"Ұлы Дала мұрасы" атты мектеп мұражайының ашылуы
19 наурыз күні "Ұлы Дала мұрасы" атты мектеп мұражайының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашу рәсіміне Ардагер ұстазымыз, Ақсу қаласының құрметті азаматы Сламбекова Рымкеш Хамитқызы, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Оразалин Айдос Ырсымбекұлы, ата-аналар кеңесі мүшелері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
«Қамалы бекем, халқы қайсар - Отырар» көрмесі
Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар қорғанысының 800 жылдығына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар - Отырар» көрмесі ашылды. Біздің гимназияның 8-сынып оқушылары осы көрмеге барып келді. Оқушылар көне ғасыр мәдениетімен жете танысып, археологиялық жәдігерлерді өз көзімен көру мүмкіндігіне ие болды. Отырардан Павлодарға жеткен көрмеде тарихи мекеннің кешегісінен сыр шертетін құнды жәдігерлер бар.
Облыстық мамандандырылған мектеп ата-аналары арасындағы волейбол турниры
2019 жылғы 16 наурыз күні гимназиямызда облыстық мамандандырылған мектеп ата-аналары арасындағы дәстүрлі волейбол турниры өтті. Тартысты ойынның нәтижесінде гимназиямыздың ата-аналар волейбол командасы І орынға, Павлодар қаласының көпсалалы лицей интернаты ІІ орынға, "Жас дарын" мамандандырылған мектебі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Киіз үй fest" шарасы
15 наурыз күні гимназиямызда облыстық "Шаңырақ" жобасы аясында ұлтымыздың мақтанышы, ата-бабамыздың тұрақ-мекені киіз үйді насихаттау мақсатында "Киіз үй fest" шарасы өтті. Осы іс-шарада қазақтың "Тұса кесу" дәстүрі өткізілді.
Жас акробаттарды жүлдемен құттықтаймыз!
Қарағанды қаласында өткізілген жастар арасындағы ХХІ спорттық акробатика облыстық сайысында 4-сынып оқушылары Ермек Жанерке және Ермек Назерке ІІ орынға және 5-сынып оқушысы Кайргали Дария ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
ХХ облыстық Абай оқуларының жүлдегерлері
2019 жылғы 15 наурыз күні Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында өткізілген ХХ облыстық Абай оқуларына қатысып, "Ұлылар әлемі" бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Жумабаева Дильнара және “Көңілім әнді ұғады” бағыты бойынша 7а сынып оқушысы Алимжанов Әлібек ІІ жүлделі орынды иеленді. Жеңіскерлерімізді құттықтаймыз! Жетекшілері қазақ тілі мұғалімі Нургалиева Дария Амантаевна мен музыка пәні мұғалімі Жилбаев Сағадат Серікұлы
2018-2019 оқу жылында 11-16 наурыз аралығында өтетін эстет пәндері апталығының жұмыс жоспары
Тақырып: «Ұлттық салт-дәстүр ерекшеліктерін жаңғырту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу».
Қала мектептерінің арасында мұғалімдер спартакиадасы
13 наурыз күні Ақсу қаласының №7 ОМ-де Кәсіподақ үйымының ұйымдастыруымен қала мектептерінің арасында мұғалімдер спартакиадасы өтті. Спартакиадаға гимназиядан волейбол, теннис, шахмат, тоғызқұмалақ және нысанаға оқ ату бойынша мұғалімдер қатысты. Нысанаға оқ атудан Шаймарданова Назигуль Тусуповна І орынға ие болып, финалға жолдама алды. Тоғызқұмалақтан Жекебай Махсатхан ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«Ұлттық салт-дәстүр ерекшеліктерін жаңғырту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу»
11.03-16.03 күндері гимназияда «Ұлттық салт-дәстүр ерекшеліктерін жаңғырту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу» атты эстетикалық бағыттағы пәндерінің ӘБ апталығы өтеді. 11 наурыз күні апталықтың ашылуы «Ұлы дала есімдері жас суретшілер көзімен» сурет көрмесімен басталды. Көрмеге 5-9 сыныптың оқушылары қатысты.
"Кең даланың символы - киіз үй" атты жобаны таныстыру мерекесіне шақырамыз
Ұлтымыздың мақтанышы, ата-бабамыздың тұрақ-мекені киіз үйді насихаттау мақсатында облыстық "Шаңырақ" жобасы іске асырылуда. Гимназиямыздың технология мұғалімдері Гүлжазира Қабдылкәрімқызы мен Ануарбек Құмарұлының бастамасымен киіз үй жасау ісі қолға алынып, тамаша бір Шаңырақ бой көтеруде. 15 наурыз күні "Кең даланың символы - киіз үй" атты жобаны таныстыру мерекесіне шақырамыз.
"Бас иеміз анаға" мерекелік концерт
8 наурыз көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында гимназиямызда "Бас иеміз анаға" мерекелік концерті өтті. Мерекелік шараға ардагер ұстаздарымыз да келіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Ал өнерлі оқушыларымыз әсем әннен, мың бұрылған бишілер көркем биден шуақ шашып, құдіретті күйге бөледі. Ал сері жігіттеріміз сұлу қыздарға биден флешмоб арнады.
«Менің анам - алтын» атты суреттер көрмесі
8-наурыз мерекесіне арнап бастауыш сынып оқушылары «Менің анам - алтын» атты суреттер көрмесін жасады. Оқушылар өз аналарына арнап түрлі суреттер салды.