Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
1 қыркүйек – Білім күні
03-09-2015 06:41
1 қыркүйек – Білім күні

Бірінші қыркүйек – Білім күні! Бұл күн оқушылар мен ата-аналардың, өз мектебін сүйетін және ұмытпаған барлық адамдардың  дәстүрлі мерекесі.

1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттаған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн! Сонымен қатар Тәуелсіз еліміздің Ата-заңы - ҚР Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелерін де ұлан байтақ еліміз ыстық ықыласпен, асқан ұйымшылдықпен  атап өтуде. Бұл күні барлық сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында  Бірыңғай білім сабағы өткізілді. Әсіресе 1-сыныпқа келген оқушыларға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атынан алған сыйлықтары көп қуаныш сыйлады. Кітаптың ішінен ҚР Президенті, елі, жері, рәміздері туралы көп қызықты ақпараттармен танысты. 5-7 сыныптарда «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік сабақтары, 8-11 сыныптарда «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбына бейбітшілік және келісім сабақтары өткізілді. Ата-аналарға гимназия, оқушылар жетістіктері, ҚР рәміздері туралы шағын фильмдер көрсетілді. Білім күніоқушылар бойында қазақстандық патриотизмді дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау мақсатын толық іске асырды.