Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» Х республикалық олимпиадасының жеңімпазы
28-03-2016 05:41
«Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» Х республикалық олимпиадасының жеңімпазы

Қазақ тілін үйренуге талпынатын басқа ұлт оқушыларының қызығушылығын арттыру, оларды қолдау және әрі қарай дамыту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ҚР Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында  елордамыз Астана қаласында 25-26 наурыз аралығында «НұрОрда» мектеп-лицейінің базасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы»    атты республикалық олимпиадасын өткізді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Он-лайн режимінде өткізілген олимпиаданың І кезеңінде ең көп ұпай жинаған оқушылар екінші кезеңге жолдама алды. Екінші қорытынды кезеңге 72 оқушы қатысып, оның ішінде 5-7 сыныптар аралығында 40 оқушы болды. Оқушылар Ұлттық тестілеу орталығының мемлекеттік тілді дамыту басқармасының мамандарының дайындаған 150 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларына жауап жазды.

1 дәрежелі дипломды 2 оқушы иеленді. Соның бірі біздің гимназияның 5-сынып оқушысы Фелькер Аделя болды. Сонымен қатар Аделяның ұстазы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Есенгожина Акмарал Еркеновна алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!