“Тәуелсіздік-тұғырым” атты тәрбие сағаттары
Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік-тұғырым” атты тәрбие сағаттары онлайн ұйымдастырылды.
“Мен зорлық-зомбылықсыз әлемді қалаймын” семинар-тренинг
“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық науқан аясында мектеп ұжымымен “Мен зорлық-зомбылықсыз әлемді қалаймын” семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинар барысында отбасындағы әйелге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі, оның қазіргі кездегі статистикасы мен себептері, алдын-алу кезіндегі кедергілер, көп жылдар бойы қалыптасқан ұстанымдардың әсері талқыланды.
5 сынып оқушыларына арналған психолого-педагогикалық консилиум
2023 жылдың 4 желтоқсан күні гимназияда 5а, 5ә, 5б сынып оқушыларына арналған психолого-педагогикалық консилиум болып өтті. Консилиумға әкімшілік мүшелері, сынып жетекшілері және пән мұғалімдері қатысты. Консилиумның мақсаты 5-сынып оқушыларының негізгі мектептегі оқуға бейімделу мәселелері,оқушылармен жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижелерін пән мұғалімдеріне ұсына отырып,оқушыларға неғұрлым қолайлы жағдайлар тудыру жолдарын қарастыру.
Гимназиямыздың қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы
Гимназиямыздың қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Гимназия директоры А.Дюсембаев білім беру ұйымының қызметі, материалдық-техникалық жабдықтау және бюджет қаражатының жұмсалуы туралы есеп берді. Сондай-ақ кеңес мүшелері ҚР президенті, облыс әкімі шыршасына қатысатын оқушыларды анықтап, құжаттарды сараптады.
Жоғары сынып оқушыларының өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту жолдары
“Жоғары сынып оқушыларының өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту жолдары” тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі Қ. М. Ибрайкина оқушылардың жеке дара қабілеттеріне тоқтала отырып, жоғары нәтижеге жетуде жеке пәндерді оқудағы тәуелсіз әрекет ету маңыздылығын айтып өтті.
Сондай-ақ оқу ісінің орынбасары С.С.Джамалбаева тесттің нәтижесі бойынша әр пәнге жеке тоқталып, жүйелі түрде өзіндік дайындық жасаудың маңыздылығын ашып айтты.
Спандияр Көбейұлының 145 жылдығы
Ұлт ұстазы, жазушы Спандияр Көбейұлының 145 жылдығына орай 5б-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Ұстаз-ұлағат иесі” атты шара өтті. Оқушылар С.Көбеевтың өмірбаянымен таныстырып, өлең-мысалдарын мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ “Қайырымды бала”, “Түскі ас пен кешкі ас” мысалдары сахналанып, тәрбиелік мағынасы ашылды.
Облыстық лингвистикалық олимпиадасының жүлдегері
2023 жылғы 28 қараша күні Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша гимназияның 9-сынып оқушысы Сабиганова Аружан ІI орынға және 11-сынып оқушысы Амангелді Нұрәділ ІІІ орынға ие болды. Жетекшілері Мадина Канапьяновна және Салтанат Еркиновна. Құттықтаймыз!
Облыстық ғылыми жобалар конкурсындағы жеңіс
2023 жылғы 28 қарашада Ә.Марғулан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Гимназия командасы 18 жобамен 26 оқушы қатысты.
«Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі
Облыстық «Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі аясында өткен “RekGo” медиажобалар байқауында 8-сынып оқушысы Айткенова Алуа ІІ-орын, ал 9-сынып оқушысы Еркенбекқызы Фатима сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
“Әдебиетке балалықты әкелген” атты қалалық квест ойыны
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Ақсу қаласының Абай атындағы мектеп ұйымдастырған “Әдебиетке балалықты әкелген” атты квест ойынына гимназияның 6 сынып оқушылары қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Құқықтық сауаттылығымызды арттырайық" атты ізгілік сабағы
“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” науқанына орай "Құқықтық сауаттылығымызды арттырайық" атты ізгілік сабағы 6"Ә"сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз құқықтарын білуге және сақтауға баулу. Сабақ барысында балалар лайықты өмір сүруге, медициналық көмекке, дұрыс тамақтану, тегін білім алу құқығына, ойнау, демалу, мәдениет, ақпарат алу, зорлық-зомбылықтан қорғалу құқықтары туралы ақпарат алды
"Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" науқаны аясында тренинг өткізілді
"Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" науқаны аясында 5-8 сынып оқушыларымен тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтердің мақсаты зорлық-зомбылықтың, буллингтің алдын алу, стресске төзімділікті арттыру. Балалармен көңіл-күйді көтеруге арналған "Көңілді сәлемдесу" жаттығуы, ұжымның ынтымағын, ауызбіршілікті арттыруға арналған "Пирамида" жаттығуы жасалып, сонымен қатар балаларға әртүрлі жағдаяттар айтылып, әртүрлі шешу жолдары ұсынылды.