Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
“Primary Colours 3” оқулығы арқылы шет тілін оқыту тәжірибесінен
16-10-2014 10:38

 «Мектеп бітіріп шыққан бала бүкіл әлемге,

                                               өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен                           ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе,

міне, білімнің көздейтін түпкі мақсаты осы.

Мектеп осы бағытта баланың келешекте

жетілуіне мықты негіз салуы керек»

(Ж. Аймауытов)

                                                                                                                                                         

  

       Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді.                                  

   Білім­нің бастауы - бастауышта, шет тілін оқытуды бас­тауыш мектептен бастау керектігін көптеген елдердің тәжірибесінде сүйене отырып бастаған еді. Сол мектептердің бірі- Павлодар облысы, Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы  «1 сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту» бағдарламасы бойынша эксперимент өткізуде. Биыл эксперименттің үшінші жылы.  Сыныптар екі топқа бөлініп, аптасына екі сағаттан оқытылады. Оқу-әдістемелік топтамасы ретінде Кембридж баспасының Қазақстан мектептеріне бейімделген “Primary Colours ” оқулығы алынған. Авторлары Диана Хикс және Эндрю Литлджон.   Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Сондай білімді, үш тілді жетік меңгерген ұрпақ тәрбиелейміз десек білім беру жүйесіне сіз бен біз болып қатты назар аударуымыз қажет. Әсіресе оқулықтарымыз түзелмей білім сапасы да жөнделмейді. Ағылшын тілі оқулықтарына келетін болсақ бірінші, екінші сыныптардың кітаптары өте қызықты құрастырылған. Бірінші сыныпта оқушылар әуе шарымен саяхат жасаса, екінші сыныптар шытырман оқиғалы көлікпен теңіз асты әлеміне де, орманға да, тауға да, аспанға да, қалаға да саяхаттап, әр түрлі шытырман оқиғаларға тап болып отырады. Сол тақырыптарға байланысты жаңа сөздерді меңгеріп, 5-6 сөйлемнен құралған ойларын айта алады. Бұл оқулықтар қазіргі заман оқушыларының ой түсінігіне, сана –сезіміне, қызығушылығына сәйкес құрастырылған. Үшінші сынып оқулығы да өте қызықты құрастырылған. Бұл оқулықта оқушылар қуат күшін арқаларына салып алып әлемді шарлайды. Олардың досы Компо болады. Оқушылар осы Компоға әр түрлі сұрақтар қойып, сол сұрақтардың жауабын саяхатқа шығып іздейді. Олар өткен кезеңдерге саяхат жасап динозаврлар туралы көптеген мәліметтер ала алады. Осы лексикалық тақырыпқа сай грамматикалық тақырып-өткен шақ алынған.  Үшінші сынып оқушылары өз тілінде өткен шақты әлі меңгерген жоқ. Мен үшінші сыныпқа дейінгі қазақ тілі кітаптарын қарап шықтым. Бұл тақырыпты түсіндіру үшін бірінші қазақ тілінде “шақ” туралы түсінік беріп, олардың түрлерін нақтылап  алған соң ғана ағылшын тіліне көшесің. Ағылшын тілінде өткен шақты түсіндіру үшін бірінші дұрыс етістік пен бұрыс етістіктің не екендігін түсіндіру қажет. Сонымен қатар бұрыс етістіктің формасын жаттатқызу қажет. Жұмыс дәптеріндегі берілген тапсырмалар өте қызықты болғанымен  мына үшінші сынып оқушыларына өте ауыр.

   Оқулықтың ішіндегі мәліметтерден алатын жаңа ақпараттар өте көп және қызықты. Мысалы динозаврлар туралы және әр түрлі Қазақстандық жануарларға сипаттама беру, ақшаның, есеп шоттың қалай пайда болғандығы жайлы деректер қызықты болғанымен үшінші сыныптың деңгейіне өте қиын. Олар мәтінді мұғалімнің көмегімен түсінді, жаңа сөздерді жаттады. Сол тақырыптарда сөйлесті, диалог құрастырды. Бірақ та бұл сөздерді біз кейін қайтып қолданған жоқпыз. Себебі жаңа күрделі тақырыптарды өттік. Әрине оқушы алдындағы сөздердің барлығын ұмытып қалды. Сондықтан да ағылшын тілі мүлдем жат болып келетін біздің оқушыларымызға бұндай тақырыптар өте ауыр. Неге оқушыларға таныс қарапайым ертегілерді алмасқа. Ағылшын тілі күрделенген сайын оқушылардың қызығушылығы төмендейді, тіпті сабаққа да келгісі келмейді. Әр түрлі тиімді тәсілдерді қолданып, сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге тырысамыз. Дегенмен оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін күнделікті қолданбағандықтан ұмытып қалады.
    Мен көбінесе бастауыштарға тілдік лексикаларды есте сақтау үшін ән айтқызу әдісін қолданамын.Бұл әдіс баланы сергітеді, бойына күш береді, көңілін көтереді.  Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құралып, оны әуенімен қоса айтқанда оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушынының тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек.

