Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Дарындыға-дархан жол 2019" шығармашылық кеш
20-05-2019 11:38
Дарындыға-дархан жол 2019
17 мамыр күні гимназияда жыл сайын дәстүрлі түрде "Дарындыға-дархан жол 2019" шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында жыл қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталды. Ал "Жыл оқушысы" атағына 8 сынып оқушысы Шакбекова Даяна ие болды. Биік жетістікке жеткен оқушылар мен командалар, шығармашылық ансамбльдер медальмен және кубоктармен марапатталды.
II республикалық BilGen ALAMAN олимпиадасы
20-05-2019 09:08
II республикалық BilGen ALAMAN олимпиадасы
Біздің оқушыларымыз 11-12-ші мамыр күндері Өскемен қаласы Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткізілген II республикалық BilGen ALAMAN олимпиадасына қатысып келді.
"Айгөлек" үлгілі би ансамбліне 10 жыл
19-05-2019 08:28
2018 жылдың 16 мамыр күні Ақсу қаласының Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайында "Айгөлек" үлгілі би ансамблінің 10 жылдық мерейтой концерті өтті. "Айгөлек" үлгілі би ансамблін және олардың жетекшісі Динара Нигматуловна Зембаеваны құттықтаймыз. Əрқашан өнердің биік шыңынан көрініңдер!
"Дарындыға-дархан жол" атты шығармашылық кешіне шақырамыз
16-05-2019 12:05
Құрметті ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер! 2019 жылдың 17 мамыр күні жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін, жылдың ең үздік жеңімпаздарын марапаттайтын "Дарындыға-дархан жол" атты шығармашылық кешімізге шақырамыз. Келіңіздер, үздіктерді бірге қошеметтейік!
"Айгөлек" үлгілі би ансамблінің мерейтойлық концерті
14-05-2019 15:04
2018 жылдың 16 мамырында Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайында "Айгөлек" үлгілі би ансамблінің мерейтойлық концерті өтеді. Келіңіздер, тамашалаңыздар!
Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық
14-05-2019 11:45
Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық
13 мамыр күні гимназияда "Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық" тақырыбында психолого-педагогикалық консилиум өтті. Мақсаты: 4-сынып оқушыларының орта буында оқуға дайындық жағдайын қарастыру, психолого-педагогикалық зерттеу нәтижесімен болашақ 5 сынып мұғалімдерін таныстыру, оқушыларға қолайлы жағдай тудыру мәселесін қарастыру.
Сынып бойынша 2018-2019 жылдық рейтингі
11-05-2019 11:26
Сынып бойынша 2018-2019 жылдық рейтингі
"Ақ Шағала" республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының жеңіпаздары
08-05-2019 13:13
Ақтөбе қаласында өткен республикалық "Ақ Шағала" хореографиялық фестиваль-байқауында гимназиямыздың "Айгөлек" үлгілі би тобы БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды. Аталмыш сайысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. "Айгөлек" би ансамблін және жетекшісі Динара Негматуловнаны құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз көбейе берсін!
ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!
02-05-2019 15:19
ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!
Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда болады. Электр құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жазайым оқиғалардын алдын алады.
Қалалық «Сап және саптық ән» байқауы өтті
01-05-2019 22:00
Қалалық «Сап және саптық ән» байқауы өтті
30 сәуір күні Ақсу қаласының №8 орта мектебінде Республикалық «Патриот» акциясы» аясында қала және ауыл мектептері оқушылары арасында жыл сайынғы «Сап және саптық ән» байқауы өтті. Бұл байқау Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына және Кеңес Одағының Каһармандары Қанаш Қамзинның және Иван Суптеляның 100-жылдығына арналған. Байқаудың қорытындысы бойынша гимназияның командасы ІІІ орынға ие болды.
"ЖАС БАТЫР" қалалық патриоттық-әскери сайысы
01-05-2019 21:57
26 сәуір күні Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткізілген қалалық "ЖАС БАТЫР" патриоттық-әскери сайысына қатысып, гимназиямыздың намысын қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленген оқушыларды құттықтаймыз. Олар: 11 сынып оқушысы Жұматаев Тамерлан,10 сынып оқушысы Каршыгаева Айгерім, 9 сынып оқушысы Мадиева Найля. Жетекшісі АӘД пәні мұғалімі Джамалбаев Мейрам Сагатович
Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарысының жүлдегері
26-04-2019 16:56
Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарысының жүлдегері
Алматы қаласында Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша гимназиямыздың 9а-сынып оқушысы Успанова Аймира ІІІ дәрежелі димпломмен марапатталды. Аймираны және оның жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Атик Бибигуль Васильевнаны құттықтаймыз!