Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
5 сынып оқушыларына арналған психолого-педагогикалық консилиум
12-12-2023 17:46
5 сынып оқушыларына арналған психолого-педагогикалық консилиум

2023 жылдың 4 желтоқсан күні гимназияда 5а, 5ә, 5б сынып оқушыларына арналған психолого-педагогикалық консилиум болып өтті. Консилиумға әкімшілік мүшелері, сынып жетекшілері және пән мұғалімдері қатысты. Консилиумның мақсаты 5-сынып оқушыларының негізгі мектептегі оқуға бейімделу мәселелері,оқушылармен жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижелерін пән мұғалімдеріне ұсына отырып,оқушыларға неғұрлым қолайлы жағдайлар тудыру жолдарын қарастыру. Ұсынылған мәліметтер: сынып ұжымына сипаттама,оқушылардың үлгерімдері, сабақтан тыс қызығушылықтары, жеткен жетістіктері, оқу мотивациясы, мектептегі өмірге қанағаттану сезімдері т.с.с. Пән мұғалімдеріне оқушының мотивациясын қалай арттыруға болады, сонымен қатар 5 сынып оқушысымен жұмыс барысында ескеретін жағдайлар бойынша кеңестер айтылды. Консилиумды ұйымдастырған: гимназия психологы Шаймарданова Н.Т. Сынып жетекшілері: Абылгазина Э.Т., Есенгожина А.Е. және Жаһав Баян.