Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
МИФ апталығының қорытындысы. 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ
02-02-2016 07:24
МИФ апталығының қорытындысы. 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ

2016 жылдың 25-30 қаңтар аралығында математика, информатика, физика апталығы өтті. Аптаның алғашқы күні апталықтың жоспары көпшілік назарына ұсынылды. 26.01.16  Давлятчина С.В. 7«а» сыныбында, алгебра пәнінен «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа технологиямен, халықтық педагогика қатар көрінді. Семантикалық карта толтыру арқылы, математика королінің есімін табу және шығармашылық тапсырмаға берілген есептер оқушылардың қызығушылығын шыңдады. 26.01.16 6«ә» сыныбында информатикадан «Нөмірленген және таңбаланған тізімдер» тақырыбына ашық сабақ өтті, пән мұғалімі Атик Б.В. Сабақ Блум таксономиясы негізінде, түрлі әдіс-тәсілдерді және  «лото» ойынын қолдану, оқушылардың жүйелі жұмыс істеуіне септігін тигізді. Орта буынға бейімдеу, оқушыларды жоғары сынып мұғалімдерімен таныстыру,  білімдерін,  алғырлықтарын, жан-жақтылықтарын байқау (буын сабақтастығы) мақсатында, 27.01.16 Абылгазина Э.Т. ұйымдастыруымен, 4«а» және 4«ә» сыныптар арасында «Инфобілгіштер» сайысы өтті. Оған 2 топ қатысты: «Дарындылар» /4«а» сыныбы/ және «Pronet» /4«ә» сыныбы/. Сайыс барысындағы полиглот, бағдарламалау, пікірталас бөлімдері оқушылардың үлкен қызығушылығын көрсетті, нәтижесінде  «Pronet» тобы /132 ұпай/ жеңіске жетті, олар өздерінің ұйымшыл, тапқыр екендігін көрсете білді. 28.01.16  10 сыныпта алгебрадан «Туынды» тақырыбына ашық сабақ өтті, пән мұғалімі Алькеева З.Б. Сабақ барысында оқушылар өздері жинақтаған,туынды туралы мәліметтермен таныстырып, туынды формулаларын бекітті. Барлық тапсырмалар сандық ресурстан және ҰБТ байқау тапсырмалары жинағынан алынған. Түрлі әдіс-тәсілдерді   қолдану, оқушылардың ауызша және жазбаша жүйелі жұмыс істеуіне септігін тигізді. 28.01.16  7«а» сыныбында, Кабылбекова А.С.-ның физика пәнінен «Қысым» тақырыбына ашық сабағы өтті. Сабақтың негізгі мақсаты, физика пәнін ағылшынша меңгеруі.  Үш топқа бөлінген оқушылар ағылшынша терминдер сәйкестігін тауып, I топ-теориялық материалды жүйелесе, II және III топтар экперимент жасап, олардың нәтижесін ағылшынша есептеп, қорытындылады. Әр түрлі заттан жасалған дененің қажетті өлшемдерін анықтау, олардың түсіретін қысым мөлшерін есептеу, оқушылардың қызығушылығын көрсетті.         Муканова Б.К. ұйымдастырып, 6«а» және 6«ә» сыныптар арасында өткен «Ең ақылды» ойынына 6 оқушы қатысты. Қызықты сұрақтар мен логикалық тапсырмалар «Бәйге», «Жеті жұмбақ», «Дода», «Жорға» бөлімдеріне топтастырылды. Математикалық білімдерін тереңдету, зейінін арттыру, жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында өткен бұл сайыста     6«а» сынып оқушысы Смагулова Диляра /100 ұпай/ жеңіске жетіп, марапатталды.         29.01.16-да  5, 6«а» және 6«ә» сыныптар арасында «Өз ойыным» зияткерлік шоу өтті. Жумагельдинова Ш.М. жетекшілігімен өткен бұл ойынға әр сыныптан 2 оқушыдан, барлығы 6 оқушы қатысты. Төрт турдан тұратын ойынның әр тапсырмасы оқушының зеректігін, жан-жақтылығын, шапшаңдығын байқатып отырды. Қызықты да тартымды өткен сайыстан оқушылар көп жаңа мәліметтер алды. Ойын қорытындысы бойынша          6«а» сынып Мақсатұлы Аңсат /270 ұпай/  ерекше басымдылықпен озық шығып, марапатталды.  МИФ апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.

                                                   МИФ ӘБ жетекшісі:   Жумагельдинова Ш.М