Сонымен қоса әннің әуені де құлаққа жағымды, оқушылардың айтуына қызықты, көңілді болу керек. Үшінші сыныптың оқулығындағы кейбір әндерді оқушылар айтқысы келмейді. Біріншіден қиын, екіншіден қызықсыз.

   Сонымен қатар ағылшын тілінде бастауыш сыныптармен тіл үйрету барысында ойын әдісін көбірек қолдануға тырысамын.  Ойын элементтерін тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.

  Ағылшын сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. Рөлдік ойындарды мен көбінесе мәтінді өткен кезде қолданамын. Мысалы “Тамақ” тақырыбын өткенде оқушылармен “Дүкенде” ойынын ойнаймыз. Сатушы мен сатып алушы арасында диалог қолданамыз. 3-сыныпқа арналған оқулықтың оқушыларды қызықтырғаны “Food-Тамақ” тақырыбы болды. Австралиялықтар мен Қазақстандықтар қандай тамақ жейтіндігін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Вен диаграммасы арқылы оқушылар көрсетті. Оқушылар шаршап, жалығып кетпеуі үшін сергіту сәтін міндетті түрде қолдану керекпіз. Сергіту сәтінде мен көбінесе музыкалық жаттығулар немесе “Саймон Сейс”, доп лақтырып “Cұрақ жауап” ойнын т.б ойнатамын.

     Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

  Сабақты түрлендіріп өткізу үшін  оқушыларға сөзжұмбақ, ребус шешу, құрастыру сияқты деңгейлік тапсырмалар беру әдістерін қолданамын. Оқыған мәтіндерін  қалай және қаншалықты деңгейде түсінгендігін білу үшін сурет салу, сызбалар арқылы жеткізу сияқты шығармашылық әдістерін қолданамын. Сонымен қоса оқушы белсенділігін арттырады. Бұл тапсырмалар оқушыларға орындауға қиындық келтірмейді және қызықты болып келеді. Сонымен қатар мәтінге байланысты сөйлемдер құрастырып, сол сөйлемнің   шындық немесе жалған екендігін оқушылар белгілейді.

 Оқушыларды ағылшынша сөйлету үшін өткен тақырып бойынша жұптық жұмыс, топтық жұмыс және рөлдік ойындарды ойнаймыз. Егер 4 кейіпкер болса, сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа бір рөльді беремін. Топпен олар сол кейіпкер бойынша дайындалады. Және тірек сөздерін де алдын ала беріп қоямын. Бірақ бұл көп уақытты алады.

  Оқушылар ағылшын тілі сабағында ғана ағылшынша сөйлейді. Тілді басқа жерде мүлдем қолданбайды. Сондықтан да 2,3-сынып оқушыларына “Ағылшын тілі әлеміне саяхат” атты үйірме енгізіп отырмыз. Бұл үйірме аптасына екі сағат жұмыс жасайды. Үйірменің жұмыстарын қорытындылау үшін әр тоқсан аяқталған сайын сыныптар арасында интеллектуалды ойындар ойнатқызып, әр түрлі ертегілер, көріністер қоямыз. Осы жұмыстардың арқасында оқушылар өткен тақырыптарда еркін сөйлей алады (Теңіз асты әлемі, яғни теңізде өмір сүретін жануарлар мен заттар туралы, ну орманда өмір сүретін жабайы жануарлар туралы, үй жануарлары жайлы, қаладағы қимыл қозғалыстар, аспан әлемі туралы, ауа райын сипаттау, сынып заттары, тамақ, жанұя мүшелері, өзі жайлы әңгімелеп бере алады.) 7-10 сөйлем көлемінде құбылыстарлы, заттарды сипаттайды.

     Өзімнің жұмыс тәжірбиемде бүлдіршіндердің шет тілін өте тез қабылдайтынына және есте сақтау қабілеттерінің де жоғары болатындығына көзім жетті. Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл «құпияларын» байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы  айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды. Баланың мектепалды (4-6 жас) және бастауыш сыныптар кезіндегі оқығанын қабылдауы, естігенін ойына тоқуы динамикалық түрде қызмет жасайды. Осы кезде қабылданған білім-білік, икем-дағды өсе келе ұмытылмай, керісінше даму үстінде болады.
    Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.  Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты,  тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.
     Көптеген шетелдік ғалымдардың пікіріне сүйенсек «ерте жастан шет тілін үйренген бала өз ана тілін өте жоғары деңгейде білетін» көрінеді.  Негізінен орыс тілі мен қазақ тілінде бірдей деңгейде сөйлейтіндер ағылышын тілін әлдеқайда тез меңгеретініне студент кезімде көзім жеткен еді.

Төменгі сынып оқушыларына шет  тілін меңгертуде әр баланың психологиясына ауыртпалық түсірмейтіндей  әр түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білсең ғана сапалы білім бере алатынымыз хақ.

 

                                                  Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі                              Уажанова Ботакөз Болатқызы.

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

1.     Методические аспекты определения содержания английского языка в начальной школе. Методическое пособие. Астана 2013

2.      “Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары.” Ғаламтор желісі

3.     “Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі

4.      Садуақасова Зайраш Амангелдіқызы. “Ағылшын тілін  бастауыш сыныпта  оқыту”