Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Шоқтығы биік өнерпаздар
11-12-2015 11:29
Шоқтығы биік өнерпаздар

Тәуелсіздік күні қарсаңында әрқайсысымыз бір жылғы еңбегіміз бен жеткен жетістіктерімізді саралап, өткенге көз жүгіртетін әдетіміз. Осындай ауыз толтырып, мақтанышпен айтатын жетістік деп, Ақсу қаласы гимназиясының «Айгөлек» бишілерінің жеңісін айтуға болады. Бірнеше жылдар қатарынан облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген кішкентай бүлдіршіндеріміз, 5-қарашада  Павлодар қаласында өткен Республикалық «Би бала»  байқауында  Гран-Приді ұтып алып, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеді. Әрине бұл шығармашыл, әрі еңбекқор жетекші Зембаева Динара Негматулловнаның тынымсыз  еңбегінің  жемісі. Тәуелсіз еліміздің ұландары «Айгөлек» бишілеріне сәттілік тілей отырып,  өнердің биік шыңынан көріне беріңдер демекпіз.

Директордың орынбасары: Гүлбану Бакирбекова