Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Озықты таңдаған озады
21-04-2016 13:14
Озықты таңдаған озады

Қазақстан мектептерінде 5 күндік оқыту стандарттары енгізіледі деген білім министрінің шешімі жайында жұртшылықтың бүгінгі күнгі әр түрлі пікір - ойлары «бауыр еті баласына» қалай әсер ететініне алаңдауынан туындап отырғаны анық. Оқу бағдарламаларының қазіргі жағдайы бәрімізге мәлім: пәндер саны жыл сайын артуда, оқу жүктемесі көлемді, ол білімдерін ОЖСБ және ҰБТ-да көрсетуі қажет, сол себептен білім алудан бас көтермей жатқан балалалары 5 күндік оқыту жүйесіндегі ауыртпалықты көтере ала ма? -деген сұрақ мазалайды.  Министрліктің пайымдауынша жаңа стандарттар баланың оқуға тиісті бағдарламасын ауырлатпайды, кіріктірілген пәндердің арқасында керісінше пәндер саны кемуі де мүмкін - деген болжам да бар.

Қашанда уақыттан мойын оздырып, заман жаңалығының өте бір өнегелі, таңдаулы, жан ұйытар жайларын жаршылық ету болмысымызға тән болғандықтан ба, назар аударсақ, білім беру жүйесі алдыңғы қатардағы Финляндия, Норвегия мемлекеттері, сондай-ақ АҚШ пен Италияда осы жүйеде оқытады екен, демек бұл мемлекеттер жүйесінен үйренуге тұрарлық тұстары баршылық.

Ал бізді қуантатыны - оқушылардың қосымша бір күн болса да ата-аналарымен болатыны, өйткені адамның негізі отбасында қаланып, рухани тірегі де сол. Жас жеткіншектің келешегін  оның жанұясынның материалдық тұрмысы емес, қабілеті, талабы, ерік - күші айқындатуы керек. Осы орайда менің ойыма «Өзіне сенімі жоқ адам өзгелердің уысынан шыға алмайды» деген қанатты сөз оралады. Баланың  бойына өзіне деген сенімділік, жауапкершілік сезімдерін үйде ата-анасы сіңіруі қерек. Ал болашағын ойлаған ата-ана міндетті түрде перзентінің бос уақытын, оның шығармашылығы мен қабілеттерін дамытуға жұмсайды. Ал балаларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі жүргізілуі тиіс. Ал еліміздегі түрлі қосымша білім ұйымдары осы бағытта тиімді жұмыс жасай алады деген сенімдеміз.

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназия ұжымы