Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Гимназияда «Ғасыр данасы» атты онкүндігі өтуде
07-04-2016 11:13
Гимназияда «Ғасыр данасы» атты онкүндігі өтуде

4-14 сәуір аралығында гимназияда  Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 117 жыл толуына арналған «Ғасыр данасы» атты онкүндік өтуде. Осы онкүндік шеңберінде ғылым және шығармашылық күні, конференция, интеллектуалды сайыс, кіші пән олимпиадасы, 1-сынып оқушыларын гимназистер қатарына қабылдау, әдеби кеш шаралары жоспарланып, өтуде. 6 сәуір күні 3-тілде "Әлем таныған ерен тұлға" атты танымдық кеш өтті. Кеш атақты ғалым, Тұңғыш қазақ академигі, әрі жерлесіміз Қ.И Сәтбаевтың ғылым мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесін, ғылыми еңбектерін көпшілікке таныстырып, ғылым, өнерге баулу мақсатын көздеді. Кеш барысында оқушылар Қаныш ағамыздың өнерді мақтаушы ғана емес, оны насихаттаушы да бола білгенін тілге тиек етіп, домбырада бірнеше күйлер орындап, сүйікті әндерін жырлады. Сондай-ақ ғалым ағамыздың 1947 жылы Англия Премьер- министрі У.Черчильмен болған кездесуінен қойылым көрсетті. Өзінің халқын өзінен биік қоя білген Қаныш ағамыздың асыл қасиеттері мен еліне деген сүйіспеншілігін көрсете білген оқушыларымыздың өнеріне «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан келген қонақтар да қатысып, дән риза болды.