Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы
01-03-2016 12:43
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы

2016 жылдың 22-27 ақпан аралығында гимназияда бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Аптаның бірінші күні бастауыш сынып оқушылары апта жоспарымен таныстырылды. 23 ақпан күні 2-3 сыныптар арасында «Математикалық теңізге саяхат» атты инттелектуалдық сайыс өтті.

24 ақпан күні дәстүрлі «Балабақшамен сабақтастық» атты қалалық семинары өтті. Семинар барысында 1- сыныптарда ана тілі, математика, өзін-өзі тану пәндері бойынша ашық сабақтар, қаланың барлық бала бақшаларының тәрбиешілері мен әдіскерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, семинар «Ертегілер елінде» атты мерекелік концертпен аяқталды.

Ойлау қабілеттері мен білімге қызығушылығын арттыру мақсатында 25 ақпан күні 2, 3, 4-сыныптар арасында қазақ тілі мен математика пәндері бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.

26 ақпан күні Абай атамыздың шығармаларын насихаттау, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту мақсатында 1-4 сыныптар арасында мектепішілік «Абай» оқулары өтті. Сондай-ақ апта барысында оқушылардың дарындылық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Мен жас ақынмын» атты өлеңдер сайысы, «Менің жақсы көретін өсімдігім» атты презентациялар сайысы, «Қош келдің, Наурыз!» атты кітапша жасау сайысы, «Математикалық ребустар», «Тапқыр достар» сайысы өткізілді.

Оқушылар барлық іс-шараларға қызығушылық танытып, белсенділікпен қатысты. 29 ақпан күні аптаның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бастауыш сынып мұғалімі  К.Т.Ахметжанова