Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Қысқы Универсиадаға арналған «Қанатыңды кең серпі!» атты шаралар туралы ақпарат
04-02-2017 07:54
Қысқы Универсиадаға арналған «Қанатыңды кең серпі!» атты шаралар туралы ақпарат

Гимназияда 28  қысқы универсиадаға арналған сынып сағаттары, сайыстар және  жаппай шаңғы жарысы өтті. 1-4 сыныптарда   «Қанатыңды кең серпі» ақпараттық стенді безендіріліп, оқушыларға таныстыру өткізілді. 1,2 сынып оқушылары универсиаданың өтілу орындары, белгілері, спорт түрлерімен таныса отырып, түрлі сұрақтарға жауап берді және әр оқушыға таныстыру буклеті  таратылды. 3-4 сыныптарда «Универсиада 2017» атты сынып сағаттары өтті. Оқушыларға спортшылар қалашығы туралы, универсиада тарихы туралы шағын бейнефильм көрсетіліп,  спорт түрлері мен суреттерді сәйкестендіру, универсиада тұмары туралы әңгімелеу сияқты тапсырмалар орындалды. 6-8 сынып оқушылары жаппай шаңғы жарысына қатысу арқылы өздерінің универсиада спортшыларына қолдауларын білдірді. Жалпы осы күні «Балауса» орталығы мүшелері  оқушыларға  радиоторап арқылы универсиаданың өтілуі, спортшылар, спорт түрлері және тарихы туралы  ақпараттар беріп, Қазақстандық спортшыларға жанкүйер болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.