Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жас зерттеушілер додасы
19-12-2015 06:36
Жас зерттеушілер  додасы

Жас ұрпақтың  тек бүгіні мен ертеңін ғана ойлап қоймай, өткен тарихты білуі қазақи рухтың биік болып, ұлттық идеяның қалыптасуына ықпал етері сөзсіз. Елбасы айтқандай: Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы». «Мәңгілік ел ұлттық идеясы»  құндылықтарының бірі – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы болып табылады.Сондықтан болашақ ұрпақ санасына тарихымызды сіңіре отырып, ұлтжанды  тұлға етіп тәрбие беру қашан да маңыздылығын жоғалтқан емес.Осы  бағытта өткен маңызды шаралардың бірі  облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатында педагогикалық институт  ғалымдарымен бірлесе өткізілген «Тарихқа тағзым, Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты облыстық ғылыми-практикалық  конференциясы. Бұл  конференцияның мақсаты өскелең ұрпақты  Отандық тарихқа, қазақ хандығының зерттелуінің кешегісі мен бүгінін саралап, көзқарасын  қалыптастыруға, танымын кеңейтуге бағытталды. 3 секцияға бөлінген оқушылар қатысушыларға өздерінің зерттеу жұмыстарын таныстыра отырып, ғалымдар мен қатысушылардың Ертіс өңіріндегі археологиялық зерттеулер, өлкетану  мәселесі бойынша біршама танымдық, әрі ғылыми зерттеулерімен танысты. Үш бағыттағы секция жұмысының қорытындысы бойынша 11 сынып оқушысы Манат Розагүл І орынды, Жандарбек Жақан мен Мукышев Жансаят ІІ орынды, ал Ержинбаева Мадина ІІІ орынды иеленіп,  білім басқармасы атынан дипломдармен марапатталды. Әрине оқушылардың мұндай бағытта зерттеу жұмысын жазып, еліміздің ертеңі мен бүгініне ден қоюы, тарихын зерделеуі тарих пәні мұғалімі Альдекенова  Анар Толыбаевнаның жетекшілігімен жүзеге асып, жоғары  нәтижеге жетті.