынша қатысып, жоғары білім көрсеткені үшін 7а сынып оқушысы Асанбай Жадыра дипломмен марапатталды.
Ата-аналар назарына❗
31-08-2020 15:15
Ата-аналар назарына❗
Ата-аналар назарына❗ Жаңа оқу жылын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы