Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Гимназия Кодтау сағатына қосылды
16-12-2015 03:12
Гимназия Кодтау сағатына қосылды

Информатикадан Білім алу аптасы аясында желтоқсанның 7-cі мен 13 арасында біздің гимназиямыз Қазақстандағы аса ірі оқиғасына – Кодтау Сағатына қосылды.Бұл сабақ әр оқушыға өзінің бірінші кодын жазуға, бағдарламалау туралы және технологияның біздің қоғамдағы бүгінгі рөлін талқылауларына мүмкіндік туғызды.

Кодтау сағатын өткізу мақсаты: оқушыларды XXI ғасырдың негізгі дағдысы - бағдарламалауға қызықтыратын түрде ынталандыру; стереотиптерді бұзып, бағдарламалауды жасына және ақыл жаратылысына байланыссыз әрбір адам үйрене алатынын көрсету; оқушыларды бағдарламалаушы жұмысымен таныстырып, болашақ мамандығы ретінде таңдауы мүмкіндігін көрсету болып табылды.

Кодтау сағатын Code.org атты бағдарламалауды көпшілікке таратуды мақсат еткен мемлекеттік коммерциялық емес ұйым өткізді. Қазақстанда Кодтау Сағатын Love to Code бағдарламалау мектебі ҚР Білім жəне Ғылым МинистірлігіИнвестициялар мен Даму Министірлігі жəне “Талап” қоғамдық қоры қолдауымен өткізілді.

Апта бойы оқушылар онлайн-жаттықтырушының бірінде қызықты тапсырмаларды орындап, өзін программа құрастырушы ретінде сезініп, бүгінгі ең озық технологияны жасауына ынталанды, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен программалау ісін кез-келген адам меңгере алатынына көз жеткізді. Шара соңында әр оқушы 2015 Кодинг сағатына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.